Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірде батареяны бастап, тактикалық сабақ өткізу үшін қалың орманға қарай кіріп келе жаттым. Айнала аппақ қар, аяз алпыс градусқа жуық еді. Аяқ астынан күн күркіреген сияқтанып, бір нәрсе шатыр ете қалды. Жазғы жауында аспанды қақ жарып өтіп, жақын тұсқа найзағай келіп түскендей болды. Дүрсілдеген дыбысы дүниені солқылдатып жіберді. Атым да жарқ берді, өзімнің де зәрем ұшып кетті. Қысты күні күн күркіремейді. Ол кезде бомбаның жарылысын естігеміз жоқ. Сондықтан жер жарылған екен деп, айналама алақтай қарап, атымның тізгінін тарта бердім. Ондағы ойым жер жарылса атым алып қашқан күйі сол жарыққа қойып кетпесін дегенім. Сөйтсем оң жақта, жүз. метрдей жерде аппақ қар аспанға құйындай шаншылып тұр екен. Жерден лап етіп ақ түтін көтеріліп, сол көтерілген жеріне төмендеп, қайтадан шөге бастағанға ұқсады. Оның айналасындағы ағаштар сатырлап, біріне-бірі үн қатқан іспеттенді. Сатыр-сұтыр бірдеңелер біздің жанымызға да тақау келіп, ақ қарға сүңгіп жатты. «Ананың біреуін алып кел деп ат қосшымды жұмсап едім, ағаштың бармақтай-бармақтай екі-үш сынығын алып келді... Сөйтсек ол аяздың қысымынан бытшыт боп жарылып кеткен үлкен қарағай екен. Шауып барып оның орнын көрдік. Тек арса-арса болып ағарып, созсаң құшағың әрең жетерлік түбір ғана жатыр. Оның қаздиған қырық метрлік тұлғасынан түк те қалмаған, аяз қысымымен шрапнельше шашырап жан-жаққа ұшқан да кеткен. Маған алғашында аспанға көтерілген ақ құйынға ұқсап, одан соң шөгіп бара жатқан ақ түтін тәрізденіп көрінген сол жарылған қарағайдың бұтақтарының қары екен. Діңгегі опат болған бұтақ бейшаралар жақындағы ағаштарға асыла салбырап қалыпты.

Бұдан кейін де біз талай ағаштың ажалы аяздан келгендігінің куәсі болдық. Қарағайлардың аязға шыдамай сан рет аспанға ракеташа атылғанын көрдік. Одан бұрын күзде дауыл құлатып, жерге бас ұрып, көлденеңдеп сұлап жатқан талай бәйтеректерді кездестіруші едік. Жығылған ағаш жолымызды бөгеп, оларды айналып өтіп, әлек болатынбыз. Соған қарағанда бұл ешкімге иілместен тік тұрып опат болған әсем өлім екен-ау деп сан ойлағаным бар. Ұмытпасам, дәптерлерімнің бірінде қатты аязда тік тұрып өлген қарағайды мадақтаған өлеңім де болса керек. Бірақ оның қай дәптерде екенін саған қазір тауып көрсете алмаймын мен.

Сонымен бірге Қиыр Шығыстың қыста соққан ызғырық желі және есімнен кетпейді. Жаяу жүрген адам желдің өтіне онша ұрынбайды. Оның үстіне ол өз қимылымен өзі жылынып отырады. Көресіні ат үстіндегі адам көреді. Атқа жеккен зеңбіректеріңді сүйретіп, расчеттарды оған жаяу ілестіріп жорықта жүргенінде, колоннаның басында ат үстінде келе жатқан саған алдыңнан соққан ызғырық кеудеңнен найзадай қадалады-ау келіп. Қырық найза бірден сұққылап жатқандай болады. Шинель мен фуфайканың аязға әлі келгенімен, ызғырыққа шамасы жетпейді.

Өстіп қиналып жүргенде бір күні полк магазинінде шиыршықтаулы клеенкаға көзім түсті. Кәдуілгі дастарқан етіп столғa жабатын көк ала шақпақты клеенка. Содан бір бес метрін сатып алып келдім де, атқосшым екеуіміз сертек тігуге кірістік. Келесі жолы сол сертекті гимнастерканың сыртынан киіп алып едік, көзің жамандық көрмесін, рақат болды да қалды. Клеенка дегеніңіз ызғырық желдің найзасын денеге дарытпайтын ежелгі батырлардың ақ сауытынан, немесе хандар киген кіреукеден кем емес екен. Содан соң магазиндегі қалған клеенканы өз ақшама сатып әкелдім де, сертек етіп тігіп, іштеріңнен киіп алыңдар деп, батареяның зеңбірек атына мінетін жігіттерге үлестіріп бердім. Осыдан кейін күні бойы жүрсек те мен ат үстінен түспеймін. Басқа командирлер алдан соққан желге шыдамай, аттарынан қайта-қайта домалап түсіп, жаяу жүгіреді.

Бір күні командирлердің бірі:

— Бауыржан, сен үнемі шаншылып ат үстінде отырасың. Мына ызғырық желдің өтіне қалай шыдайсың? — деп сұрады. — Сенін бойында өзгеше құр құпия күш бар ма осы?

— Бар, — дедім мен. — Ол құпияны мен саған казармаға барған соң көрсетемін.

— Рас па?

— Рас

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий