Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өзге үлкендердің атымен бірге бұл да бөлек бір қорада бағылатын. Абай жүріс хабарын білісімен Аймаңдай атты көргелі келеді. Маңдайының төбелі шын-ақ айдай боп жарқырап, басын шұлғи түсіп байлаулы тұр екен. Абай көптен мінбей және көп күннен бері көрмей де жүрген еді. Атын да сағынып қапты. Таңертеңгі аяздан қырауытып тұрған жалы мен жонын бір уыс шөп алып сипап, сүртіп тастады. Содан кейін, көп үлкендердің дағдысы бойынша, Аймаңдайдың жалын ұстады. Абайдың саласы ұзын, ашаң қолын Аймаңдай аттың қазіргі жалы кере түсті. Құла ат та қатты семіріпті. Абай шегіне түсіп, бүйірден бір байқап қарап еді, жоны да жұмырланыпты. Үлпершек майы да білеуленіп, білініп тұр екен.

Атына қайта жақындап кеп, мойнын құшақтап қысыңқырап тұрып:

«Ертең емес, бүгін-ақ, қазір-ақ жүрсек етті!» деп ойлады. Ер-тоқымды жайлы қып ерттетіп, қалың ат көрпені баптап салып, тымақтың құлағын шарт байлап ап Абай атына мініп, қорадан шықты.

Әрдайым тізгінін созып жіберіп, басын шұлғып тастап көңілді аяңдайтын Аймаңдай, бүгін тіпті жеңіл басып, дәл жел қайықтай лыпып тұр екен. Осы күні кешке шейін Абай атынан көп түскен жоқ. Жұмысы жоқ болса да қаланың шетіне бір шығып кетіп, базарын бір кезіп, Тобықтылар жатқан пәтер-пәтерді аралап жүрді.

Түс кезінде әкесінің қасынан түстік жеп, шай ішіп, қайта аттанып, тағы да базарға барды. Бұл жолы қасында Ызғұтты бар еді. Құнанбайдың ақшасы Ызғұттының жанында болатын. Ас уақытында Абай әкесінен ақша сұрағанда, әкесі Ызғұттыға бұрылып:

– Базарға ертіп бар да, шешелеріне, інілеріне алатын базарлығы болса, өзің таңдап алып бер! - деген.

Екіндіге шейін Ызғұтты екеуі талай дүкенді аралап жүріп көп нәрсе алды.

Әсіресе, кәрі әжесі шайшыл, қағаз шайшыл болатын. Абай сол шайдан бастап, қант, кәмпит, мақпал, дүрия сияқты көйлек, қамзолдық нәрселер алды.

Өзінің артына бөктерген үлкен қоржынның екі басы әбден сықап толған соң, содан асқан нәрселерді Ызғұттының қойны-қоншына тыққызып алып, кеш бата әкесінің қасына қайта кеп еді.

Жүрер алдында өзге жұрттың да қам-қарекеті осы сияқты шаруалар болу керек.

Ертең жүретін Құнанбайды Майыр, тілмәш, старшын, билер бүгінгі кеште тағы басып жатыр екен. Абай әкесі отырған бөлмеде болмай, басқа бөлмеде, Қарабас, Ызғұттымен қоржындарын тіркеп, жолға әзірленумен болды.

Жатар уақытта ғана Құнанбай қасынан қайтқан Майырды Ызғұтты шығарып салып қайтып еді.

– Мырзаның дүниесін кім қызықтамаған, ең аяғы піскен бас Майыр да жаңа бір қарбытып асап кетті! - деді.

– Немене, мал алды ма, ақша ма? - деп, Қарабас сұрастырып еді.

– «Ұлықсың ғой, көрнекті боп жегіп жүр!» деп, анау - Берікқарадан келген үш қара атты берді. Ақшалай бес жүз сомды тағы асатты! - деді...

Соңғы күндер Құнанбайдың бергені жалғыз бұл Майыр емес. Тілмәш та бірталай алған. Әсіресе, кешегі күнде қырық-елу қараны Алшынбай аулына да Майбасар мен Қаратайдан айдатып жіберіп еді. Абайлар жата бергенде, түнделетіп олар қайтып келді. Ертеңгі жүрісті бөгей ме деген солардың кешігуі еді. Енді олар да жетіпті.

Осыдан екі-үш күн ілгері, Майбасар Алшынбай аулына барардан бұрын Абайды тағы қажап көрген... Бірақ, анада Абай өзін күлкі қып, қатты тойтарып тастағандықтан, енді туралап айтпай, қиялап кеп: «Келіннен ұят болды-ау!» деп еді.

Ызғұтты сияқты үлкендерді көмекке шақырып, соларға айтқандай боп айтып еді. Абай онда да: «Бармаймын» деп, бір-ақ қайырған... Сонымен қайынға бару әңгімесінен Абай арылған-ды...

Құнанбайдың жүріске байланғаны Абайды қазір қайындатайын демегені болды. Енді ертең жүреді. Бірақ төсекке жатып, ұйқыға кетер алдында Майбасарды қайта есіне алып, оның Ділдә тұрған ауылға барып қайтқанын ойлап Абай ең алғаш рет өз қалыңдығы туралы құпия, ыстық бір сезімді сезгендей еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий