Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Байыпты бала-ау өзі. Салмақ бар ғой. Сыр ашпайын деп отырғанын қарашы. Бұған да үйреткен екен...» - деп ойлады. Алғашқы сөздерін тастап:

– «Қасқа дегені - батыр деп айтқаны» деп болмайды ғой мыналар түге.

Жөнін мынаның өзінен сұрасаңшы, - деп Манасты нұсқап қойып: - Батыр боп кімді мұқатып жүргенін кім білсін. Әйтеуір қолтыққа дым бүрку ғой. Болмаса, анау бір кезде Бөкенші, Борсақ «Қарашоқыны бермеймін, өлісем» деп келгенде, әкеңнің жалғыз ауыз сәлемін есітіп, осы бес баламды ертіп барған мен едім.

Сонда иесі кетіп жатқан иен жерден тым құрыса бір құдық тиер деп ем. Тигені мынау ма? Қасқаның тұмсығы тасқа тигені осы да! - деп алғашқы сөздеріне тағы бір оралып соқты.

– Бүлінген елден бүлдіргі алма дегені қайсы? Бөтен болса бір сәрі. Бөгде емес, Бөкеншіні қуып алған кімге құт болады дейсіз? Өкініп қайтесіз? - деп, Абай аса бір байсалды мәслихат айтты.

Манас пен келіншегі осыны жақсы ұғып ұнатса да, Құлыншақ көнген жоқ

Ол осыдан соңғы әңгімелерде Құнанбайға өкпелі болған кісінің қабағын білдірді.

Абай ар жағынан байқап кеп, Құлыншақтың ойы: «Бөкенші, Борсақтан жер олжа қылмадым» деген арман екенін білді. Соны ұғынумен қатар, жерден басқаны, жемнен басқаны тыңдағысы келмеген Құлыншаққа ішінен наразы боп аттанды.

Абай әкесіне Құлыншақтың көнгенін айтса да, өкпесін айтқан жоқ. Істеп келген ісін қысқа ғана баян етіп еді.

Бөлек жерде Құнанбай Қарабастан да сұрастырған. Абайдың айтқан сөздерін түгел есітті. Қарабас Абайдың бүгінгі мінездеріне ырза екен.

– Балаңыз сөзге ысылып қалыпты. Тіпті бір үлкен кісідей орамды жатыр.

Құлыншақ екен-ау, ұтылады екем-ау - демеді. Қалай болса да тең сөйлеседі! -деп, мақтай бастап еді.

Құнанбай «Жетті, доғар» дегендей ишарат қылды да, Қарабасты тоқтатып тастады. Осының ертеңінде Құнанбай Абайды және жұмсады. Қасына тағы сол Қарабасты қосып, енді Сүйіндікке жіберді.

Сүйіндік аулына Абайлар ел орынға отыра келді. Өз қыстауынан айрылып, қарауылдың бас жағын - Түйеөркеш деген жерді қыстаған Сүйіндік аулы қазір тамда емес, киіз үйде екен. Мал, жан көп, бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғанмен, әлі жаңа қыстау сала алмай, ескілеу тар қораға сыя алмай, күннің көзі жылынысымен киіз үйге шығыпты.

Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен, іші тола тірелген жүк, буулы тең менен сандықтар. Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет, алаша, тұскиізбен қоршалыпты.

Саптама мен тиін ішікті әлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес.

Биылғы көктемде алғашқы рет киіз үйге қонғалы отырғаны осы. Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар. Көктемдегі киіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын.

Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы - Әділбек, Асылбекпен - бәрі де қонақтармен бірге болды. Бұл үйге әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы - Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді.

Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері - баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты.

Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай татылған қас, жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.

Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді... Абай көпке шейін Тоғжан жүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қалады.

Қыздың көп кіріп шығысы қонақтардың қамы екен. Аз уақытта дастарқан жайғызып, күтуші әйелге шай құйғызып, өзі әкесінің төменгі жағына отырып, шыныларды әперіп, үй ішіне қызмет көрсете бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий