Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Уа, хазіреті! Мені сізге көп қауым жұмсады. Осында кеп тұрғанда да жалғыз емеспін. Анау шарбақ қасында тосып қалған оннан аса кісі бар. Мына өзіңізге қараған махалланың құдай жолына ден қойған Мұхаметтің үмбеттері боп, сізден пәтуә сұраймыз. Мұсылман баласының басына кеп жатқан мынау пәлекет апатқа, мынау аты жаман оба науқасына қарсы, дін қарындасқа жаны ашып, құтқаратын сөз айтыла ма, жоқ па? Не шара, не дауа айтасыздар осыған?! – деді. Мұны күңгірлеген қоңыр үнді Қорабай қостай жөнелді.

– Теңізден толқын атып, кемедегі жұрт суға кетер болса, арасынан құрбандық, тасаттық жасап құтылады дейді! Әлде бұл қаланың халқына сондай бір шараны айтасыз ба?

Отарбай және сөйледі:

– Марқұм атаңыз әулие еткен Ақишан еді. Ол кісі осындайда халыққа өз ішінен аяусыз құрбандық жасасын депті. Баяғыда қалың сүзек пен көкшешек кезінде сондай бір дағуа айтты деп естиміз. Ендігі ақылды өзіңізден сұрадық. Айтыңыз, тақсыр, бір дауасын айтыңыз мына халқыңызға! – дейді.

Екі саудагер екі жақтан сапылдап сөйлеп, бұрын әзірлеп алған жаттанды сөздерімен, қалтаң-құлтаң еткен кәрі хазіретті қамауға алды. Бұндай сөзді оқыс естіген хазірет ашып жауап айта алмады.

– Бәрәкәллә, бәрәкәллә, фиғылдарыңыз қабыл болсын. Құрбан садақа әһлі ислам қауымына, һәрбір мүшкіл пұшаймандық халде, пайғамбарымыз рәсуалла, Мұхаммәд Мұстафа алдында қабыл болар. һәләкәт заманаларда езгі көңіл, ғазиз бәндәләр хәрәкәтілдур! Қабыл болсын ниетләріңіз. Бирахматқа я архамаррахимин! – деп бет сипады.

Екі надан саудагер шала түсініп, не десерін білмей тұрып қалысты. Хазірет ұзын таяғын көлбей тастап, аласа өкшелі кебісін мешіт қасындағы қиыршық тасқа тықыр-тықыр басып, бетін қайта-қайта сипап, жүріп кетті.

Хазірет шарбақ сыртына шыққанда, Отарбай мен Қорабайдың қасына олардың жаңағы хазіретке атаған он шақты серіктері де келді. Бұлар бар тобымен енді қари, мәзіндерді ортаға алысты. Отарбай мен Қорабай хазіреттің орнында қалған Самат халфе, Шәрібжан халфе екеуіне ентелеп тұр.

– Жаңағы хазірет не деді?

– Айтқан ақылы не болды? – деседі. Ұзын бойлы, сояу қара, көсе халфе Самат, хазірет сөзіне нықтап кесіп, шешу айтты.

– Біліңіздер, уа қабыл алыңыздар. Ендігі харекет фәтуә сұрап келген өз қолдарыңызда. Мына бәйтолланың түбінде сіздер әулие еткен хазіреті Ақишанның атын атадыңыздар. Бүгінгі Садыр ағзам, қарт имамыңыздан, яғни бұл шаһардың ең қадірдан ғұламасынан бұдан былай істейтін іске рұқсат алдыңыздар. Енді ешбір адамзат сіздерді ғүламаңыз, зор мәртебелі факих хазіретіңіз берген нұсқа үшін ғайыплы демейді. Айтты хазірет, болды халас, тамам! – деді.

Бұл айтылған сөзбен осы арада тұрған ендігі қалған дінбасылар өз ниет қараларын бір жерге түйді. Екі содыр саудагерді де белгілі бір ниетке белгілеп қойды. Қорабай өздері ойлаған істі әлі де дінбасылармен анықтай түскісі келіп:

– Осы тек кесер жерін айтып беріңдерші. Соған мен әлі қана алмай тұрмын! – деп еді. Бұл саудагерлерге күндегі араласы көбірек Самұрат мәзін нақтылап түсінік айтты.

– Естідіңдер ғой, "пәледен құтылу үшін халық қандай да болса құрбандыққа шыдау керек" – деп тұр. "Құрбан ететін қаншалық қадірлі, асыл зат, қиын қымбат болса да, халық соған бекінсін де аямасын. Сауаптан басқа табары жоқ", – деді. Байлау сөз осы емес пе? Қари, сіз айтыңызшы! – деді. Кітап сөзі мен молдалар тілін түсінбей тұрған надан саудагерлерге мәзін барынша қазақылап, әр нәрсенің бетін анықтап берді. Соқыр қари болса, осы жерде өзгеше шапшаңдық көрсетті. Жаңағы мәзін сөзін қолма-қол құптап:

– Анық байлау сол. Пәтуә деген осы. Барыңдар да, ойға алған істеріңе басыңдар! – деп қалған сөзді бір-ақ түйді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий