Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Келесі күні бөлмемізге Қасым кіріп келді. Ол кезде редакцияның екі бөлмесі ғана болатын да, оның бірінді оңаша редактор, екіншісінде машинисткамен қоса барлық қалған аппарат отыратын. Қасымды сыртынан жақсы білетін біз орнымыздан тегіс атып тұрдық. Ақын сыпайы ғана бас изеп, бәрімізбен амандасты. Содан соң басқаларымыздың бәрімізге бір-бір қарап алып, бірден Алмабекке қарай аяңдады. Оның қасына отырып, әкелген елеңін оқуға кірісті. Біз тым-тырыс боп тыңдай қалдық. Үш шумақтан тұратын өлеңнің мазмұны мынадай екен. Жетпістегі шал жеті жасар немересін жетектеп мектепке қарай әкеле жатады. Мектепке жеткенше асығып шал сүрініп, бала жүгіріп келеді. Мектептің қасына тоқтай қалып атасы немересіне тағы да ақылын айтады: жақсы оқы, ақылды бол дейді. Мектептен келер заман шуындай болып, жас балдырғандардың дүбірі естіледі. Немере атасының қолынан сытылып, жүгіріп барып соларға қосылады. «Жеті кетті жүгіріп, жетпіс қалды үңіліп» деп өлең аяқталады.Ақын өлеңін өзінің жіңішке даусымен асықпай мақамдап оқып шықты да, «жетпіс қалды үңіліп» дегеннен кейін, сол шалдың бейнесін біздің көз алдымызға елестеткісі келгендей, мойнын соза түсіп, біздің бетімізге тағы да бір-бір қарап өтті.

— Өлең осы. Сендерге бұл ұнай ма, ұнамай ма, білмеймін, — деді ол содан соң.

— Ұнайды.

— Өте жақсы.

— Нағыз біздің газетке лайық өлең, — дестік біз.

— Ақын шабыттанып қалды.

— Ендеше алыңдар, — деп машинкаға басылған нұсқасын ұсынды.

— Өлеңді ақынның қолынан алып жатып Алмабек:

— Аға, кешегі «Бауыржан» деген өлеңіңізді оқып беріңізші бізге ,— деп қолқа салды.

Қасым бәлсінген жоқ. Костюмнің ішкі қалтасына қолын сұғып, төрт бүктеулі қағаз алып, оны жазып алдына қойды да, жаңағыдан өзгеше интонация, өзгеше пафоспен оқи жөнелді. Біз бұрын Бауыржанды көрмеген едік. Өлең оқылып болғанда Бауыржан қасымызда тұрғандай боп көрінді.. Өлеңнің күші біздің тілімізді буып тастағандай болып, қапелімде ешқайсымыз ләм дей алмай қалдық. Жастық батылсыздығымыздан ба, әлде тәжірибесіз шалалығымыздан ба, кім білсін, бұл өлеңді қашан, қалай шығардыңыз, Бауыржанды көріп пе едіңіз? — деп те сұрай алмаппыз. Тек «Рахмет, аға!» деуге ғана шамамыз келді. Ақындық қуатының әсерін анық сезінген Қасым оқып болғаннан кейін қағаздарын қайта бүктеді де:

— Мә, осы дананы саған сыйладым, — деп Алмабекке берді. Содан кенін ақын қырандай қомданып орнынан тұрды да:

— Қош болыңдар деп, кеудесін тік ұстап бөлмеден шығып кетті.

Қасымның «Қазақстан пионерінің» өтінішімен жазып әкелген өлеңінің аты «Жетпіс пен жеті» еді. Үш шумақтан тұратын сол өлең үш бөлімнен құралған картина сияқты болып, мәңгі менің көз алдымда қалды. Ылғи бірінші сентябрьде мектепке бара жатқан балаларды көрген сайын менің ойыма жетпістегі шал мен жеті жасар бала түсетін. Көз алдыма редакция бөлмесінен шығып бара жатқан ақын елестейтін... Ал Қасым кетісімен біз оның Бауыржан туралы өлеңін бірнеше дана етіп машинкаға бастырып, қолма-қол жаттап алған болатынбыз.

— Баукең бөлмеге қайта келіп кіргенше, мен ол өлеңді шумақ-шумағымен есіме түсіріп өттім.

— Ол өлең мынадай еді:

Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін, Теңселтіп темір топан дүние жүзін. Бетіне туған жердің өшпестей ғып Ер жазды өз қанымен жүрген ізін!

Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін, Атағы атын алып келді бұрын. Үстінде туған елдің тұрды толқып: «Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.

Ақынның ақ сұңқардай жүрегі бар, Алқындым бір көруге болып құмар. Көктемде күркіреген күн даусын Жер естіп, желкілдеген гүл ынтызар!

Қан майдан қаталатып шөлдегенде, Кез болдым жалтылдаған екі көлге Көл емес, көздері ғой Бауыржанның, Елестеп мың көрінер бір көргенге.

Бойы бар бізден гөрі биігірек, Тіп-тік боп абыройын тұрған тіреп.

Топ жара көрінсін деп екі иығы, Туған жер жаратыпты оны ірірек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий