Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ділдә!.. Мұның жары! Не боп барады!.. Көңілдегі қандайлық күнәсіз дүние кірленіп, жүдеп, нәрсіз боп барады... «Жар! деген ат та соншалық жазықсыз қалпынан, хасиетті орнынан осындай боп қор болады екен!» деп ойлады. Абай өзі үшін де, Ділдә үшін де наразы боп кетті, наразы ғана емес, ашулы еді.

Парақорлық - кітап айтатын күнәнің үлкені... Парақорлық бұрынғы Кеңгірбай сияқты атақты бидің де сүйегіне басылған таңба еді. Өшпес міні, кешпес сұмдығы сол болатын. Ол, әсіресе, қысылған жандардан, жазықсыз жұрттан түсетін жем.

Көпшілікке айтқызсаң, Барлас, Шөжелерге айтқызсаң - ол ең бір кешірілмейтін күнә... Абырой, атақ әперіп отырған «құдай үйінің» өзі де көптен-көп осындай малдан салынбады ма екен?..

Парадан жиылып та мешіт боп қалқиып тұрады екен. «Арамнан салындым» деп қаусап қалмайды. Оның ішінде де құдай аты аталып, пайғамбар атынан «құтпа», «уағыз» сөйленеді. Сәлделі имам көзін сүзіп, «тәбәрәкті» созып, «Бұқар мақамын күңірентеді екен. Жақсы көрдім деген баланың, жақсы тілеумен айттырдым деген келіннің ақ тілеуі, ақ күмбезі де жем-парадан үзік жамылып, жем-парадан шымылдық тігіледі екен».

Осы күні кешке Қарашоқыға жеткенмен Абай әке қасында, Күнкенің аулында қалған жоқ. Қасына Жұмағұлды ертіп ап, Жидебайға қарай асыға жөнеліп, жол бойы ылғи шауып, жортып отырды.

Терезе түбінен қатты жүрген аттылар етіп, ауыл иті шабаланып үріп қоя берген уақытта үйдегі шешелер ояу еді. Кешкі астарын ішкен де жоқ екен.

Бойы ұзарып, ірілеп қалған, беті тотыққан бала жігіт сәлем беріп кіріп келді. Байсалды бір үлкен жолаушыдай боп, қалың киім киген. Салмақпен басады. Осындай тұтқиылдан Абай кеп кіргенде Жидебайдағы үлкен үйдің іші қатты қуанып, шу етіп:

– Абай!..

– Абайжан!..

– Қарағым!..

– Қоңыр қозым!.. Абайжан! - деп дабырлай сөйлеп, ерекше шат боп қарсы алды.

Үй іші тегіс аман-сау!.. Әжесі мен шешесі күйлі!.. Екеуі Абайды кезек-кезек сүйіп жатыр. Оспан да ұйықтамапты. Айғайлап қуанып кетіп, секіріп-секіріп түсті. Өзін-өзі санға шапалақтап, ойнақтап жүр.

– Әпкел, базарлығыңды әкел!.. Тәттің кәні?.. Берсеңші шапшаң? - деп Абайды шешелерімен де, Ғабитхан, Тәкежандармен де амандастырмай асықтырып жатыр. Қойнын тінтіп, қалталарына қол жүгіртіп, қайта-қайта:

– Әпкел!.. Бол енді! - деп дегбірсізденіп қояды. Осыдан үш-төрт күн өткенге шейін Абай үйде болды.

Ешқайда қыдырған жоқ. Әсіресе, әке қасына барған жоқ. «Қарашоқыда қалың жиын бар екен. Күнкенің аулын қонақ басып жатыр екен. Мырзаға сәлем бере, амандаса барған ел ұшан-теңіз екен» дескен хабарлар Жидебайға күн сайын келіп жатты. Бұл ауылдан Құнанбай қасына кеткен Тәкежан ғана болатын.

Ол Абай келген күннің ертеңінде Жұмағұлдан олжа жылқылардың жайын есітіп:

– Ылғи сәйгүлік аттар дейді. Бар жақсысын тағы да Құдайберді таңдап, меншіктеп қояды, - деп Күнкеден туған ағасы Құдайбердіден жақсы аттарды қызғанып, - таңдаулысын алам! Алып келем!.. Осы жолы ма?.. Көрерақпын! -деп, асыға жөнеліп еді. Сол кеткеннен әлі қайтқан жоқ.

Абай бұл күндерде екі шешесі мен Ғабитханға Қарқаралыда көргендерін, сезгенін көп-көп әңгіме қып айтып жүрді. Кейде мұның әңгімесін тоқал шешесі сұлу Айғыз кеп тыңдайды.

Бөжеймен болған татулықты да айтты. Бірақ бала беру жайын білдірген жоқ. Ол өз ішінде жатқан ауыр күдіктің, Абай мынау аналардың қуанышпен қарсы алған күндерін мұңайтқысы келмеді. Бұл аналар әкеменен не деседі?

Оны көрер, әзірше Абай аузынан естігенде ең алғаш сезері, айтары - ашу, күйік болуға мүмкін. Ондайды мезгілінен бұрын шығарып Абай қайтеді? Ендеше қинамай тұра тұру қажет.

Абай Жидебайға келетін күні осы жайды ойлап ап, жанындағы Жұмағұлға да: «Бұл ауылға айтпай-ақ тұра тұр» деп тапсырған.

Осымен төрт-бес күн өткен шамада: «Бөжей де келіпті» деген хабар жетті.

Құнанбай сол қарсаңда Жидебайдағы үйіне Қарабасты жіберген екен. Сол Зере мен Ұлжанға кеп:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий