Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» - четвертая книга, автор Шерхан Муртазы.

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сабақ Жантоқов? — Рысқұлов ары ойлап, бері ойлап, есіне түсіре алмады. — Ондай адамды білмеймін.

— Білмесең, біліп қой. Голощекиннің оң қолы. Онымен әлі кездесіп қалуың мүмкін ғой. Мүмкін, тар көпірдің үстінде кездесуге тура келер, кім біледі?

Сталиннің ойына найза бойламас. Жұмбағы көп. Дос пейілді сияқты. Жаны ашып тұрған сияқты. Бірақ құшағын айқара аша салмайды. Ары да итермейді. «Жантоқов деген қайдан шықты? Мен онымен тар көпірдің үстінде неге кездесуім керек? Әлгі арыз осының атынан жазылған болды ғой».

— Сонымен, Баку саған ұнады ғой?..

— Ғажайып қала, жолдас Сталин.

— Ал Бакуге сен де ұнағансың. Киров те, Нариманов та, Микоян да сен туралы өте жақсы пікірде екен. Ендеше, бір-біріне ұнағандарды ажырату обал, солай емес пе, жолдас Рысқұлов?..

Рысқұлов Сталинге тіктеп бір қарап алды да:

— Не айтайын дегеніңізді түсініңкіремей тұрмын, жолдас Сталин, — деді.

— Түсінбесең, түсінесің. Сен әлі Мәскеуге оралмай жатып, біз мұнда сенің жұмысың туралы ақылдасып, ақыры сені Бакуге жіберуді ұйғардық. Владимир Ильич те біледі. Рысқұлов үшін пролетарлық Баку—үлкен мектеп деді. Қысқасы, Наркомнацтың Бакудегі өкілі боласың. Сенің революциядағы бай тәжірибең жаудан жаңа ғана тазарған Бакуге керек. Ал Бакудің революцияшыл бай тәжірибесі саған да ауадай қажет. Наркомнац Сталиннің орынбасары ретінде Бакуде тұрасың. Одан ары уақыт көрсетеді. Қалай?

Сталин «қалай?» — деп сұрамай-ақ қойса да болғандай еді. Өйткені сұрақсыз да шешіліп қойған мәселе. Ленин бастап, Сталин қостап осылай шешкен екен, шегінерге жер жоқ. Шегінгісі де келген жоқ. Өйткені Баку бұған бір түрлі жақын туыстай, аяулы қимасындай қымбат екенін енді алыстан сезе бастап еді. Жан-жағын ақжал толқынды теңіз қоршап жатқан Баку, әзірбайжандар өздері әнге қосқанда айтатын «Жан Баку» Рысқұловқа жақын екенін жаны сезді де:

— Қашан жүру керек? — деді.

— Бір апта шамасында, — деді Сталин. — Оған дейін мұндаты жұмыстарыңды ретте. Жолға дайындық жаса. Болса да салт бастысың ғой. Сатан көшіп-қону қиын емес. Айтпақшы, Түркістандағы ұлыңды қолыңа аласың ба? Алғанда, қайтіп бағасың?

— Жоқ, ол әзірше енемнің қолында болады.

— Айтпақшы, Сұлтан-Ғалиев үйленбекші. Тойына шақырған болар.

— Шақырды.

— Ендеше, бірге барамыз.

— Барсақ, барайық, — деп келісті Рысқұлов.

* * *

«Метрополь» мейманханасының қызметкері Рысқұловқа нөмірдің кілтімен қоса бір хат ұсынды. Елден, туғандардан алыста жүргенде хат жарықтық көзге оттай басылып, ыстық көрінеді. Төрт бұрышты, қос мөрлі хатты сипалай, адресіне қарап тұрып-ақ, Шымкент, Манкент деген сөздерден-ақ қайран туған елдің ыстық лебін, шалғындағы пішеннің хош иісін, дермене мен жусанның жаннаты жұпарын сезгендей болды. Манкенттің шырын алма-жүзімі, қауын-қарбызы аңқып тұрғандай әсерден айыға алмай, конвертті ашты.

Хат қайын енесі Елизавета Петровнадан екен. Кеңпейілді, кешірімді қайран Елизавета Петровна! Сендей асыл адамдар болмаса, жердің үсті, аспан асты, тек күнкөріс үшін жүрген бейшара пенделер мекені ғана болар еді. Адамдар арасында асыл дәнекер болмаса ажырасу, араздасу, азып-тозудан көз ашылмас еді. Әлдебір адыр біреу болса, е әдірәм қал, қызымнан ажырасқан бір қазақ кімнің шікәрасы, барыңнан — жоғың дер еді. Ал мына асыл ана мұның жалғыз ұлын — Ескендірін бағып, ескі жұртта жападан-жалғыз отыр. Рысқұлов тек сыпайылық сақтап, анда-санда базарлық деп, азын-аулақ ақша салғаны болмаса, кереметтей көрсетіп жатқан көмегі де шамалы. Рас, Клевенцов әулеті мұны: патшаның құйыршығы, кешегі ояздың қатыны деп көзге түртіп, қудалағанын қойып, тыныштық орнаған сияқты. Ол да болса, Тұрардың арқасы шығар. Алыста жүрсе де айбатынан сескенетін болар, Клевенцовтар әзір тиіспейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий