Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Абай бұл тұста да: "Имам, халфелер ісі мен сөзі теріс және соның үстіне надандық. Қиын күнде халық қамынан бұрын өзара керіс-кейіс жасаулары лайықсыз. Халыққа жаны ашитын адамдай істейтін іс, мінез олай емес. Қай имам, қандай ишан айтса да, жұқпалы аурудан сақтану керек. Халыққа, "сақтан" дейтін адамдарды айыпкер ету өте өрескел. Өзімшілдік, қыңырлық. Ондай жандардың өзін айыптаса, жұрт жазықты емес. Сақтан деуші әрқашан қастық ойлаушы емес, қамын жеуші екенін ұмытпау керек!" деген.

Бүгін Абайдың үлкен қала базарына алғаш бару сапарында бастап айтқан сөзі осы еді. Келесі күні Слободка жаққа өтіп шықты. Осы жақтың базарында да бір кез жиырма-отыз адамның басын қосты. Мал базарында, тағы бір шақ өзінің арбасының айналасынан жиылып келген отыз-қырық адам арасында сөйледі. Ұсақ дүкендер жанында Абайды тоқтатып жөн сұрасқан әртүрлі ұста, ісмер: балташы, тігінші, етікші және ұсақ бақалшы, жаяу жүрген кәрі, жас көп. Еркек, әйел базаршылар арасында Абай өзінің межелеп алған ақыл сөздерін тыңдаушылардың естерінде нық орнап қалатындай етіп, қадағалап айтты.

Кешегіден гөрі бүгін Абайдың көңілі көп көтеріліп қалды. Ар жақтың жаяу базарындай емес, енді әр тұстан тыңдаушы шықты. Олар қысыр кеңес құрушылар да емес.

Абайға анық сенген және сене тұрып, дуалы ауыздан дауалатар сөз күткен, ақыл тосқан жандар көзге көрінді.

Осындай жайларды ішке түйген Абай енді көңілдене түсіп, сенімді үнмен, әсерлі жүзбен сөйлеп береді.

Бер жақта сөйлеген сөзінде Абай Сармолланың өзге молдалармен дауын шеттеп қана еске алды. Нықтап, қатты қайыра, қадап тұрып, сол Сармолла сөзін: "Ең дұрыс ақыл", "қала халқы құлақ қақпай қолданатын анық достық ақыл" – деп атап берді. Осыдан тағы бір жұмадай уақыт өткенде Абай ар жақ пен бер жақтың базарларына күнде барады. Күніне кем қойса қырық-елу кісіге өз ойларын, қамқор сөзін айтудан тартынған жоқ.

Соның орайына Сармолла айтты деген сөз енді азайып, халыққа "аурудан сақтан" деген сөзді Абай айтыпты – деп қала қазағына мол аңыз тарады. Август айының алғашқы жұмасында осындай лақап түгел жетіп болған ар жақ пен бер жақтың халқы енді басқа қалыпқа келді. Бұл күнде жаназаға мешіт имамы, халфе, қари, мәзін, шәкірттер шақырылмайды. Ac беріп, хатім түсіруде де оларды шақыру сирек. Мұсылмандық қарызын ада қылу үшін, өлгеннің қамы үшін молда, халфенің біреуін ғана шақырады да, сонымен өлігін жөнелтеді. Ендігі ел мінезі мүлде өзгергенін соқыр қари, Шәрібжан халфе, Самұрат мәзіндер аса жақсы ұғынды. Олар соңғы күндер аса бір қатты "қаһарға мініп", ауыздарына аса жаман сөздер ала бастады.

Бұлар Абайдан шыққан сөзді білсе де, оны "қыр қазағы", "дін адамы емес" дейді. Оның үстіне халық арасында абырой-атағы, бет-беделі күшті екенін ескерді. Сондықтан Абаймен ұстаспай, оны сырттан да ауызға алмай қойысқан. Бірақ соның орайына өздеріне анық өш, қас жау етіп жалғыз Сармолланы атап алған. Тістерін соған барынша басулы. Үшеу-төртеу болып сыбырласа сырласып байлаған бір ниеттерін Отарбай, Қорабай саудагерлерге білдіріп, оларды ертіп бас мешіттің ығында, қара көлеңкеде қарт имамды жаңағы саудагерлер оңашалап алысты.

– Тақсыр хазірет, арызымыз бар. Сізге махалла халқы атынан айтатын датымыз бар! – деп Қорабай мен Отарбай қатар сөйледі. Қастарына мәзінді, соқыр қариды, Самұрат, Шәрібжан халфені ертіп алысыпты. Енді бұлар имамнан оқшау бір жайдан пәтуә сұрайды.

Сөз бастаған Отарбай болатын. Ол биік бойын аласа хазіретке иіп, тақап тұр. Ұзын сояу қара сақалы сілкіне түсіп, кесек дауыспен сөйлеп кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий