Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Отыз алтыншы жылдың мартында мен қайтадан әскерге алындым. Ташкенттен поезға отырып, Қиыр Шығысқа кеттім деп едім ғой. Поезд тоқтамастан он төрт күн жүйткіді, оны да айтқан шығармын. Сөйтіп мен Қызылтулы Дербес Қиыр Шығыс Армиясының (орысша қысқартып ОКДВА деп атайтын) қарамағына келдім. Онда ОКДВА-ның да, оның командашасы Василий Константинович Блюхердің де атағы жер жарып тұрған болатын. Сол кезде айтылатын бүкіл Совет Армиясының гимніне айналған жаңағы «Дальневосточная» мен «Если завтра война» әндері және басқа жырлар тікелей Қиыр Шығыс Армиясына арналып шығарылған еді. Олай болатын себебі ол кезде Отанға қауіп үнемі шығыс жақтан төніп тұрды. Орыс ақ гвардияшыларымен ауыз жаласқан қытай милитаристтері бұрыннан келісіп, шартпен пайдаланып отырған КВЖД-ға шабуыл жасады. Жапондар жарбаңдап, Хасан көліне қарай жүгірді. Сөйтіп олар СССР-ға қарсы соғыс ашпақ болды. Бірақ Блюхер бастаған даңқты Қиыр Шығыс Армиясының қаһарына ұшырағаннан кейін олар к..... қысты. Түсінікті ме саған бұл сөз?.. Ал Блюхер аты әнмен шырқалатын нағыз ерлердің бірі болатын. Біз командашымыздың өмірбаянын бес саусағымыздай білуші едік. Ол шаруа семьясынан шыққан, өзі жұмысшы боп өскен кісі еді. Дүниежүзілік бірінші соғысқа солдат боп қатысып, ауыр жараланған. Жарасының ауырлығы сонша, оны екі рет өлді деп есептеп лазареттен шығарып, мәйітханаға апарып тастаған. Бірақ ол екі ретте де есі кіргеннен кейін, моргтағы өліктердің арасынан шығып, қайтадан лазаретке барған. Өмірде темірден қатты, болаттан берік адамдар болады. Василий Константинович сондай жандардың бірі еді. Сөйтіп ол жиырма бес жасында армиядан босатылады, қайтадан жұмысшы боп істейді. Партияға өтеді. Елде Совет өкіметін орнатуға жан-тәнімен ат салысады. Ол кісінің бұдан кейінгі ересен ерліктерін айтып жеткізу қиын. Василий Константиновичтың өмірі жай өмір емес, тек қана ерліктен тұратын өмір еді. Оның он сегізінші жылы дутовшыларды талқандағаннан кейін, бүлікшіл Чехословакия корпусы мен ақ бандалардың қоршауында қалған совет әскерін бастап, бір жарым мың километр жол жүріп, Орал тауынан өтіп Қызыл Армияға қосылуының өзі өзгеше жыр. Осы ерлігі үшін ол ата орденмен наградталды. Ата орден дегеннің не екенін түсінесің бе? Түсінбесең тыңда, Совет Одағында тұңғыш шығарылған Қызыл Ту ордені. Ол азамат соғысының майданында қаһармандық ерлік көрсеткен Қызыл Армия жауынгерлерін наградтау үшін шығарылды. 1918 жылы 30 сентябрьде ВЦИК мәжілісінде Қызыл Ту орденін кімге бірінші беру туралы мәселе қаралады. Сонда Яков Михайлович Свердлов орнынан тұрып, ең бірінші советтік орденді Блюхерге беру жайында ұсыныс жасайды. Одан екі жыл кейін, 1920 жылы Еңбек Қызыл Ту ордені, ал 1930 жылы Ленин ордені мен Қызыл Жұлдыз ордені, 1935 жылы «Құрмет белгісі» ордені шығарылды. Одан кейінгі ордендер Отан соғысы кезінде шықты. Қызыл Ту еліміздегі ең тұңғыш орден болса, Блюхерге оның ең біріншісі берілсе, сонда ол ата орденмен наградталған бола ма, жоқ па? Өзің ойлашы, кәне. Одан кейін сол Қызыл Ту орденімен ол тағы төрт рет наградталды. Ал Қызыл Жұлдыз орденімен елімізде ең бірінші боп наградталғанның кім екенін білесің бе? Білмесең — ол да Блюхер. Бұл орден оған Қызылтулы Дербес Қиыр Шығыс Армиясының шекара күзетіндегі жауынгерлік табыстары үшін берілді. Сөйтіп, 1930 жылы майда Блюхер бес Қызыл Ту ордені мен Қызыл Жұлдыз орденінің еліміздегі ең тұңғыш кавалері болды. Ол кезде Қызыл Ту орденімен бір рет наградталудың өзі Совет Одағының Батыры атағын алғаннан кем емес-ті. Жаңа мен сенен Каховка, Перекоп, Волочаевканы білесін бе деп сұрадым ғой. Сұраған себебім Василий Константинович сол жерлердегі ұрыстарға тікелей басшылық етіп, Қызыл Армияның даңқын көкке көтерген кісі. Ол Совет мемлекетінің қас жауы Колчактың әскерлерін талқандаушылардың бірі. Партия қайда жұмсаса сонда барды. Сунь Ят-сен бастаған Қытайдың революциялық үкіметінің әскери бас кеңесшісі де болды. Он бір жыл ОКДВА-ны басқарып, Қиыр Шығыстың Отанымыздың берік қамалына айналуына бар күшін жұмсады. Сондықтан да ол тағы да екі рет Ленин орденімен наградталды. Отыз бесінші жылы оған С. М. Буденный, Қ. Е. Ворошилов, А. И. Егоров және М. Н. Тухачевскиймен бірге Совет Одағының маршалы атағы берілді. Сөйтіп ол ең алғашқы бес маршалдың бірі болды...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий