Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ойы бар бірде дауыл, бірде жалын, Теңіздей тебіренткен терең жанын. Алғандай бойға жиып бар қуатын. Кешегі өзі кешкен оқиғаның.

Кейде ол көк семсерлі генералдай, Кейде ол күй көңілді ақын жандай. Өмірдің ол шеті мен бұл шетіне Өресі өрен ойдың тартылғандай.

Жан ұқпас жұмбақ емес бір жасырын, Айтады ол тіке қарап жұртқа сырын. Жаратпас жамап-жасқап жұрт ескісін, Соғады өз дүкені сөз асылын.

Ойы бар қиялының қанатында, Адаспас апарып бір салсаң тыңға... Бір дәурен ойнап-күліп отырғаны, Жалтылдап екі көзі қарсы алдында.

Батырым — Бауыржаным!» дейді халқым, Алып ұш ақын жүрек ердің данқын Келешек келе жатыр көремін деп, Тік басып туған жерде жүрген қалпын.

Ағамыз атағына асқар тау тең. Жау келсе — жау бүйректей етер жәукем Емендей ерегесер сұрапылымен, Басымен бұлтты жайпап біздің Баукең!

Бұл өлең бөлмеде оңаша отырған мені едәуір ойға қалдырды. Қасым ақын Бауыржанның Отан соғысы кезіндегі ерлігін, өзі көрген келбетін тамаша етіп суреттеп кеткен. Сонымен бірге ол: «Келешек келе жатыр көремін деп, тік басып туған жерге жүрген қалпын» деп, өзгелерге де міндет артқан. Батырдың өмірінің әрбір сәтін қалт жібермей қадағалап, өзі сияқты етіп, қағазға түсіріп кетуді басқаларға парыз еткен. Ол ақын жоқ бүгін. Ол батыр ортамызда жүр қазір. Бірақ басқалар кеткен жаққа батыр да кетеді. Халық үшін қалтқысыз қызмет еткен Бауыржанның өзі үшін оғаш басқан жерлері көп. Біреуге ұнаған, біреуге жақпаған жайлары бар. Батырдың батыл өмірінің ұзын ұрға, жеке детальдарын жұртқа жеткізу жөніндегі ауыр міндетке мен арқамды тосыппын. Ол жүкті тиісті жерге жеткізе аламын ба? Баукеңнің көбіне түзу, кейде шалыс басқан іздерін қуалаймын деп жүріп сүрініп кетпеймін бе? Сонда: «Қолың көтере алмайтын шоқпарды беліңе қыстырма» деп біреулер азу тісін ақсита көрсетіп тұрмай ма маған? Бұл өлеңді «Қазақстан пионері» газетінің аядай бөлмесінде құдіретті ұлы ақын Аманжоловтың өз аузынан естіген сәтте содан жиырма бес жыл кейін мен де Баукең туралы бірдеңе жазармын деп ойлаппын ба, сірә. Алғашында бұл шағын очерк жазу үшін ғана колға алынған іс еді. Бірақ сол мақсаттан туған дүние очерктің бесігіне сыймады. Одан аумақтырақ нәрсе жазу қажет болды. Осы ниетпен Баукеңмен бірге өскен, қатар қызмет еткен көптеген адамдармен сөйлестім. Оның туып өскен жерін де іздеп барып көрдім. Замандастарының аузынан шыққан әрбір сөзді, Баукең жайындағы ел ішіндегі әрбір аңызды бірін қалдырмастан қағазға түртіп алып отырдым. Сонда менің көзім жеткені Баукең туралы аңыз деп айтылып жүргендердің бәрі де шындық: болған оқиға, істелген іс, айтылған сөздер екен. Және бұл аңыздардың барлығы да Баукеңнің әскерден босағаннан кейінгі немесе оның әскерде жүріп ел арасына келген кездегі мінез-қылықтарына байланысты. Сонда біздің бұл кітапты шүу басында «Ақиқат пен аңыз» деп атағанымыз дұрыс бопты. Ақиқат батырдың әскердегі өмірі де, аңыз — оның азаматтық өмірі яғни ел ішіндегі еркелік қылықтары екен. Осы ақиқат пен аңызды анықтай, толықтай түсу мақсатымен, мінеки, Баукеңе бүгін тағы келдім.

VIII

Мен осылай деп отырғанда ауыз бөлмеден Баукең кіріп келе жатты. Қасым: «Ағамыз атағына асқар тау тең, жау келсе — жаубүйректей етер жәукем!» деп жазған кезде бұл кісі отыз сегіз жаста еді. Ол шақта Баукеңнің тұла бойы толған қайрат болатын. Қазір осы кісінің бойында маған «Встать!», «Молчать!» деп ақырғаннан басқа не қалды екен деп, ақырын оның бетіне қарадым. Оның едірейген шашы, тікірейген мұрты, шаншыла қараған көзі қарт батырдың бой қайраты азайса да, ой қайраты әлі де мол екенін танытқандай еді. Ол орнына отырып жатып, былай деп маған үн қатты.

Бауыржан. Сенің ендігі аңдып отырғанын менің Чистяковпен ең алғаш қалай кездескенім ғой.

Автор. Иә, Бауке.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий