Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Майор Чистяков көзің кісіге шүйіре қарайтын, үшкір тұмсық үшкір иекті төртбақ сары кісі екен. Ол мені не ашулы, не ашусыз емес күйде қарсы алды. Мен бұйрық бойынша келгенімді айтып, рапорт бергеннен кейін, бас-аяғыма байыппен қарап алды да, отыруға рұқсат етті. Комдивтің столынан бүйректеу екінші столдың басында бір аға лейтенант отырды.

— Өткен жолғы жарыста аттың құйрығын шапқан батыр сізсіз ғой? — деді Чистяков содан соң.

— Дәл солай.

— Мен сонда сізді жаяу әскерге жіберейін деген ойға келіп едім.

— Ықтияр өзіңізде, жолдас майор.

— Бірақ сіз атқа міне біледі екенсіз. Бұрынғы жарыстарда жаман баға алмапсыз.

Е, бұл менің Блюхерден сағат алғанымды бетіме басайын деп отыр екен дәл ойладым да:

— Дәл солай, — дедім тағы да.

— Дегенмен, сіз сияқты кәнігі кавалеристке ат құйрығын шауып тастау деген кездейсоқ іс емес қой. Шыныңызды айтыңызшы сол сәтте бір нәрсе ойлаған жоқ па едіңіз?

— Дәл солай, жолдас майор.

— Не ойлап едіңіз? Тек қана шыныңызды айтыңыз. — Майор маған тесіле қарады. Аспандай мөлдір көкшіл көзінде тұнып тұрған ой бар екен. «Шынымды айтсам, шынымды шынжыр ғып байлап аласың-ау» деп бөгеліп қалдым. Осы кезде ойыма әкемнің екі сөзінің бірінде «Өлсең де өтірік айтпа» деп жиі айтып отыратын өсиеті түсті.

— Командирлерім есіме түсіп кетіп еді, — дедім мен де оған тіке қарап.

— Оларды жақсы көретін бе едіңіз?

— Иә.

— Не үшін жақсы көрдіңіз?

— Әділдігі үшін, әскери өнерге жетіктігі үшін, жауынгердің жанын ұға білетін зерделілігі үшін, — дедім мен әр сөзімді нақтылай айтып.

— Зерделілігі үшін, — деді ол менің ең соңғы сөзімді, не кекеткені, не мақұлдағаны белгісіз, қайталап айтып.

— Білемін, жолдас майор. Сіз шыныңызды айт деген соң айтып тұрмын. Және менің халқымда «Өлсең де өтірік айтпа» деген мақал, өсиет сөз бар.

— Халқыңыздың тағы қандай мақалдарын білесіз?

— «Жан — арымның садағасы», «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын», «Ел жаусыз болмайды, жер таусыз болмайды» т. б., жолдас майор. Менің халқымның мақал-мәтелдерін түгел жинап бастырса, бес томнан асады. Бірақ оның бәрі тегіс хатқа түспеген.

— Уставты да халқыңыздың мақалындай білесіз бе?

— Армия менің екінші анам, жолдас майор. Ананың әлдиін білмеген — ұл болмайды, Уставты білмеген — солдат болмайды.

— Мен сіздің шыншылдығыңызды сыйлаймын, — деді ойланып отырып майор. — Бірақ бұдан былай тіліңізді тісіңізбен құлыптап ұстаңыз. — Содан кейін ол түсін суытып, маған сұқ саусағын безеді.

— Түсінікті, жолдас майор.

— Ал сізді аттың құйрығын шауып алғаныңыз үшін мен жазалауға тиіспін. Атыңызды лазаретке өткізесіз. Оның құйрығы жазылғанша өзіңіз жаяу жүресіз.

— Құп, жолдас майор.

— Немен келдіңіз?

— Сол атпен, жолдас комдив.

— Осы арадан сіздің полкқа дейін неше шақырым жер?

— Он шақырым.

— Соған дейін атыңызды жетектеп жаяу баратын боласыз. Аяқ артпайсыз.

— Құп.

Күн жауын, жер батпақ еді. Атымды шылбырынан жетектеп, толарсақтан саз кешіп, шаршап-шалдығып полкке келдім. Мені аңдып, артымнан еріп отырған ешкім де жоқ, штабтан былай шыға атыма мініп алуыма да болатын еді. Бірақ мен Ақбозға аяқ артпадым. Ол менің қорыққандығым да, қуанғандығым да емес. Қанға сіңген әділдіктің, адалдықтың заңы солай еді. Міне Чистяковпен мен ең алғаш осылай танысқанмын. Оның кісіге шүйіле қарайтын өткір көзі, үшкір тұмсығы мен үшкірлеу иегі көз алдымда сақталып қалды.

Содан кейін ол бір күні біздің полкқа келді. Полктың офицерлер құрамымен танысты. Өзі жиырма жылға жуық жаяу әскер сапында тәрбиеленген кісі ғой: турник, снарядтың барып тұрған шебері екен. Бізге емтиханды да содан бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий