Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екі-үш күннен бері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Және қыстың соңғы салқын тынысы сияқтанып бір суық жел білінуші еді.

– Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық болатын әдеті ғой! - деп, Қарабас қыстыгүні қар болатынын айтқандай, мерзім айтты.

– Неге? Сәуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? Жылда бүйтед деймісің?

– Жылда сүйтеді. Сәуірді, осы, жұлдызша не дейді?

– Апрель дейді.

– Ендеше, сол апрелің осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп, бұрынғылар текке айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды дегені, - деп, Қарабас Абайға ай-айдың мәнін айта бастады.

Бұл жөнінде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен.

Сәуір - бұл айдың арапша аты. Қазақша - мамыр. Одан соң маусым... Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды.

Бірақ сәуір турасындағы жаңағы сөзді алғаш есіткені осы еді. Жазға салымның ең жайсыз кезін әнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді.

– Осьі «отамалы» немене? Не деген сөз өзі? - деп, Абай соны сұрады.

– Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі сонда. Отамалы деп атанғаны бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау!

Көкектің суығы басталған уақытта, әлгі, қойды жайылысқа шығармайық, боран болады. Қойдың қыстан титықтап шыққан кезі, малыңнан айрыласың десе, байы бір діні қатты кәпір екен. Сен тоғышарлық қып алдап отырсың деп, Отамалыны сабап-сабап қойды жайылысқа шығартады. Сол күні, құдай көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қой ығып кетіп қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы бақыр да үсіп өліпті.

Көкектің суығы - «отамалы» атанғаны содан дейді. Әжең бақыр, соны біледі ғой, - деді Қарабас.

Осыдан соң: «Айдың тоғамы» деген не? «Өлі араның» не мәні бар? «Қыр куйек» неден қойылған? Абай осыларды да сұрастырып, көп қызық әңгімелер есітті. Аздан соң есепшілер жайын, есепшінің тәжірибесін де сұрастырып:

– Күн қайырып, есеп айтуға өзің қалайсың? - деді, жаңағының бәрін біліп, бәрін жақсы әңгіме еткен Қарабас есепшіден аман емес шығар деп ойлап еді Абай.

Қарабас күліп:

– «Күнәң аз болса, күн есепте!» дейді екен осы күнде молла, қожа. Бірақ қолдан келсе, есепші болған жақсы-ақ қой. Мен құнт қылмай, құр қалып жүрмін. Болмаса, есепшілердің айтқаны аумай келетін жылдар болады, - деді.

Бірқатар жол жүріп кеп, екі салт атты Қодар қорасының тұсына жетті.

Абай, Қодар мен Қамқаның басына бұрылып құран оқып, үндемей, томсарған күйінде ілгері тартты.

Анада көрген қатал суық суреттер көз алдына, дәл бүгін таңертең көргендей боп қайта елестеп еді. Өзінің сол күні аққан ыстық жасы, хасірет жасы да есіне түсті.

Ауылға кеп түскенде Абайдың түсі үлкен кісінің түсіндей боп томсарған, салқын еді.

Құлыншақ аулы әлі қыстауда екен. Күн жылынған кезде тамнан шығып, қыстау жанына кигіз үй тігіп отыратын әдет болушы еді. Қарашоқыдағы Құнанбай аулы сүйткенмен Құлыншақ олай етпепті.

Өзін бала көргенмен, Құнанбай жібергенін ескеріп, Құлыншақ Абайды үлкен кісідей қарсы алды. Қонақтар отырып, амандасып болған соң:

– Уай, қатын, қазан көтер мына қонаққа! - деп бұйрық етті. Құлшыншақтың «бес қасқа» деп атанған, бес мықты ұлы болатын. Олардан қазір Манас қана үйде отыр. Бұл «қасқа» десе дегендей, еңгезердей екен. Жалпақ маңдайлы, нұр жүзді, балуан тұлғалы жас жігіт Құлыншақтың немересі еді. Үндемей отырып, домбырасын тыңқылдатып тартады да, қонақтарға салқын қарап қояды.

Үйде әзір тұрған шай бар екен. Манастың келіншегі дастарқан жайып, шай жасай бастады. Жүзі жұқалау келген, самай шашы жып-жылтыр, қырлы мұрын, қара торы келіншек аса бір таза, шапшаң көрінді. Бар қозғалысында әдемі сыпайылықпен қатар, ширақ сергектік бар. Отырған үйіне жылылық, жарастық бергендей келісті әйел.

Соның кірген-шыққан қимылына қарай отырып, Абай:

– Құлыншақ аға! - деп, сөз бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий