Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сонымен, байқау өтетін күн де жетті. Полктардың құрама батальондары лек-лек боп сапқа тізіліп, ән шырқап, аяқтарын нақ-нақ басып, дивизия ипподромына қарай ағылды. Спорт жарысына қатысатын командалар ипподромға ертерек келіп, өзіміз алуға тиісті кедергілерді көріп, жер жағдайымен танысып алғанбыз. Содан кейін дивизияның жиналуын күтіп тұрып, мен колонналардың шырқап келе жатқан әндеріне құлақ тостым. Бұл бір ғажап көрініс екен. Әр колоннаның әні әртүрлі. Бір жақтағы топ «Каховканы» айтып келе жатса, екінші бір топ «По долинам и по взгорьям» деп бастап (бұл жерде Бауыржан әндете жөнелді):

Этих лет не смолкнет слава,

Не померкнет никогда.

Партизанские отряды

Занимали города.

И останутся, как сказка,

Как маячные огни.

Штурмовые ночи

Спасска, Волочаевские дни,—

деп шырқайды. Енді бір топ:

Стоим на страже Всегда, всегда, Но если скажет Страна труда: — Винтовку в руки! Карьер! В упор! Товарищ Блюхер, Даешь отпор! —

деп құйқылжытады. Басқа бір колонна: «По военной дороге, шел в борьбе и тревоге боевой восемнадцатый год» деп, атты әскер жырын ағытып келе жатса, оған ілесе келе жатқан екінші топ:

На границе тучи ходят хмуро,

Край суровый тишиной объят.

У высоких берегов Амура

Часовые Родины стоят, —

деп «Үш танкист» әнін заулатады. Енді бір бүйірден артиллеристер әні естіледі.

Артиллеристы! Точней прицел! Разведчик — зорок, наводчик — смел! Врагу мы скажем: «Нашу Родину не тронь — Не то откроем сокрушительный огонь!»

деп дік-дік басып, жер солқылдатып олар келеді. Тағы бір колонна күмпілдеген оркестрге қосылып, дүниені жаңғырта және шырқайды:

Если завтра война, если враг нападет,

Если темная сила нагрянет

— Как один человек, весь советский народ

За свободную Родину встанет!

На Земле, в небесах и на море

Наш напев и могуч, и суров:

— Если завтра война,

Если завтра в поход,

Будь сегодня к походу готов!

Жүздеген жалынды жас азаматтардың күміс көмекейлерінен төгілген бұл қуатты әндер, адамның жанын жанитын жігерлі сөздер тыңдаушының төбе құйқасын шымырлатып, тебірентіп жіберерлік еді. Өйткені ән сөздерінің барлығы жай сөздер емес, ол сөздер біздің Отанымыздың, армиямыздың тарихы болатын. Ол сөздерде халық жүрегінің қасиетті патриотизмі жатқан-ды. Сол патриотизмнің арқасында кейін Отанға опасыздықпен шабуыл жасаған неміс фашистерін күл-талқан етіп жеңіп шықтық емес пе біз.

Сонымен, бір кезде бізге сигналмен «әзірленіңдер» деген команда берілді. Дивизиямыздың командирі комбриг Дотоль деген кісі еді. Өзі бұрынғы кавалерист болатын. Командыны сол кісінің өзі беріп тұрды. Мінбеде онымен қатар тұрған төртбақ кісі командарм болар деп ойлап, қайта-қайта соған қарай көз тігеміз.

Ең алдымен басқа екі полктың командалары өтті. Әскер тілінде «конкур-иппик» деп аталатын термин бар. Бұл ат спорты жарыстарында алынуға тиіс ең ауыр кедергілер. Оның өзі біресе құзар биіктен қарғитын, біресе жалпақ ордан орғитын қиын-қиын он үш кедергіден тұрады. Команда тегіс соның он үшінен бірдей мүдірмей өтуге тиіс.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий