Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Полк командирі Журавлев бір-бірлеп офицерлердің фамилиясын, шенін, қызметін айтып тұрады. Чистяков кезегі келген офицерді не турникке, не брусқа шақырады. Алдына ет жеңділеу біреу келсе, оны сағатына қарап тұрып жаяу жүгіртеді.

Бір кезде Журавлев:

— Лейтенант Момышұлы, батарея командирі, — деп менің аты-жөнімді атады. Табаныммен жерді тесердей тепкілеп, әскери адыммен майорға үш адым қарсы келіп тоқтадым. Чистяков бетіме қарап сәл тұрды да:

— Лейтенант, анада полкқа дейін жаяу келдіңіз бе? — деді сәл күлімсіреп.

— Дәл солай! — дедім мен күлместен.

— Мен сізге сенемін, — деді майор басын изеп. — Жай сұрап жатырмын.

Содан кейін ол турникке қарай иегін нұсқады да:

— Күнше дөңгеле!— деп бұйырды маған.

Майордың «мен сізге сенемін!» деген сөзіне рухтанып кеттім де, жолбарыстай ырғып турникке секірдім. Сарт етіп екі қолым темірге тиісімен екі аяғымды біріктіріп, ұзын денемді алға қарай найзадай сілтеп кеп қалдым. Содан доң, көзді ашып жұмғанша лып етіп турникке көтерілдім де, күн боп дөңгелендім. Солнце жасағанда бірақ рет айналу керек. Өйткені ол ауыр номер. Ал мен турникте машинаның дөңгелегіндей зырылдадым. Содан соң қарғып жерге түстім де:

— Мен Сіздің айтқаныңызды орындадым, жолдас майор, — дедім.

— Өте жақсы, — деді майор.

Көп ұзамай Чистяков мені қайтадан дивизия штабына шақыртты. Бардым.

— Атыңның құйрығы жазылды ма? — болды оның маған бірінші қойған сұрағы.

— Дәл солай, — дедім мен қысқаша жауап беріп.

— Демек, ескі жара бітті деген сөз ғой?

— Мал дәрігері солай дейді, жолдас майор.

— Онда мал дәрігеріне рақмет. Ал әңгіме былай, — деді комдив түсін жылыта сөйлеп. — Сен артиллерияны жақсы біліп алдың, басқару взводында болдың, батарея командирісің. Сен сияқты жас командирлердің артиллерияның ғана емес, жаяу әскердің де жүйе-жүйесін білуі қажет. Сол себептен сені батальон штабының бастығы етіп, 267-іш полкқа жібергелі отырмын. Қарсы емеспісің?

— Қарсы емеспін, — дедім мен. «Өнерді үйрен де — жирен» және «Керек тастың ауырлығы жоқ» деген қазақ мақалы бар. Артиллерист өнерін үйренгенім рас. Артиллерияда жүріп кавалерист те болдым. Енді бұны да білуге ықыластымын. Отан қорғау үшін керек өнердің бәрін де білуіміз абзал ғой.

— Дұрыс айтасың, — деді Чистяков қуана күлімсіреп. — Сен менің ойымды дәл түсініп тұрсың. Штаб өнері армиядағы ең үлкен өнер. Мен сені сол өнерді үйренуге жіберіп отырмын. Саған әзірге көрсететін қолма-қол көмегім мынау ғана. — Ол столының тартпасын ашып, маған Б. М. Шапошниковтың «Армияның миы» дейтін атақты кітабын ұсынды. — Осыны оқып, артынан маған қайтарып бергін.

— Сеніміңізге рақмет, — деп басымды изедім де, комдив ұсынған кітапты алдым.

Иван Михайлович мені екінші бөлмеге өзімен бірге шай ішуге шақырды. Шай үстінде ол өз өмірінен, өз тәжірибесінен біраз жайларды әңгіме етіп айтты. Мен оның өзіме байланысты қойған сұрақтарына қысқа ғана жауап беріп отырдым.

Сөйтіп, мен батальон штабының бастығы болып жоғарыладым. Сенбесең мына куәлікті оқы, — деп Баукең қасындағы папкадан бір қағазды суырып алып, менің қолыма ұстатты да, өзі қайтадан шылым тартуға кірісті.

Мен қағазды алып, оқып шықтым. Машинкаға басылған куәлікте былай деп жазылыпты:

КУӘЛІК

Берілді Бауыржан Момышұлы жолдасқа, себебі ол Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясының кадрында 267 атқыштар полкында батальон штабының бастығы болып қызмет істейді.

Куәлік мерзімі 1940 жылдың 1 майына дейін. Адрес: Приморье өлкесінің Уссурий облысы.

267-ші атқыштар полкы штабының бастығы Копқарев».

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий