Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Уайымсыз Өтегелдінің берекесіз күлдіргісі Абайға осындай әзіл мысқыл айтқызды. Жазықсыз қылжаққа сәл күлумен қабат Абай көңілі азғана селт еткендей көтеріліп те қалды. Болмаса өз ойындағы үздіксіз мұңға, бүгін тағы талай тынышсыз ауыр шерлер, сырларды қайықшы Сейіл қосты. Әбіш пәтеріндегі жастар ажары мен аз әңгіме, жүрек түкпірінде жатқан зіл қара тастай, салмақты дертті сейілткен жоқ-ты. Абай кеудесінде ол тек аз шаққа ғана іркіліп тұрғандай болатын... Сол тұнған удай уайымды, тек жаңағы Өтегелді күлкісі біраз ғана бүркелей, ұмыттыра тұрғандай боп еді. Осы қалпында Баймағамбетті ертіп, Семейдің үлкен базарына қарай тартты.

Қазір Абай үлкен Семейдің базарын аралап жүргелі сағаттан артық уақыт өтті. Әуелі Плещеев, Деров, Михайлов, Малышев және татар байлары Хамитов, Неғматуллин, Тұхфатуллиндер магазиндеріне сәл уақытқа кіріп, бас сұғып шыққан еді. Оларда бұйым, киім, жабдық-жарақ алғалы келіп жүрген адамдар онша мол емес. Бары болса, алым-сатық саудасының есебінен басқаны ойлауға мұршасы жоқ адамдар көрінеді. Ол қазақтың дені қырдан келген еді. Бас пен аяқкиім үлгілері әр елдің, әр болыстың адамдарын танытады. Бұндай кісілер көбінше магазин аралап, сауда-саттық, алық-берік жасап тұрған кездерінде сырт көзден, көлденең кісіден именгіш келеді. Тіпті көлденеңнің бәріне сенімсіз қарайтын келеңсіз бір байлар болады. Кейде қартаң, сырдаң, дүниеқор болыс-билер, малқорда, бықсыма, жаман айлашыл, бұқпантай адамдар кезігеді.

Бір магазинде Абай керей тымағын киген, түйе жүн шекпені бар, сондай бір байшыгешті байқады. Қасындағы екі жігітіне көне күміс белдігін, қамшысын ұстатып қойыпты. Өзі үлкен тері шалбарын шешіп, шалбарланып алған бешпетінің терең қалтасынан кір орамалын алды. Соған орап, түйіп тастаған ақшасын суырып жатып "бысмылда", "имам ағзам саудасы" дей түседі. Мықшыңдай бүкшіңдеп, кассаға төлейтін ақшасын шабандап шығарып жатыр. Бұл қартаң, сырдаң байдың қасына екі жігіті ғана емес, тағы да керей тымақ киген төрт-бес кісі оралды. Орта жасты қалашылар жаңағы байды сыртынан танып, сәлем беріп тақап еді. Бурыл сақал бай шалбарының ала жіп бауын шұбатып, дәл бір дәретке отырғалы жүрген кісідей магазин ішінде талтаңдап, бүкшеңдей берді. Жаңағылардың сәлемін алмай, күңкілдеп наразы болып, сырт айналып барады.

Абай осы көрініске ызалана жиреніп қарады. Жеңіл, кең шапанының сыртынан арқасына екі қолын айқастыра салып, жай басып, магазиннен шығып кетті. Әзірге аралаған үлкен дүкендерінің бәрінде де жаңағыға ұқсаған көрініс байқалады. Сауда қып жүрген қала тұрғыны орыс, ноғай адамдарынан басқаның көбі жаңағы қойлы қоқсық "жүндібайы" сияқты қалашылар. Олардың бәрі де: "қалада бұзық көп болады, ақша-пұлыңды көз ілестірмей қағып алады, алдап әкетеді, ұрлап қояды, қала деген өңшең қудың, жепкетердің жері" – дегендей үркек ұғыммен жүретін, әралуан "Біткенбай", "Біскенбайлар". Осы тұрпат-сиықтарын көріп аңдаған соң Абай, магазин аралаған қазақтан бөгде сөзді ұғатын, ұқпақ түгіл, құлақ асатын кісі бар деп білмеді. Содан кейін қатар-қатар бірнеше кварталды өздері алған ағаш лавке, ұсақтау сауда дүкендерін аңыстап еді. Онда да жарытымды көп адам басын көре алмады. Енді соңғы үмітін соған артып, қалың ел қауырт жүретін, дағдылы жаяу базарға қарай ауысты.

"Қалада індет, дерт бар. Ол жұқпалы дерт. Ауыр апат" – дегенді ести жүрсе де, жаяу базар бұрынғыдай. Қол сауда жасап, азын-аулақ өткермесімен шай-пұйын, ас-ауқатын айырып отырған қалың жаяу, күндегі дағдысын қоя алмапты. Абай талайдан бұл базарға келген, көрген емес еді. Кең алаңға созылған, құмы қалың жаяу базар майданы қазірде де халыққа лық толы екен. Баймағамбет пен Абай арбалы күйде осы базарға жағалап келіп, шеттей тұрып, халықтың сырт көрінісін көлденеңнен бақылап тұр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий