Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Абай осы азғана жұмалар ішінде өзі кешкен қайғы мен өшкен жандар жайын ойлап, жалын ата күрсінді. Ел уайымы, ер зары еді. Сол жайды улана ойланып, тағы да өзінің қағазына үңіле бергенде, енді тың бір хал елең еткізіп, жұмысынан тоқтатты. Терезенің түбінен тасырлатып өткен аттылар дүбірі осы қақпаға, осы үйге оқтала келгендей. Абайдың аңғаруынша, үш-төрт салт атты. Жүргіншілер асығып келген тәрізді.

Бұларды Абай "неғылса елден келді, жүрістері қатаң екен, оқшау суық хабармен келген болмаса игі еді!" – деп, үйге кірулерін асыға күтті. Ойлағандай, енді аз уақытта Абайдың үстіне дауыстап сәлем беріп, өңі қашқан Дәрмен кірді. Көптен көрмеген іні досы, аса жақсы көретін жас ақын досы ойда жоқта кіргенде, әуелі Абай қуанып еді. Сол сәтте және де Дәрменнің түсінен өзгеше жайды аңғарып, сескеніп қалды.

– Япыр-ай, қалай келдің? Немен келіп едің? Не жаймен жүрсің? – деп, Дәрмен отырып болмастан, асыға сөйлеп қарсы алды. Жазып отырған қағаздарын жаба салып, көзінен көзілдірігін де алды. Анығында Дәрменнің келісі тым асығыс-ты.

Оның ендігі отырысы да оқыс екен. Қамшысына таянып, тымағын басынан алмай, бір тізерлеп отыр. Өңі аппақ қудай. Сәл қанталай түскен ажарлы, отты сұлу көздерін Абайға қадай түсіп, Дәрмен асыға сөйледі.

– Абай аға, тізгін ұшынан екі-ақ сөз айтып, қазір-ақ жөнелгелі келдім. Артым қуғын, алдым өрт!

– Не дейсің, не айтып отырсың?..

Мұнан арғы сөзге Абайдың демі жетпегендей.

– Қасыңызға ергелі қасықтай салмағым салып, бейнетімді тартқызбаспын деп едім. Амалым жоқ. Жастық отымен тұтандым да, түстім бір жалынға. Ендігінің бәрін өзіңіз біліңіз. Өзіңіз билеңіз, не десең де, көндім де бердім. Жете алмай титығым құриды ғой деп ем. Алдыңызға жетіп өлдім міне, арманым жоқ! – деп сөзін аяқтады.

Абай оның жайын енді түсіне берді. Соңғы күндердің бірінде Әбіш Дәрмен туралы өз әкесіне сездірген, ойда жоқ шетін бір хал бар болатын. Дәрменнің қазір Абайға әкеп отырған дәті сол еді.

ҚҰЗ-ҚИЯДА

1

Айсыз кеш қоңырқай ағаш үйдің қорасында қап-қараңғы боп тұнып қапты. Әсіресе, төбесі жабық, бүйірі ашық, лапас маңы күйедей қап-қара. Ондай тұстарға ұйқылы түн ұялағандай. Желсіз, жұлдызсыз аспан да қазір меңіреу қара... Жерге мүлде ентелеп төне түскен тәрізді. Тек қана қаланың иттері тыным тапқан жоқ, бірін-бірі қоздыра, өшіктіре, өршеленте үргендей болысады... Осыдан басқа Құмаш қорасының ауласынан білінген тірлік белгісі жоқ.

Абайдың қасынан асыға шыққан Дәрменнің демінде күрсіну білінеді. Үстіңгі үйдің биік басқышынан бұның түсіп келе жатқанын алыстан аңдаған жолдастары, жылдам басып қарсы жүрісті. Бұлар төрт еркек, бір әйел. Бәрі де Құмаштың кең қорасының төр жағындағы төбесі жабық, баурайы ашық лапастың қараңғы көлеңкесінде отырғанды. Аттарын сол лапасқа жалғас салынған ат қора, складтарға жанастыра байлап, көлденең көзден жасырына отыруға тырысқан. Енді Дәрменді қоршай қалған жолдастарының ішінен ең алдымен Кәкітай шапшаң үн қатты.

– Не деді? Ұрысқан, кейіген жоқ па?

– Ұрысқан жоқ. Бірақ, аңдауымша, менің жайымнан бұрын да Абай ағам бір кейіс, күйініш үстінде отырған тәрізді! – деп, Дәрмен сәл іркілді де, жолдастарының аңыра күткен жайын есіне алып асыға сөйледі.

– Маған ұрысқан жоқ. Бірақ көп сөз де қатқан жоқ. Берік жайға жайғасып көріңдер! Ұлыққа арыз жазып, сол арызбен Мәкенді енгізуден басқа шара жоқ. Әбіш арыз жазсын, ар жаққа өтіңдер! – дегенді ғана айтты, – деп Дәрмен бұл үйден алып шыққан ақылы мен байлауын қысқа ғана сөйледі. Енді Мәкеннің қолынан ұстап жетектеп, атқа қарай тез басып ентелей берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий