Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Байқаймын, Афтабым нәк пен шафталыны айтқаным-да!.. – деп, Афтапқа қарап қойып отыр. Әйелі болса, кесек денесін дірілдете мәз бола күледі. Мағыш пен Әбіш те қайта-қайта күліседі. Қып-қызыл боп екі көзінен жас аққан Әбіш орамалымен көз сүрте отырып, күлкі үстінде кекесін айтады:

– Бәсе, шіркін Семей! Қыс суығы 50 градус, жаздыгүні құмды бораны адастыратын Семей... Үзімді іздесе, осында келмей, қайда барсын! Жер шарына біткен жемістің Семейде жоғы бар ма! Иә, және! – деп қояды.

Данияр болса, өзі тырс күлместен, өзгеше бір аңқау момақан ғана жүзбен әлі сөйлеп отыр.

– Байқаймын, Афтабымның топсасы босай бастағандай. Енді кешке ғана емес, ерте мен түсте де зарлаймын. Хауліміздің ең бір жемісі нашар, құрт түскен алма ағашының түбіне әдейі барып отырам. Оның шіріп түскен алмаларын Афтаптың көзіне әдейі көрсетіп, мұрын шүйірем. Сарыарқаның Афтабыма ұнаған шафталысы мен тотысын жиі-жиі жоқтай берем. Содан не керек, бір күні Афтабымның өзі "кеттік болмасам шу Сәмәйінә" – демесі бар ма? – деп әңгімесін аяқтады.

Афтап дау да, наразылық та айтпады. Өзі ырза болған Даниярын бүгінгі әңгімесімен де құптап, алданғанын мойындайды. Осы жайды айтқан Данияр Мағыштан енді оны "Әбіштің қалай алдап әкеле жатқанын айтып бер" – деп әзілдей берді. Мағыш алдыңғы қалжың әңгімені қостай түсіп:

– Тегі, алдыңғының салған жолы сол болса, Әбіштен де алдампаз әңгімені алдан тосармыз. Әзір айтқан жоқ еді. Өзіңізше кейінге сақтап барып, бір күн шығарады да! – деп шебер қалжың айтты. Әбішке әйелінің үнсіз емес, қайта сыпайы, тапқыр, көркем әзілқойлығы да ұнап отыр.

Сәскелік ас артынан Данияр кеңсесіне кетті. Үйде қалған Әбіш пен екі жас әйел және күтуші қартаң әйел Майсара төртеуі боп енді бір қызықты әрекетке кірісті.

Мағыштың басындағы желегі мен кимешек-шаршысын енді, Абай айтты-айтпады, өзгертпесе болмады. Мағыш пен Әбішті алғаш күн қонақ етіп отырған шақта Абай сөзін Данияр да естіген, Афтап та білген. Енді бүгін қолы бос жастар Мағыштың кимешек-шаршысын тастатумен бірге, оның басына не киім кигізу жайын ақылдасты. Бұл жөнінде өзгелерден жасы үлкен және өзі Қазан, Уфа қалаларында жас шағын өткізген, Семейдің де театры мен қазақтарының үлгісін білетін Майсара көп ақыл айтты.

Ол әуелі салған жерден "кәләпуш" пен "шілтер шәлі" керек деген. Әбіш оқа шеккен тақия мен ақ жібек шәлі жайын ескертті. Афтап басқа үлгілер туралы ойлап еді. Енді Майсараның ақылы бойынша үш әйел төргі үйге кіріп, Афтаптың таза киімдерін салған үлкен сандықты ашты. Сол үйде Мағышты киіндіріп, мынау ауыз үйде отырған Әбішке көрсетпек болысты.

Мағыш өзін базарға шығарып, сарапқа салған жандай болуға тартынып еді. "Қоя тұрса не етеді" – деп ойланып, өздігімен жайлап таңдамақ болатын. Бірақ Әбіш пен Афтап бұған енді "қай киім, қандай үлгі жарасар екен" деп қызығудан іркіле алмады. Әбіш әсіресе Мағыштың қолаң қара, бұйра шашын, білектей бұрымын ашқанды тілейді. Өзі оңашада ғана көретін аса сұлу, сәл ғана қызғылт құлағы, ақ торғындай уыз етті мойны, тамағы... кимешек-желек астында жасырынбаса екен дейді.

Бұның өзін тамашалатып қуантпақ қалпында күндіз де, түнде де ашық болса, ұдайы батпас айындай, толық айындай, үнемі жарқырап көрінумен тұрса... Тойымы, тынымы жоқ анық, асық ынтықтығымен әрі қызығады да, әрі қана алмай қуанады.

Әбіш шынымен шаттана түсіп, тілек еткендіктен, Мағыш үндемей тұрды да, әсем салмақпен аяқ басып, төргі үйге кірді. Ол үйдегі әйелдердің, әсіресе Майсараның кесектеу күлкісі Әбішке үнемі естіліп тұрған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий