Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Казармаға келген соң мен оған ішімдегі клеенка сертекті көрсеттім. Содан кейін өзге офицерлер де іштерінен клеенка сертек киіп жүретін болды.

Біз Сібірдің аязында осылай шыңдалдық қарағым. Кейін, Москва түбіндегі соғыстарда сол шыңдалудың шапағатын сан рет көрдім. Қиыр Шығыстың қатты аяздарында шыныққан майлы Москва түбіндегі суықтар өзіміздің оңтүстіктің жылымық қысы сияқты ғана боп қалды. Мен онда қолымды биялайға сұқпастан аяғыма ылғи хром етік киіп жүрдім. Мәселе етікте немесе қолғапта емес. Менің бүкіл ісімде, мінезімде барша әрекет, қимыл-қайратымда, титтей де болса, сол шыңдалудың ізі, әсері жатты. Жаз бойы жауатын жауындар да, өкпеге найзадай қадалған қатты желдер де, тік тұрып «өлген» қарағайлар да есіме түсті. Соның бәрі маған берген табиғат мектебінің сабағы екен-ау деп, мені қиындыққа көнбіс етіп тәрбиелеген бір ұстазымның Қиыр Шығыс болғанын мақтаныш етіп жүрдім. Ал Орта Азияның жылы жағында өсіп, Қазақстан мен Сібірдің суығын көрмеген жігіттердің қыста қалай бүрсеңдегендерін майданда сен өзің де талай рет көрген шығарсың. Менің әскерге алынған жылы жақтың азаматтарын суық жақта шыңдау керек дейтінімнің мәнісі, міне, осы, қарағым.

— Ал енді сен кішкене дем ала тұрғын. Мен қазір келейін, — деп Баукең орнынан тұрып, есікке қарай беттеді. Денесі әлі де тіп-тік. Тек тебіндеп шыққан бурыл шашты басын ғана сәл еңкейте ұстап барады. Иығы да қушимаған, бойы да шөкпеген. Шынында да, осының бәрі әскери тәрбиенің арқасы-ау деп ойладым ішімнен. Осы арада ертеректе естіген «Бойы бар бізден гөрі биігірек» деген өлең жолы есіме түсе кетті. Бұл Баукең туралы өлең еді. Оны шығарған қазақтың ардагер ақыны Қасым Аманжолов болатын. Ол өлеңді біз сәті түсіп ақынның өз аузынан естіп, қолма-қол көшіріп алғанбыз.

VII

1948 жылы август айынын ішінде «Қазақстан пионері» газетінің редакторы Москваға бір жылдық оқуға кетіп, оның орнына Амантай Байтанаев қалды. Амантай, КазГУ-де бірге оқитын таныстығы бойынша, мені газеттің пионер және мектеп бөліміне меңгеруші етіп қабылдады. Ол жаңа оқу жылы басталуға он шақты күндей қалған уақыт еді. Амантай мені қабылдай сала бұйрық берді. Газеттің бірінші сентябрьде шығатын номеріне бір жақсы ақынның жақсы өлеңін әзірле, бүгіннен бастап заказ бер деді.

Бөлімде менен басқа Алмабек дейтін қолағаштай мұрнының астына текшелеп мұрт қойған тағы бір жігіт бар екен. Соған келіп ақылдасып, өлеңді кімге заказ береміз деп едім, ол бірден Қасымға беру керек деді. Өзі де өлең жазатын Алмабек, Қасыммен таныс болуы керек, ол өлеңді ақынның үйіне барып, ертең жаздырып әкелемін деп маған уәде етті. Бірақ ертеңінде ақынның өлеңін емес, уәдесін әкелді. Сендердің газеттерің балалардың газеті ғой, бала ұғымына лайықтап бір өлең жазып, редакцияларына өзім апарып берейін депті. Бауыржан туралы бір керемет өлең жазған екен, Қасым маған оқып берді деп, Алмабектің аузының суы құрып отырды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий