Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Данияр болса алты жылдай орысша оқып, бастауыш бес жылдық школды бітірді. Ешкімге аты-жөнін, ой-ниетін айтпастан, өзімен бірге оқыған, Түркістан жағының бір жас жігітіне еріп Ташкентке кеткен. Содан екі жылдай Ташкентте, үш жыл бойы Марғұланда патшалық кеңселеріне қызмет етті. Жақсылап тұрып ақша-пұл тапты. Сол Марғұланның мынау бүгінгі Афтаптай келісті бір қызына үйленіп қайтқан. Семейге келісімен банкіге қызметке түсе сала, Түркістаннан жиып келген ақша-пұлын жұмсап, осынау үйді сатып алған.

Данияр аласа бойлы, қалқан құлақтау, жайдақ қабақ, жыпық көзді жігіт. Оның ақсұр бетіне жарасқан жұқалаң қызылы бар. Таңқы мұрны сүйкімді келген, өзі жұғымды жігіт. Ал әйелі Афтап болса, Даниярдың өзінен жарым есе биік. Кесек сымбатты, көмірдей қара қасты, толық, көркем жүзді, күлім көзді, келісті келіншек. Бұл екі жақтың әзір балалары жоқ, асты-үстілі төрт бөлмеде тұратын тек өздері мен қартаң күтуші әйел Майсара ғана. Қағылез жұқа денелі, кішкене Данияр кесек келбетті Афтапқа өзінің күлдіргі, ойыншы, ұсақ қулықтарымен де сүйкімді көрінетін. Қазақ жайын, орыс жөнін, қала, дала тірлігін мүлде білмейтін Афтапты Данияр: "Сонау Түркістанның Марғұланынан осы Семейге алдап әкелдім", – деп күлкі әңгіме айтатын. Бүгін таңертеңгі шайдан соң Данияр Мағышқа мегзеп әзіл айтып отыр. Өзіне іні есепті, бірақ бұдан оқуы жоғары офицер дәрежесіндегі Әбіш Абайдай ағаның баласы. Данияр Абайды сыйлағандай Әбішті де аса жылы шырай, жақсы бейілмен күтеді. Бірақ қалжыңын да тастамайды.

– Мағыш, сені мынау Әбіш үйлене сала елде, үйде тұрғызбай, әлдеқайда алысқа шырқатып әкетіп барады. Әбіштің тілі қандай жұғымды, сыпайы. Бұл ғой: "Алматы сондай тамаша, мұнан өзгеше, басқаша" – деп барады. Ал біз, оқыған жігіттер мұндайда, әйеліміздің сенгіштігіне сүйеніп алдай да береміз! – деп, көзін қысып қойды.

Әбіш ақырын ғана күліп отыр, ол жауап қатпады. "Мағыш қайтер екен!" – деп келіншегінің нұрлана балқып отырған ақ жүзіне көз тастады.

Өзінің жайын сөз қылғанға ұяла күліп, сәл қызара түскен Мағыш Даниярдың әзілқой, қалжыңбастығын жақсы аңдаған болатын. Енді күле отырып, ұялғанын жеңіп, күйлі даусымен қарсы қалжың айтты.

– Данияр аға, онда Афтап жеңгейді өзіңіздің алдағаныңыз болса, әуелі соны бастап айтпас па екенсіз! – деді.

Мағыштың орай қалжың айтқанына Данияр сүйсініп күлді де:

– Айтайын, қылған қылмысым үшін Афтаптан жаза шегіп болғанмын! – деп алып, Данияр енді өздерінің бір кездегі өмірін күлкі қып айтып кетті.

– Афтап-ханға құдай қосып үйлендік. Марғұланда бау-бақшалы бір жайда жап-жақсы тұрып жатырмыз. Бірақ есіл-дертім туған жақта. "Семейді қашан көрем, елге қашан бір оралам!" – деп аңсағанда жар құлағым жастыққа тимейді. Өзге жайымның бәрін ұқса да, Афтапқа "Марғұланнан кетейік, Семейге жетейік" – деген сөзім, байқаймын, даритын емес. Не қылсын, әке-шешесі қасында, көлеңкелі ағаш басында. Тұнжыраған хауызы, сылдыраған арығы, гүл майысқан гүлзары, үзілтіп сайраған сандуғашы анау. Афтап Данияр айтқан Сарыарқаның енесін ұрсын ба! Менің айтқан мұң-зарым құлағына кірсін бе?! Бұл болса, есіл-дерті гүлзар мен үзім, алма, өңшең тәтті жемістер. Содан бір күн, күз бола, алма піскен шағында қорадағы бір алма ағашының түбінде екеуміз отырғанда, мен бір сөз бастадым. "Бұ не, Марғұланның алмасы, үзімі, жемісі жеміс пе! Гүл бақшасы бақша ма! Ой, шіркін Семей... Осы күнде ғой оның алмасы аяқтай боп албырап тұр! Ойпыр-ай, үзімдері-ай Семейдің, хұсайні, ширази бәрі-бәрісі сонда! Әттең, Семейдің нәгі мен шафталысы... иісі қандай! Аузыңа салсаң, дәмі қандай! Жәннат қой біздің Семейдің жеміс-бақшалары! Кәусар ғой оның арық сулары! Қандай сандуғаштар, қандай ғана құмыр бұлбұлдар... Нелер шешен күлдіргі тотылар бар Семейде! "Тотынаманың" қырық тарауын өздері "тоқсан тарау" қып, күнде айтып беретін жасыл тотылар қандай Сарыарқада!" – деп тұрып, аңсадым да, сарнадым-ау кеп!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий