Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Он бірінші кедергі жалпақ ордан секіру еді. «Атаң Тайбурыл Қазан қаласын айнала қоршаған жеті қабат ордан секіріп еді, Атаңа тартқан ат болсаң ырғы, айналайын» деп Ақбоздың бүйіріне шпорды сонда салдым. Ақбоз ор қояндай ырғып, ордың ар жағына барып дік ете түсті. «Атаңнан айналайын, жануар!» деп, Ақбозды жалынан бір қағып қалдым да, он екінші бөгетке қарай ұмтылдым. Ұмтыла бере артыма көз салып едім, екі жігітім ар жақта қалып қойыпты да, өзгелері ордың бер жағына дік-дік түсіп, содан соң қатарласа қайтадан менің соңымнан салды. Он екінші кедергі онша қиын емес еді. Қалғанымыз одан да тегіс өттік. Енді ең соңғы кедергіге қарай лап қойдық. Бұл ең қиын кедергі еді. Биіктігі үш метр жардан секіруге аттың аты, жігіттің жігіті ғана шыдайды. Оған тақағанда аттары жарқ беріп, талай адам жерде домалап жатады. Ақбоз ат қанша сенімді болса да, он үшінші бөгетке қарай шапқанда оның тізгінін тас қып ұстап алдым. Биік жарға жақындаған сайын атым тайсалақтай бастады. «Жоқ, мені тастап кете алмайсың, — дедім мен оған. — Секіреміз, құласақ бірге кетеміз!» Ат көнді. Содан кейін құйындай зымырап келді де, садақтың оғындай созылып, бөгеттің үстінен қалқыды. Секіріс кезінде ат үстіндегі адам құйрықты ерден қозғамай, ноқаттан-ноқат аудармай қатып қалуы керек. Әйтпесе ат құлайды. Ордан орғыған, биіктен қарғыған ат үстінде тастай қатып, тапжылмай отыру үшін де жігер, қайрат, ұстамдылық керек! Ал, ат жалына жармасқан екенсің, ондай қасиетті өз бойыңнан табуға тиіссің. Атымның төрт тұяғы найзадай шаншылып кеп, жерге кірш ете қатар қадалғанда ғана ол қасиеттердің өз бойымда бар екенін аңғардым. Үш метр биіктен созыла секіріп, жерге топ ете түскенде жануарым мысықтай боп кішірейіп кеткен сияқты еді. Табаны топыраққа тигеннен кейін ол орғи секіріп, қайтадан биіктеп шыға келді. Бүкіл ипподром шартылдата шапалақ соқты. Жоқ, ондай жігер, қайрат жалғыз менде ғана емес, менің командамдағы жігіттерде де бар екен. Төрт жігітім тағы да бөгеттен топ етіп асып, соңымнан ілесті. Оларға да ду етіп алақан тағы да соғылды.

Сөйтіп командамдағы он бес адамның бесеуі он үш бөгеттен бірдей мүдірмей етті. Он үші он екі кедергіні мінсіз алды. Сол аққан бойда командамды тегіс жинап, сапқа тізіп алдым да, әскери бөкен желіспен аренаны бір айналып шықтық. Трибунағa тақағанда бәріміз бір кісідей ат үстінде қаздиып тік тұра қалып, қолымызды шекемізге қойып, салют бердік. Содан соң ер-тоқымға қайтадан отыра қалып, аренаның сыртына шығып тұрдық.

Бір кезде репродуктордан саңқылдап, комдивтің үні естілді.

— Үздік әзірлігі үшін 306-шы полктың бүкіл командасына алғыс жариялаймын. Ал, команда капитаны лейтенант Момышұлына сыйлыққа сағат беріледі. Оны командарм, Совет Одағының Маршалы Василий Константинович Блюхер өз қолынан тапсырады.

Оркестр «да-да-да-дат» деп қошемет көрсетіп, бүкіл ипподром тағы да қол соқты. Тағы да Дотольдің командасы естілді.

— 306-шы полк командасының капитаны мінбеге келсін!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий