Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бәрінде де ақсақал, атқамінер молда, сопының аузында: «Мешіт, мешіт».

Кейбір жағымталсыған кәрілер: «Қарадан хан тудың!» деп, «Қырғында қылау салмай шықтың!» деп, «Қоңыраулы бұйра нардай болдың?» деп, көпе-көрінеу қошемет, жорғалық та істейді. Құнанбай аттанып кеткенге шейін мұндай ауылдар «құрақ ұшып», қалбақ қағып күтеді.

Жол бойындағы осы бірталай ауылдардың атқамінер адамдары Қарқаралыда дәл қыс ішінде Құнанбай алдында болып, дау-шарын бітіріп қайтқан екен. Ақы төлеуін, айып-анжысын алып, есебін айырып, егескен жерлерінен Құнанбай арқылы өш алғандары да бар екен.

Шұбартау, Абралы ішінде төрт-бес жерде осындай ауылдар Құнанбайды аттандырар кезде, оңашарақ шығарып-ап, жүрістен бөгеп, жасырын сөйлеп те қалады. Және сондай ауылдың барлығынан жетек аттар, ту биелер қосылып қалады.

Осындай олжадан түскен екі қара жорға, бір қызыл ат, тағы үш торы ат, қазірде Қарабас сияқты атшылардың жетегіне ілесіп жүретін болды. Абай бұл жетектерге таң қалса да, алғашқы күндер көңіл бөліп, мәні-жөнін ескерген жоқ.

Бірақ ілгері жүріп, Тобықтыға қарай басқан сайын осы жетек молая берді.

Әрберден соң қосарына жетек ат алмаған жүргінші бірен-саран-ақ боп қалды.

Тобықты шетіне ілінер кезде осы жылқылардың саны он беске жетіп, енді жетек емес, топталып, жеке айдалып отыратын болды...

Мұның бәрі аға сұлтан сапарының: «олжа мен сыйдан қоюланып келе жатқанына» айғақ еді. Құнанбай аулында дәл осы күнде құмалақ салған кісі болса, жүргіншілердің: «Бүйірі тоқ, қанжығасы берік, қос-қосардан олжасы бар!» дер еді. Жорыққа аттандырған барымташыға түсетін құмалақ бұларға да түсер еді. Қоналқа жерде бөгелгені болмаса түстікке аялдамай, күндіз баласында үнемі суыт жүріп отырған топ Қарқаралыдан шыққанына жетінші күн дегенде Шыңғыс тауының батыс жақ тұмсығына кеп ілінді.

Осы жетінші күні Құнанбайлар Төлепберді мен Қамысбай, Бурахан -үшеуін қуып жетті. Абай олардың неге бұрын кеткенін білген жоқ-ты.

Алдағы бір сар жотадан қалың жылқы айдап бара жатқан топты көргенде, Майбасар:

– Әне, анау сол біздің жігіттер болар! -деген.

Айтқандай сол жаңағы үш жігіт Құнанбайдың мал айдатқан адамдары екен.

Олардың алдында жүз қаралы жылқы бар.

Өңшең бір төңкерілген доға жал ту бие мен ылғи іріңдей, ірікті аттар екен.

Қарабас айдап келе жатқан он бес ат та осыған қосылды.

Құнанбай жылқы ортасына кеп, айдаушылармен сараң амандасты да, азын-аулақ бөгеліп, тұрып қалған еді.

Абай қатты бір күдік ойлап, Қарабастың қасына келіп сұрастыра бастады.

– Бұл не қылған жылқы? Кімнің жылқысы өзі?

– Е, олжа, әкеңнің олжасы емес пе?

– Олжа не? Кімнен алынған?

– Өй, тәйір, баламысың?.. Әкеңнің қол астына қараған халық аз ба?

Қарқаралыда күні-түні басып жатқан қара нөпір ел кәне... Сондағы еңбек үшін ақы алмай ма? Текке істей ме? - деді.

Абай бұдан әрі сұраған жоқ. Бірақ барлық өзгеше жайды ұғынып, өз-өзінен қысылды да қып-қызыл боп кетті. Дәл қасында жүргенмен, мынау әкенің, мынау барлық үлкеннің қиын сырын сезбеген екен.

Шөже есіне түсті... «Ортасын дарияның қарға шоқыр...» деп еді. Шөже Құнанбайдан алыс, шалғай жүргенмен, бар сырды біледі. Білгендіктен соны айтқан екен ғой.

«Не деген ұят?» деп, Абай көңлі, әсіресе, Шөжеден ұялғандай болды.

Жүргіншілер тағы да соқтырып жүріп кетті. Абай желіп келеді. Бүгін бұлар Қарашоқыдағы Күнкенің ауылына да жетпек. Туған-туысқан баршасын осы кеште көреді. Бірақ көптен асықтырған сағыныштың өзі де Абайдың жаңағы ауыр сезімін айықтыра алмады.

Ойлап, бойлай берген сайын тағы талай құнсыз істер тапты. Алшынбай аулына жіберілген елу қара да осы шоғырдың бір бөлегі. Қалыңмал... Абайға әперетін келіннің қалыңмалы да бұлдырдан...

«Иегі ителгінің тамағындай» деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий