Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол сәтте Сармолланың басына бірінің шоқпары, бірінің келтегі зілдей тиді. Сармолла қарсылық етуді ойға да алмады. Жауларының аузында алла, қолдарында қанжар, шоқпар, келтек. Бұл қастан күштер қатарынан қатты соққыға алған Сармолла құлай берді. Көз алдынан соңғы сәуле сөніп, аяғын шалыс басып құлап бара жатқан халінде оның кеудесіне қанжар да сұғылды. Әлдебір жаудың өткір сапысы жаңа ғана епті шаштаразы қолымен бапты боп таралған алтын сары сақалдың астынан орып, бауыздап өтті.

Таңғы намазға жиылған жұртқа қартаң шәкірттер мен Қорабайдай саудагерлер аузымен айтылған суық хабар жетті.

Намаз соңынан Самұрат мәзін, соқыр қари, Самат халфелер бір жағынан өзгеше сұқтанып, екінші, жаңа туған аңыз, лақап болмысты ерекше сырлап айтысып жатыр. Ендігі сол аңыз Сармолланың қазасын былай баяндайды.

"Сармолладай қасиетті, шарапатты ұстаз да молданы халық өлтіріпті. Обадай бәлекеттен қала халқын құтқарудың жолы, бір жақсы адамды құрбан ету екен. Шариғат хұкімі бұндай өліммен өлген адамды шәһит барабарына санайды. Өлтірушілерді айыпкер етіп, күнәкар демейді.

Себебі, теңізде қатты дауыл тұрып, ауыр толқын ұрып, халық толы кеме ғарқ болатын шаққа жетсе, сол кемедегі бір жақсы адамды суға атып, көп үшін құрбан етіп, қазадан құтылу ғайып емес. Бұл жөнде бағы заманда ғұламалар шариғат жолына лайықты етіп, жазып кеткен дағуалар бар. Қазіргі Сармолланың қазасын да, оның ғайла ағзалары, қарындас, дос-жарандары, барша шәкірттері солай түсінсін. Болмаса мәйіттің шәһит дағуасында жаназасын шығаруға, бар күнәдан фак болып, қадір алланың дидарына баруына зарар келтіреді. Гүмән қалдырады. Осы хал есте болсын!" – делінген.

Сол сөзбен ілесе және де мешіт маңынан махалла халқына бір хабардан соң бір хабар кетті. Жұртқа ақыл, сабыр ойлатпай есеңгіретіп, тағы бір пәтуә айтысыпты.

"Сармолла мұсылман қауымы үшін қаза болып, қан төккендіктен, анық шәһит деп танылады. Өзі сол қаза болған қалпында, үстіндегі бар киімі қанмен, жуылмаған жарасымен қойылады. Тәңір-тағаланың дәргәһына сол күйде сапар шегеді!" – десіпті.

Басжатақтағы "бәйтолла", "құдай үйі" деп аталатын мешіттің қараңғы көлеңкесінде туған қара жүзді қылмыс өз дегенін істеді. Ауызға алласын, кеудеге пайғамбарын, аят хадисін алып, "пәтуә", "дұға" деген жәрдемшілерін жадына ала отырып әрекет етілді. Қан төгілді. Сопылық пен діндарлық тонын жамылып келген бұл жолғы қылмыс өзге қылмыстардан өзгеше. Бұл қанішерлердің басында сәлде, қолында таспиқ, аузында "тәһлилі". Төмендеп сүзілген монтаны мүләйім көздерінде көлеңкедей қара сүрме. Осының бәрі жиылып, бірде-бір кісі өлтіргіш, қанішер бұзықтардың немесе үлкен жолда, қараңғы түнде талан-тараж жасаушы жолбасарлардың қолына түспес жақсы жағдай еді.

Әрі өш адамыңды өлтір, әрі өзің сейіт атанып, бейіс алатын бол. Бұл күнде кек пен жазадан, қарғыс пен қаһардан аман бол! Ол дүниеде хорды құшып, кәусар ішіп, жеті жәннат жақсысы бол!

Сармолланы өлтіріп, жаулары оны шәһит деп дағуа берісті. Бар қылмыстың артын, болар өртін сәлделерімен, таспиқ ұстаған қолдарымен ұйпалап өшіріп жатыр. Бас мешіттің имам, халфе, қари, мәзін шәкірттерінің ендігі әрекеттері осылай. Олар таңертеңнен қоршалап, жаңағы жайларды Сармолланың момын әйеліне, аңқау таза қыздарына көп ұғындырып, иландырып жатты.

Сармолланың кішкене үйін, қақпасы мен есіктерін, тіпті арық тарлан аты тұрған ат қорасын, бар үй айналасын молдалар қоршап алды. "Шәһит" деген, "жаны жәннатта" деген сөздерді көп айтып, жылаған әйелдердің үндерін де өшіре сөйлейді.

– Жыламаңдар, ғазиз бәндәләр, хұдаға қарсылық білдірмеңдер. Бұл қазаға өзгеше сабыр керек.

– Хұданың ең сүйген құлы шәһит болады.

– Бұндай өліммен өлгеннің арманы жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий