Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құлыншақ Абайға қарай түсіп, үлкен сар шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып, бір кезде көк бұйра насыбайын екі танауына құшырлана тартып қойды.

– Әкем сізге сәлем айтып еді...

– Сәлемет болсын...

– Айтқаны, мына жердегі Бетқұдық жайы. Бұрын Борсаққа тиісті қоныс екен. Ақперді Борсақ қыстауын алған соң, қонысы мен өрісін тегіс алдым дейді ғой. Соған былтыр күздігүні қыстауға кірер алдында сіздің ауыл қоныпты.

Бірталай отырыпты. Қазір жаз шыға: «Қорасының жаны болған соң, тағы қонып жүре ме? Мен ірге тигізбей, күздігүні пішенін шауып алайын деп ем, осыны Құлыншақ маған қиса екен! Қонбаса екен!» деп, әкеме өтініш айтыпты.

– Е-е, Ақперді оны айтсын, ал, әкең не дейді?

– Әкем Ақпердінің осы сөзі орайлы ғой. Құлыншақ қонбаса жақсы болар деп, осы сәлеммен жіберді, - деді.

Қысылған да іркілген де жоқ. Баппенен, үлкен кісідей айтып шықты.

Құлыншақ үндемей, басын изеңкіреп отырып мырс ете берді де:

– Шай іш! Кәне, жақындаңдар! - деп шайға қарай қозғалды. Абай да шай іше бастап, Құлыншақтың жауабын күтіп отыр.

Құлыншақ бірер шыны шай ішкенше үндемей, сазара түсіп, бір уақытта Абайға оқыс бұрылды да;

– Уай, балам, әкең осы Бетқұдықтың мәні-жөнін ұғынып, түбін тексерді ме екен? Борсақ отырған кезде мен кезек қоныс етуші ем ғой. Көгі болса бұрын да орылушы еді. Қақ бөлісуші ек қой. Осыны білді ме? - деді.

– Оны білген көрінеді. Бірақ тегінде, меншік бар да, келісім бар ғой, ақсақал. Даусыз иесі Борсақ еді. Соның меншігі еді. Құлыншақ иелік жөнімен емес, келісім ретімен үлес алып келген еді. Келіссе, Ақпердімен де соны істер.

Тек, меншік Ақпердінікі екенін ойласын деді.

– Е-е, ат иесі Ақперді десеңші! Ендеше, алдына ат иесі мінет те, артына бізді тілесе мінгізіп, тілемесе мінгізбес. Қыстауыңның іргесінде, желі асындай жерде тұрса да, Бетқұдықтан бетті жу десеңші! - деп, Құлыншақ наразы боп, томсарып қалды.

Абай Құлыншақтың ренжіген жайын ұғады. Өз басы ренжітейін деп те ойлаған емес. Басында әке сәлемімен келсе де, мұңын арты үп-үлкен шаруа жайы екенін онша бағалаған жоқ-ты. Енді мынандай үлкен, нағыз адамның амалсыз ренішіне қарай, өзі айтқан жайдың ауырлығын ұқты.

– Менің әкелгенім осы бір сәлем. Арғысын өзіңіз біліңіз.

– Қайтпек керек? Ақперді! Ақперді! Ақпердіге құдай бақ берді, - деп, Құлыншақ ащы бір мысқылмен күліп қойды.

Абай Құлыншақтың сабырлы сықағына қызығып, күліп жіберді. Тартысам деп келген емес. Және әке қарызынан құтылды. Сондайды шапшаң болжап шыққан Абай жаңағы Құлыншақ қалжыңын іле жөнеліп:

– Бақ берген емей немене. Борсақтан қалған аз жерді менікі деп тап берді деңіз! - деді.

Абайдың бұл мінезіне үйдің іші тегіс күлді. Шай құйып отырған Манастың келіншегі, әсіресе, ырза болды білем, қып-қызыл боп, қатты күліп жіберіп, Абайға жалт етіп қарап, тамсанып қойды.

Құлыншақ шалқая беріп, Абайға:

– Е, балам-ай, мынау лебізің қалай жақсы еді. Тек осыныңды Ақперді есіткей етті! - деп, ырза боп қалды.

Осыдан Құлыншақ Бетқұдық әңгімесін былай қойып:

– Шырағым, осы анада Бөжейге берген жас бала қалай екен? Айғыз бишара жылап қалды деп еді, ол қалай? - деп, Абайдың үй ішін, Зере жайын, Ұлжан күйін сұрастыра бастады. Кәмшат туралы Абай ешнәрсе айтқан жоқ. Құлыншақ қайта оралып:

– Айыпқа мал бермеді деп, Бөжей жағы қомсынады білем. Сол кішкене қарындасыңның күтімі де келісті емес деп есіттім-ау. Айғыз бақыр соны сезіп қайғырады ғой, - деп, қайдағы бір көңілсіз, шетін жайларды қозғай бастады.

Абай бұл арада ол әңгіменің ешқайсысына сыр беріп ішін ашпақ емес.

Құлыншақ жетектеген сөздерге басқан жоқ.

Азырақ үндемей отырып, өзінше бір жөн тауып:

– Ақсақал, осы сіздің балаларыңыздың «бес қасқа» атанатын себебі не?

Соның мәнін ұқтырыңызшы? - деді.

Құлыншақ мына баланың жаңағы сөздерге ілеспегенін түсінді де, ішінен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий