Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ ас осындай бапты боп, үй іші тегіс ерекше көңілденіп жеуге кіріссе де, Абай жөнді жемеді. Тоғжан да білезікке толы аппақ жұмыр білегін табаққа қарай сирек созады. Сүйіндік пен Асылбек Абайды қайта-қайта:

– Же, шырағым.

– Жесеңші, Абай! Алмадың ғой! - деп, әлденеше қозғап көріп еді, Абай жей алған жоқ.

Ет артынан Сүйіндіктің көптен сауғызып отырған қысырларының сары қымызы да келді. Оны да жақсы әңгімелесіп, ұзақ отырып ішісті.

Бұл кештің соңғы кезінде Абай алғашқыдай емес, тартынып қалғандай, баяу еді.

Үй иелері: «Жас қонақтың ұйқысы келді» деп, соған жорыған. Ақыры, төсек салынатын боп барлық еркектер тысқа шықты. Абай көңілі бұл кеште өзгеше бір күшті сезімнің әсеріне толы.

Бұрын «ғашық жар» көп оқыған хиқаяларда, көп-көп естілген ауызша әңгімелерде болса, бүгін Абайға ең алғаш рет кітап емес, әңгіме емес, өзінің анық, аппақ мүсінімен, күлкісі, қозғалысы, тынысымен: «Сол мен едім», «мен мұндамын» деп келгендей.

Сүйіндік әңгімелерінің артынан, әуел кезде көңіліндегі тұнып жүрген бір ауыр сезім ренжіткендей, бірер төңкеріліп түсті де, қайта шегіп қалды. Ол емес, тысқа шығып өз-өзімен қалғанда, жұлдызды аспанға аса бір рақат қуанышпен қарап тұрып, кең тыныс алды.

Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады. Биік те алысқа тартып барады. Жүректі де реніштен, лайдан құтқарып, сондайлық биікке, қазіргі бұлтсыз ас пандай алысқа, тазалық рақатқа шақырып, жыраққа мегзейді. Түйеөркештен Шыңғыстың жақын биіктері жартылап қана көрінеді екен. Қарақошқыл таулар ай астында көкшіл мұнараға оранып, жым-жырт қалғып тұр. Тау жақтан ақырын ғана жел желпінеді. Қалың қой қыбыр етпей тыныштық алып, үнсіз ғана тына алады. Асылбек, Әділбектер жатуға кетті. Көгал сайда отырған бес-алты үйлі ақ ауылдың түндігі тегіс жабық. Ай астында ақ үйлер де мызғып, қалғып тұр. Сүйіндік пен Қарабас аттардың маңында жүр. Абай мынадай көктем түнінен соншалық бір тазалық сезіп, таң лебін танығандай. Бұның жүрегі әдейі арналған таң лебін ерекше ұғынып сезінгендей.

«Махаббат па? Осы ма? Осы болса, мынау дүние мынау маужыраған тынысты нәзік түн... бесігі ғой. Сол сұлу саздың құлақ күйі ғой».

Сүттей жарық, айлы түн. Таң әлі жоқ. Бірақ жоқ екенін білсе де, Абай әлдеқандай өзгеше «таңды» сезеді. Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар, - жүрек таңы. Кеуде толған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім. Соның шалқи түсіп шарықтауы көп. Лыпыл қаққан қанаттай тоқтаусыз құбылып, тыныштық ала алмай лепіреді.

«Нені айтады? Не деп түсінеді? Не сипатты бұл сезім? Не боп барам? Тағат, сабырым қайда?» Бойына тоңазығандай бір діріл пайда болды. Себепсіз дірілдейді. Жүрегі де тулап кеп, өз-өзінен қысылып, шаншып кеткендей.

«Таң... жүрек таңы... Сол таңым сенсің бе? Жарығымбысың, кімсің?» Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр білегі, жас баланың етіндей, ақ торғындай мойыны!.. Таң осы да... өзі ғой!

...Ақ етің аппақ екен атқан таңдай!

Шынымен бар жайымен құлай табынған сұлуға қарап, бар сезіммен үнсіз жырлап тұрған тәрізді. Тоғжанға арналған, ең алғашқы «ғашығым» деген жарына арналған жай жырының тұнғыш жолы осы еді.

Ойша екі-үш ауыз махаббат сәлем айтып шықты. Біртүрлі оңай, рахат боп, өз-өзінен құйылып тұрған тәрізді. Бірақ сол кезде Қарабас үйге қарай шақырды.

Екеуі тыста жалғыз қапты. Абай үйге таман келе жатып, жаңағы өлеңін қайта есіне түсірейін деп еді, «Ақ етің аппақ екен атқан таңдай!» дегеннен басқасы есіне әзір қайта түспеді.

Қарабас пен Абай үйге кіргенде Сүйіндік пен бәйбішесі биік төсекке жатып қалған екен. Сарғыш шегірен шымылдық үлкендердің жататын орнын қоршап тұр. Кең үйдің төріне екі қонаққа арналып төсек салынып жатыр. Одан басқа өзге кісі жататын жай сезілмейді.

Тоғжанның өз үйі басқа ғой. Ол Сүйіндіктің кіші әйелі Қантжанның қызы екен. Жаңа үйге кірерде Қарабас айтқан. Тоғжан, әрине, өз үйіне кеткен болу керек. Үйге кірген жерде Абайдың ойлағаны осы. Үйткені төсек салып жүрген -бағанағы шай құйған сары келіншек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий