Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сөйтіп, Отан аясында Қиыр Шығыстың ғажап табиғатының құшағында әскери әзірлігімізді арттырып, шынығып, ширап жүріп жаттық. Күн сайын денеміз шымыр тартып, ойымыз өсе түсті. Отан деген ұғымымыз ұлғайып, оған деген махаббатымыз арта берді. Өйткені шешеңді де туған күннен бастап емес, есейіп, ержеткеннен кейін ғана жақсы көресің ғой. Отан да сол сияқты. Оның да қадірін өз үйіңнен ұзап шыққанда ғана білесің. Оның ұлылығын да сонда танисың. Сондықтан жас азаматтарды әскер қатарына алғанда оларды өз ауылынан алысқа апарып тәрбиелеген дұрыс деп ойлаймын. Әскери қызметті алысқа өтеген азамат Отан деген туған үй, тұрған қалаң ғана емес екенін жан-тәнімен, бүкіл тіршілік болмысымен түсінеді. Ал ауылынан ұзап шықпаған жастың Отан туралы ұғымы теория тұрғысында ғана болады. Алыста жүріп, жүрегін сағыныш кернемесе ол өз ауылының да қадірін білмейді. Қиыр Шығыс менің ауылымның, ағайынның қадірін білдірген, Отанымның ойы қырын танытқан, оның көп ұлтты ұрпағының өкілдерімен туыстастырып, достастырған ұлы университетім, мектебім болды. Өмірдің қилы-қилы қиыншылықтарынан жан-жақты сабақ беріп шыңдаған ұстазым да сол Қиыр Шығыс дер едім.

Өзгесін былай қойғанда, оның табиғатының өзі бір мектеп қой. Оңтүстіктің жылы жаз, жылымшы қысына үйренген адам алғашында, Қиыр Шығыстың күз бен қысына көндіге алмай қиналады. Ал оған көндіктің-ақ құрыштай болып шыңдалып шықтым дей бер. Ал жазының өзі жаңбырдан көз аштырмайды. Майдан бастап августке дейін төрт ай төбеңнен сорғалаған су сүйегіңнен өтеді. Соған қарамастан солдат жорықта жүреді. Күні бойы толарсақтан саз кешіп келіп, кешке, жаңбырдың астында отырып, жорық қазанынан ас ішеді. Түнде, жаңбырдың астында жатып, тынығып ұйықтайды Таңертең, желдірте айдаған топты түйедей боп төбеңнен жөңкілген бұлттардың жер ызған шудаларынан ұстап, немесе жантая жауған жаңбырдың керегесін тепкілеп, тағы да ілгері тартасың. Тап берген жаудан Отанды қорғау үшін осылай әзірленесің. Егер төрт ай бойы кендір арқанды суға салып қойсаң ол шіріп кетеді. Ал адам шынығып, ширай береді екен. Ол үшін адам өзінің бір жібін іштен үнемі ширатып отыруы керек. «Жауын — жаздың сілекейі», «Жауыннан қорыққан жауға жем болады» деп, қажымай қайраттана беруі қажет.

Ал Қиыр Шығыстың қысы қандай десеңші! Су қосылмаған таза спирт ішіп көргенің бар ма өзіңнің? Болса ең алғаш соның жүз граммын байқамай тартып жібергенде тыныс орның бітеліп қалған сияқтанып, сасқалақтамап па едің? Дәл сондай болып, Қиыр Шығыс аязы тынысыңды тарылтып, дем алдырмай, апшыңды қуыра кеп жөнелгенде жаныңды қоярға жер таппайсың ғой, шіркін. Бірақ ол алғашқы күндерде ғана солай боп көрінеді, артынан оған да үйреніп кетесің.

VI

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий