Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Абай енді не істейтінін, байлауын айтқан жоқ. Өзі желқайықпен өткенде, "Ертістен паром арқылы өтіп кел" деп Баймағамбетті ат-арбамен жіберген еді. Қазір тыстан сол Баймағамбет кеп кірген соң, Абай тымағын сілкіп киіп, тез жөнелуге қамданды. Бірақ Афтап Майсараны ертіп, Абай мен Әбіштің алдында кішілеу ақ шыны тегешке құйған қымыз әкеп қойғызды. Тыстан Баймағамбет кірген, оны үстел басына шақырысты. Және сызылта сәлем беріп: "ассалаумағалайко гөм!" деп, сыртқы есіктен өзінен бұрын қамшысын кіргізіп, шоқша қара сақалды, ұзын бойлы Өтегелді кірді. Оның күлдіргі, ойыншы мінезі Әбіштер келгелі мынау үйге мәлім болған. Афтап пен Майсара Өтегелдіні күле отырып қарсы алды. Ол бұнда бір рет күнұзын отырған. Екіншіде, бар жастарды ойыны, домбырасы, қалжың, қылжағымен мәз қылып, қонып та кеткен. Сонымен қатар Өтегелдінің бұл үйдің бар жастарына мәлім болған осал жері де бар. Ол қаланың шетінде, бір қазақ үйінде жатады. Өзі жаннан озған аңшы, жүргінші және әсіресе сиқыры бардай, аты мәлім "ізші" болса да, қалаға келгенде бұл: көше, адрес дегенді әсте ұға алмай қойған. Ол осы жайын Әбішке жалынып отырып айтқан-ды.

– Мен, тегі, қалаңа келгенде тап ауылдағы түйеден жаманмын. Қия бассам адасамын. Сонау қала шетіндегі үйге апарып салып, біреуге әкелгізіп тұрмасаң, құдай білсін, қайда қаңғырып кетерімді! – дейтұғын.

Расында да, оны Данияр үйіне екі рет Әбіш өзі кісі жіберіп бастатып әкелгізген. Қазір Өтегелді жапа-жалғыз, басшысыз кіріп келгенге, оның осал сырын біліп, бұрын күліп қалған әйелдер мен Әбіш енді таңданып отыр.

Әкесі мен Әбіш арасындағы әңгіме үзілген-ді. Күлімдей жымыңдап, көзі ойнақшып отырған Өтегелдіге Әбіш оқыс сұрау берді.

– Әй, Өтеш, сен әлі қалада қия бассам адасам, бұл үйді таба алмаймын дегенің қайда? Қалай келдің? – деді. Қымыз құйып отырған Афтап "не дер екен!" – деп Өтешке күле қарады.

Өтегелді Абай жаққа көз тастап қойып, момақан ғана пішінге түсіп, мән-жайын айтып отыр.

– Адасатыным әлі рас. Бірақ бүгін қаланың шетінен сені табайын деп атыма міндім де, көшеге көлденең тұрып ап, осы мынау Ертіс бойындағы барабайдың ұзын мойын мұржасын көріп алдым. Соған қарай шаба бердім, шаба бердім. Қасына жеткен соң бұрылып ап, атымның құйрығын Ертіске беріп, сол барабайға тіреп тұрдым. Содан соң алдымда аңқып жатқан бір көше бар еді, соған түстім де, шаба жөнелдім. Бар білетінім, дәл осы мына тұста, бір қақпаның астынан кішкентай сары қанден ит жүгіріп шығып, үре қоя береді. Сол сары ит шыққан пұшпақтан оң жаққа жалт бере бұрылсам, сенің үйіңнің дәл үстінен түседі екем. Енді сол, бұдан былайғы менің басшым сол сары қанден ит! Алдыңғы күн осы үйде, сыртынан болжап солай келіп, сары ит үре шыққан жерден бұрыла қойып, бір тауып кеткем-ді. Бүгін және де Ертіске барып, жаңа осылай шапқаным емес пе! Тілеуің бергір, сары қанден ит мені тосып даяр жатыр екен, қақпаның астынан ол үре жүгіре шыққанда, бұрыла қойып ем, тағы тауып алдым! – деп Өтеш масайрап отыр.

Майсара Абайдан ұяла отырса да, бетін баса сықылықтай күліп қапты. Қымыз құйып отырған Афтап та ажарлы жүзі қып-қызыл боп қыстығып, кесек денесін дірілдетіп, үнсіз күліп отыр.

Абай Өтегелдіге жылы ғана шыраймен күлкісіз көз тастады.

– Ал сары ит шықпаса, не күн көресің?

Үй іші тағы ду күліп еді. Өтегелді іркілген жоқ.

– Ол жағын тағы ойлап қойдым, Абай аға. Сары ит шықпаса, сол көшемен ілгері-кейінді шаба берем. Содан сары итіңіздің шықпасқа әдді бар ма?! – деп, Абайдың өзін де күлдірді.

Кетуге ыңғайланып отырып, Абай Өтегелдіні әзіл етті:

– Міне, бұған қала, көше, номер, адрестің не керегі бар? Сары иті бар, не мұңы бар? – деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий