Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Естіп ем. Соған сіз де бардыңыз ба?

– Әкеңмен ол кезде қырбай едім! Бармадым. Бірақ Айдос, Жігітектен, тіпті анау Мамай Жуантаяқтан да ел қалған жоқ. Жұрттың бәрі көшіп, сонау Көкшетауға барып, ұлы дүбір мереке жасады ғой. Сонда Бөжей мен Майбасар келіспей қапты. Майбасар старшын. Жуантаяқтың бір ұрылары Наймандағы Бөжейдің нағашыларына барып, көп жылқысын әкеп, қырып тастапты. Соның қуғыншысы келіп, Бөжейге: «Есемді әпер!» дейді ғой. Бөжей Майбасарға асылады. «Ақылдастыр, малын әпер!» - дейді. Соған Майбасар: «Сандалып, не айтып жүрсің?» деп, ренжітіп тастайды. Бөжей өкпесінің басы осы еді ғой.

«Ажарым өтпейтін болса, шашпауыңды несіне көтердім?» деп өкпелеп қалады.

Сүйтеді де, ас тарқамай көшіп кетеді. Бұған еріп Жігітек, Байшора, Жуантаяқтан да кеткендер болды. Осы орайда мен үйде жатып, бір-екі ауыз сөз айтып ем, қадағалап отырғаның со ғой.

– Не айтып едіңіз сонда?

– Білмексің ғой, оны да айтайын:

Өзге егіз болғанда, құдай жеке,

Алдыңда ата-анаң ол бір Меке,

Қырық үйліні қырық пышақ қылып едің,

Өз асың да бұзылды-ау, Өскенеке? –

деп ем. Жұрт дегеннің ұмытпай жүргені со-дағы! - деді.

Абайға бұл әңгімеден әрі тағы бір әңгіме жатқаны ап-анық көрінді.

– Мынаның ар жағы да бар ғой. Онысын айтсаңыз қайтеді?

– Ар жағың қайсы, балам-ау?

– «Қырық үйліні қырық пышақ қылдың» дедіңіз ғой! Ол би атамның ісі ме, жоқ басқаның ісі ме еді?

– Абайжан-ай, қайдағыны айтқыздың-ау! Айыпты Өскенекеңнің өзі емес.

Тағы сенің өз әкең еді. Енді сен маған осыны айтқызып-айтқызып, ертең әкеңмен екеумізді тағы араз қыласың-ау, сығыр! - деп, Сүйіндік күліп қойды.

– Жок, Сүйіндік аға, білейік деп сұрадым. Сіздің үстіңізден шағым жиям деп сұрамаймын ғой!

– Рас айтасың, балам! Ендеше «қырық үйлі» деген анау Көкен тауының баурындағы Уақ болады. Сол ел ішінара араздыққа басып жүргенде Құнекең араласып, Қонай деген батырды сүйейді. Егес күшейіп келген кезде, Қонайға ақыл салып, жау жағын шапқызып жібереді. Қапыда қалған ел қарсыласа алмай, көл жағасындағы қалың қамысқа қашып кіреді екен. Құнекең қамысты өртетіп жібереді. Сонда өрттен қорқып, қашып шыққан елді қуғызып жүріп сабатып, Қонайға жеңгізіп берген еді. Осыны айтып ем! - деп, әңгімесін бітірді.

Абай осыдан соң өзге әңгіме сұраған жоқ.

Аздан кейін ет пісіп, жұрт асқа отырды. Абай мен Қарабасты үй іші бөгде қонаққа санаған жоқ. Сол себепті күндегі дағды бойынша дастарқан айналасына Сүйіндіктің барлық балалары да, бәйбішесі де отырған-ды.

Әкесінің төменгі жағынан шешесімен екі ортадан отырған Тоғжан Абайға қазір бұрынғыдан да жақындай түсті. Абай бағанадан бері Тоғжанға бет алдынан қараса, қазір көбінесе қырынан көріп отыр.

Орташа келген қырлы мұрыны енді анық көрінді. Қырынан қарағанда біртүрлі сүйкімді екен. Жұмсақ жұмыр иегінің астында жұқа ғана бір толқындай боп, нәзік бұғағы білінеді. Жылтырап таралған шашы қап-қара қалың өріммен, ерекше аппақ, нәзік мойнына қарай құлап түсіпті. Үлкен де, кіші де емес, әшекей сырғасы діріл қағып, дамыл алмай сілкіне түсіп тұр.

Әлденеден, белгісіз себептен Тоғжан пішіні қызара түсіп, қайта сұрланады.

Толқып қайтып тұрған ұяңдық па, басқа ма? Әйтеуір өзінше, өзгеше тыныс алып, лүпіл қағып тұрған бір сезім бар.

Қонақасыға әрқашан аса мырза аталған Сүйіндік үйі бүгін де етті келістіріп асқан екен. Қарабастың өткір сары пышағы қыстан қалған семіз жаяны да, алтындай сары уілдірікті де лып-лып сызып, жапырақтап жатыр. Жалғыз сүр емес, сары ала қып асқан екен. Қыс бойы бордаққа байлаған, жаңада сойылған қойдың жас сүбелері де бар екен. Бапты қып жемек болған семіз қойды жай сойғызбай, үйіткізіп алыпты. Жас ет, үйіткен қойдың еті болғанда, мына табаққа тағы да өзгеше дәм бітіріп, нәр берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий