Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» - четвертая книга, автор Шерхан Муртазы.

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Анау-мынау аласалар, қой мойынды қортиғандар шоқтығына қолы жете бермейтін Қамбар ата баласы — жылқы малының ішіндегі төресі—ақалтеке болар-ау. Оның үстіне кез келген адамның отырғаны жараса бермейді. Кез келген адам отыра да алмайды. Сәйгүліктің үстіне қолтығынан біреу сүйеп мінгізсе де жүрегі дауаламай, шабысына шыдай алмай, құлап қалады.

Ақалтеке аттың шоқтығындай биік мінбелер болады. Солардың ішіндегі ең биігі, сірә, осы мінбе болар. Өйткені дүние-әлемнің төрт көзі түгел жиналған құрылтайдан асқан жиын жоқ. Ондағы мінбеден биік тау жоқ.

Осы мінбеге Рысқұловтың шығуы жарасып-ақ еді. Баяғы Рысқұл әкесінің Қызыл Жебеге мінгені сияқты, аты иесіне, иесі атына сай, бір-біріне лайық жаратылған, жақсы-жайсаң сияқты-ақ.

Баку атты шаһардағы осы съезде сөйлеген сөз тарих деген тарпаңның тереңінде қалып, заманнан заманға жетсе керек-ті. Әрине, сөздің де сөзі бар. Оны тарих өзі екшеп алады. Сол екшеліп, ерекшелігімен бізге жеткен сөздердің бірі — Тұрар Рысқұловтың сөзі болады. Ол сөз дүние жүзінің сол съездегі өкілдері арқылы дүние жүзінің түкпір-түкпіріне тарап, сан миллион халықтың санасына сәуле болып шашырап, жан дүниесіне күш-қуат болып дарыды. Өйткені сол сөз айтулы шешеннің жүрегінде балқып, шыңдалып шыққан пәрменді, құдіретті сөз еді.

— «Отарлау» деген суық сөздің жөргегінде біз өстік, — деп бастады Рысқұл баласы. Жөткірініп, жөтеліп, бір-бірімен сыбыр-күбір сырласып отырған жұрт сап тыйылып, мына сөздің сарынына мойын соза құлақ салды. Залға жай сөз емес, толғау сарын естілді.

— «Отарлау» деген жалын қанжар кеңірдекке тірелді. Содан халық құлап кетер жарлауытта тұр еді. Шыңырау құздың жиегіне бізді әкеліп тықсырды. «Бөліп ал да билей бер!»—деп патша жарлық шығарды. Бөлшек-бөлшек болған дене өлмей қайтіп шыдар-ды? Көшіп-қонған кең далада туырлықты ел едік. Қанатымыз жылқы болған қылқұйрықты жел едік. Туырлықты дал-дал қылып тілгіледі патша-бай, қылқұйрықтан айырылған соң, ел қайтеді қақсамай?! Халық қалды қаңтарылып, қанаты жоқ, жалы жоқ. Зеңбірекке қарсы тұрар қамшыдан басқа халі жоқ. Зеңбірекпен қамшыласқан он алтыншы жыл еді, қияметтен өтер көпір жіп-жіңішке қыл еді. Жер бетінен құрып кетер кез келгенде сәл-сәл-ақ...

— Отарлау деген суық сөз әлем адамдарының бойын әлі де қарып тұр. Оны тек революция оты ғана жылыта алады. Әне, анау ұлы Үндістанның қасиетті жерін ағылшын отаршылы тағалы етікпен таптап жүр. Әлі күнге дейін жерінің байлығын, үнділердің қанын сорып, тойымсыз аш қасқырдай қаптап жүр. Алыстағы аралда жатқан ағылшынның Үндістанда несі қалды? Нағашысы бар ма еді онда? Зорақы, дарақы империализм сиқы-сықпыты сондай. Олар, сірә, өз ықтиярымен кете қоймас өз аралына. Күллі әлем болып, Үндістанның ұл-қыздарына тілеулес болсақ, бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, сонда ғана империализм құйрығын бұтына қысқан иттей болып, қаңсылап қашады. Коминтерн сол күрестің туын көтеріп, сол тудың астына бәріңді де топтастырып отыр. Тіреспесең, күреспесең—қанаушыдан қайыр жоқ. Азаттық үшін алысқанның айыбы жоқ. «Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!» деген айбынды ұран осындай мақсаттан туған. Барлық әлем кедей-кепшігі, жарлы-жақыбайы, бай-манаптан, отаршылдан қорлық көрген кембағал тап — бір-біріңе қол ұшын бер деген сөз ол. Ол үшін қол ұшын беруден де гөрі, әлгіде ғана құшақтасып, бауырласқан үш әйелдей, апалы-сіңілідей туысу ләзім. Бұл ұлы жиынның мақсаты сол. «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп өсиет тастап кеткен менің ұлы атам. Сол өсиетті сәл өзгертіп айтсақ: «Дүние жүзінің езілгендері, есесі кеткен кедейлері біріңді бірің дос көрмесең, қалған істің бәрі бос».

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий