Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Бірақ жаңағы іске әкеңнің қатысы бар ғой! Оны білуші ме едің? - Қарабас, Асылбектер әлі күліп отыр. Олар Сүйіндіктің қашқалақтағаны мен сыпайылық сақтағанына және Абайдың жансыз әңгімені қадала сұрағанына күледі.

– Әкемнің қатысы барын білемін.

– Ендеше, әкең аты араласқан сөзді ең әуелі әкеңнің өзінен ұғынғаның мақұл!

– Бәрекелді! Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл! Бірақ... сол билік тұсы, сіз бен менің әкем екі араңыздың суысқан тұсы болды, дейді. Ол рас қой?

– Рас!

– Ендеше, сізбен қалай араздасқанын мен өз әкемнен ғана біліп қойсам, мына Әділбек пен Асылбек ағам сізден ғана ұғынып қойса не болады? Анық шынға жете алмай, сыңар жақ кетеміз ғой. Бірден, адасамыз. Екіншіден, бала мен бала, мына біздер, сырттан қырбай, сырттан шалғай кетісеміз ғой. Сіз маған, менің әкем бұл кісілерге айтып отырса таразының басы тең баспас па еді?

Сүйіндік те, үй іші де Абайдың мына дәлелдерін дұрыс көрді. Қарабас сүйсініп кетіп:

– Дұрыс-ау осынысы баланың? - деп, Сүйіндіктің әңгімесін айтқызуға бейімдеді.

– Балам-ай, алды-артымды орап алдың-ау осы сен, ә? - деп, Сүйіндік ақырын күле түсіп, екі ойлы боп қалды да Асылбекке қарап:

– Ей, менің балаларым, мына бала қонағың тартымды жатыр-ау өзі, ойлаймысыңдар? - деп, жақсы жадырап, шын бейілденді. Тоғжан шай ішіліп болса да, дастарқанды жиғызбай, күлімсірей түседі. Жиі қарап, Абай көзімен кездескенде, көптен бергі сыйлас танысына жасайтын ілтипат білдіреді.

Абай әңгімені алғаш өзі ойлаған жаққа бұрды.

– Сол менің әкеммен қырбай боп қалған жеріңізді өзіңіз ұғындырыңыз, Сүйіндік аға!

– Өтінсең, айтайын! Біле жүр! Сенің әкең Мамай ішінде Жамантаймен көңілдес боп жүріп, өкіл күйеу болғанда екі жүз қой кит киген.

– Өкіл күйеуі қалай!

– Өкіл күйеуі шын күйеу емес, тамыр есепті нәрсе.

– Онда «тамыр» деп неге аталмайды?

– Тамырлық құрбылас кісінің арасында болады. Ал жасы үлкен кісімен жас жігіт тамырласам десе, кейде осылайша өкіл күйеу боп аталады.

– Иә, сонымен?..

– Бертінде сол Жамантайдың баласы Көжекбай өзінің Құлжабай деген кедей ағайынымен жерге таласты. Мырза: «Соған билік айт, жер бөлігін айырып бер» деп, мені апарды. Мен екі жағының сөздерін ұғынып, өз көңілімше әділдігін топшыладым да, «Бөлік былай болсын» деп жүріп отырдым.

Сенің әкең өзі де басы-қасында. Арт жағымда Көжекбайлармен бірге келе жатыр. Мен бөлікті өз көңіліме сыйған әділетпен бөлмекпін. Байқаймын, жүрісім Көжекбайға жақпайды. Тыжырынып, жарыла жаздап келеді. Аздан соң мырзаға сыбырлап, жалпылдап айта бастады. Әкең сенің Көжекбайды құп көрді білем, арт жағымнан саңқ етіп дауыстап: «Уай, алапес! Сен қалай жүріп барасың?» дегені. Мен екі жағына тең би емеспін бе? Ыза боп кетіп: «Уай, тәңір, қойдың бөлігін бөліп келе жатқаным жоқ, құдайдың бөлігін бөлемін» дедім, -деп тоқтап қалды.

– Я, сонан соң не болды? - деп, Абай ар жағын тағы айтқызбақ еді.

– Арғысын қайтесің сол, шырағым? Кетті ғой әйтеуір, қым-қуыт, шым-шуыт боп! -деп, Сүйіндік қолын бір-ақ сілтеді де, айтпай қойды.

Абай қып-қызыл боп кетіп, шұғыл ойланып отырып қалды. Шамға қарап қадалып қалған көздерінде сол шам отындай үлкен қызғылт, алыс от маздап тұрғандай.

Тоғжан қонақтың мына пішініне енді жай ғана емес, тамашалап, қызығып қарады.

Сүйіндік үйінде Абайдың үндемей қалғанына ішінен күліп отырған да кісі бар. Ол Сүйіндіктің кіші баласы - Әділбек. Асылбектей емес, ол ожар, тоң мінезді болатын. Енді Абайдың аңырып, дағдарып қалған пішініне қарап өз ішінен:

«Ал, тілегенің сол болса, қарық бол!» - деп, жымиып отыр.

Бірақ Абай қатты ойланып қалғанмен жасыған жоқ. Аздан соң және өзі бастап екінші бір әңгімені сұрады. Онысы Сүйіндіктің тағы бір сөзі.

Өскембайға ас берген тұста айтқан сөзі еді. Сүйіндік оны да айтпақ болды.

– Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, қалың елді жиды ғой. Тобықтының одан үлкен асы болған жоқ. Естіген шығарсың?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий