Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Жыласа наразы болып, налыса мәйіттің көр ғазабын ауырлатады! – деген сөздерді кірген-шыққан шақтарында халфелер әдейілеп айтады. Ойда жоқта осы өлімге өзгеше ілтифат жасап, өзі де келген қарт ишан, хазірет те өсиет етеді. Бибісара, Әсмалардың құлақтарына жаңағы сөздерді көп молда кейде кітапшалап, кейде қазақшалап естіртіп жүр. Жаназасын асықтырып, "өлікті жуу керек емес", "киімін ауыстыру керек емес", "кәфін керек емес" – деп, жеделдетіп тез қоюға қарбаласады. Бұл ниетке келгенде ерекше жеделдетіп, елпек қағысады.

Өзгеше асығуларының себебіне "Бүгін жұма", "жұманың күні ауыспай тұрып жамбасын жерге тигізу керек", деген тағы бір дағуа шығарды. Бұл сөз ең алғаш соқыр қаридан басталған еді. Енді бір молданың аузында үлкен бір дәлел, "хақихат" есебінде бар дінбасылар аузына тарады. Бөлмелерде, қорада, көшеге де сол бір хабарды байлау етіп: "мұсылманшылық қағидасы бойынша тез қою керек" – деп жатыр. Дабыл салып тұр.

Осы хабарға жалғас:

– Шұбһәсіз шәһиттігінің исбаты сол – бейсенбіден жұмаға қараған түнде тәңірісі бұйырған қазасы жеткен, – деседі.

– Бұл өлім, һәммә мұсылман баласы сүйіп, сүйсініп тілейтін өлім.

– Хатта "өзім де солай өлсем" – деп, қызғаныш ететін, шын тілейтін өлім.

– Лаухул-махфузда бұл шарафатлы дамолданың алла дәрғаһына осыншалық фактікте баратыны жазылған.

– Мұсылмандар, біліңіз, о ағаһ болыңыз, шәһит дағуасында өткен қадірліміз Сармолланың бәрімізге шафағаты тисін! – деген сөздерді дәрет алып жүріп Шәрібжан, Самұрат, соқыр қари үшеуі әсіресе саңқылдатып айтады.

Бұл адамдардың осындай қарекетпен арпалысып, асығуының себебі де бар. Ол себеп – мешіт те емес, Сармолла өлігінің басына жиылған өңшең құзғын тәрізді молдалар да емес. Бұлар індеттен өлген малдың жыраққа тасталған жас өлексесіне қайдағы шырқау қиядан самғап ұшып келетін ақбас күшігендер тәрізді. Қазір олар ақ сәлделі жыртқыштар. Жаңағы себеп Мейілдей, Есбайдай қайықшылардың маңынан шыққан Ермектей балықшының, Түсіп, Тоқбай сияқты отыншы-сушылардың, Дәмежан, Жабайқан сияқты кедейлер үйінің қақпа алдарында, терезе түптерінде туған. Немесе солар жиылған өзен жағасында, қайық аузында еске түскен себеп еді.

Сармолланың өлімін ең алдымен күндегі сабаққа келген шәкірттері білген. Олардың ішіндегі ең үлкені 14-15-ке келген жастар еді. Біразы жаңағы қайықшы Есбай, балықшы Ермек, жұмыскер Тоқбай сияқтылардың баласы. Қыс кезінде Дәмежанның екі баласы да Сармолладан оқыған. Ол үйдің көршілерінің 12-13 жасар балалары да Сармолланың қанды қазасын айтып, жылап-еңіреп келіскен. Сол күйді білген жаңағы қайықшылар, кексе жасты көп ата-аналар "Сармолланы бауыздап өлтіріпті" деген хабарды естіген жерде-ақ, оның әнеугі хұтпада айтқан сөздерін ауызға алысқан.

Бұлай етуші жеке ғана үйлер емес, әлденеше көшелер, тіпті тұтас махалла халқы. Соңғы жұмалар ішінде имам, молдаларды ешбір жаназаларға, хатімдерге шақырмай қойған осы жұрт еді. Сармолла сол хұтпадағы сөйлеген бір сөзінен соң сөйлеген де жоқ. Қайтып ешқайда шыққан да, барған да емес. Тек балаларын оқытумен ғана болатын. Бірақ оның бар әрекеті жалғыз-ақ жиында сөйлеу болса да, сол бір сөзімен үлкен әрекет еткенін кейін ғана сезіп жүретін. Ол мұсылманшылықтың сәуегей кітаптары сөйлейтін "тылсым" қуатын тапқандай, сиқыр сырын ашқандай. Жалғыз сөзімен молдалар ортасына жайдың отын шашып, жаза тобын түсінгендей болды. Оларды жайратып жеңіп кетті. Өйткені қауым, халық атаулы түгелімен бұның айтқанына иланды да, мешіт, медресе, молда-қожаға сәтте сырт берді.

Бүгінгі өлімнің анық сыры осында екеніне халық атаулы титтей де күмән қылған жоқ. Сол ретте әкелерінің ашуын көрген, өздері оқытушы ұстазын аяп жылаған жеті-сегіз ересек шәкірттер шұбырып жүріп, көшеде келе жатқан Сейіл мен Есбайдай қартаң қайықшыға кездескен-ді. Иықтарына күректерін, сүймендерін көтерген Сейіл бұл балаларға ақыл айтқан.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий