Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Сендер бос жылап шұбырғанды, қайғы шаққанды қойыңдар. Бұндайдың бір-ақ қана жолы бар. Осында жүретін Метрей мен Симон деген екі "охотшы" бар ғой. Тура сол екеуіне "кісі өлтірді", "бауыздап кетті", "соны істеген қарақшыларды тап", "молдамызды өлтірді" деп айтыңдар, – деген.

Сейілдің ақылын алған жаңағы бір топ жас бала шәкірттер қаланы аралап келе жатқан екі полицейскийге өздерінің сұмдық хабарын білдірген. Ол екі полицейский осы басжатақты әр кезде үндемей аралап жүретін. Мойындарына ұзын сары ала қылыш асынған, жаңағы Сейіл айтқан "Метрей, Симон" осылар. Бұлар бер жақты билейтін забедейшінің көз, құлақтары.

Балалардан суық хабар естіген екі полицейский Сармолланың үйіне келген-ді. Өлікті өз көздерімен анықтап көріп алғанда, бер жақтағы забедейшінің кеңсесіне кеп мәлім еткен.

Орта бойлы, жұқалау денелі, шоқша сақал, үлкен мұртты забедейші Смирнов подполковник чиніндегі ісшіл, ширақ адам болатын. Ол Слободкада қан төгіліп, өлім болғанын тек қалдыра алмайды. Бұл өте сирек болатын, оқшау қылмыс. Слободканы жеті жыл бойы өзі билеп келе жатқан осы шаққа дейін, "попты бауыздады", "магометандардың попын бауыздады" деген хабарды ол естіп көрмеген.

Подполковник Смирнов үшін "молда" деген сөз – мешіттің дінбасы адамы боп аңғарылды. Ал дінбасы болса, шіркеудің не дьяконына, не попына, не протопопына өлшестіріп ойлағанда, оған қайсысын болса да өлтіру деген ақылға сыймайтын іс тәрізденді. Сонымен, ол тезінен следовательді және дәрігерді алғызып, екі полицейді қосып Сармолланың үйіне жөнелтті.

Бағана мешіттің халфе, хазіреттері қарғадай шулап, Сармолланың басына бар қара тобырымен жиналып жүргені, осы забедейшінің әрекетін естіген соң туған. Ел тұра следователь мен дәрігер келіп, Сармолланы оңашалап алып түгел қараған да, актілерін жасап, қалпына келтіріп киіндіріп, бұрынғы орнына қойып кеткен. Осы әрекетті естігеннен кейін Шәрібжан, Самат халфелер хазіретті мешітке шапшаң шақыртып алып, Сармолланы шәһитке шығарған. Оны "жұмаға қою діннің бұйрығы" деп асықтыратын болған. Мұсылман қауымының ұйғаруы бойынша "өлтірушіге жаза жоқ" дегенді шығарған. "Бұны халық құрбаны етіп, халық өзі шалды, ондай қарекетке дін ислам қауымы, дін қарындастардан басқа жандардың араласуға хақысы жоқ!" – деген.

Соның үстіне имам, халфелер Сармолланың жаназасын шығарар кезде, киізші Сейсеке, қасапшы Қасен, дүкенші Жақып және Отарбай сияқты бас махалланың көрнекті бай, білікті саудагерлерін әдейі шақырып алған. Ел қазағынан "осы өлімнің керекті куәсы болар" деп, Оразбайды да әкеп араластырған. Бұл топ сонымен шариғат бұйрығы осы деп, Сармолланы мұсылман зиратына апарып көмісіп қайтты.

Бірақ осының орайына, кеше ястау намазынан қайтып келе жатқан Шәрібжан халфені белгісіз бір топ адам ұстап, басындағы сәлдесін жұлып алып, өзінің екі тісін сындырып, тұмсығын қанға бояп кетіпті. Самат халфенің терезесінен таспен ұрып, үйінің ішін бей-берекет шошытып кетіпті. Келесі түнде Самұрат мәзіннің жаңадан ғана тыңқитып салып алған көк төбел үйінің бояуы кеуіп те болмаған әсем шатыры қалың өртпен лау етіп, бір-ақ жанады.

Онымен ғана тынбай, забедейшінің екі охотшысы Метрей мен Симон енді күн санап ертеңді-кеш Шәрібжан халфе, соқыр қари, Самұрат мәзін және саудагерлер: Отарбай, Қорабайларды қайта-қайта дознаниеге шақырады.

Бер жақ қана емес, үлкен Семейге, Затонға, Жоламан жатағына, Өжеркеге, қысқасы, қала мен жақын ауыл-селеннің бәріне Сармолланың өліміне ілесе, әлденеше бұрқ-бұрқ шыққан хабар дүңк-дүңк тарап жатыр.

Забедейшінің шақыртуымен көлденең куә есебінде Сейіл, Есбай сияқты қала тұрғындары және басқа да көп адамдар Слободка ұлығының кеңсесінде болып шығады. Жаңағы аталған халфе, мәзіндер тергеуге алынар алдында забедейшінің өзімен және тергеуші, тайный советник Зенковпен Абай да екі рет ұзақ әңгімелесіп шыққан.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий