Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тақымды қысып кеп қалып едім, Ақбоз ат алға қарай ақ найзадай шаншыла сілтеді. Мен тағы да жарқ етіп трибунаның қарсысынан шыға келдім. Оған он метр қалғанда атымның басын тартып кеп қалып едім, құйрық-жалы шашырап, ол аспанға ақ фонтан болып атылды. Трибунадағы бастықтарға осылай сәлем бердім де, көкке шапшыған ақбоздың алдыңғы екі аяғы жерге түскенше мен де оның үстінен төмен қарай ырғыдым. Екеуіміздің аяғымыз дік етіп топыраққа қатар тиді. Бұл да Ақбоз ат екеуіміз ғана жасай алатын өзгеше приемдардың бірі еді. Содан кейін «Еңкей» деп, Ақбоз атқа команда бердім. Ол алдыңғы екі аяғын бүгіп, тізесімен жер басып, трибунаға қарай үш рет шұлғыды. Сәлден кейін, менен бұйрық күтіп тұрған атыма «Тұр!» дедім. Атым қарғып тұрды да, қос құлағын төбесіне шаншып, тіп-тік бола қалды. Ат пен солдат екеуміз қаздиып қатар тұрмыз. Мөлшерлі секундтар өткеннен кейін мен қылышымды жарқ еткізіп қынабынан суырып алып, маңдайыма көтере ұстап, әскери адыммен дік-дік басып, шпорларым зың-зың етіп трибунаның алдына келіп маршалға салют бердім. Қарасам комбриг Дотольдің де, полковник Коваленконың да қуанғаннан естері шығып кетіпті. Екі езулері құлақтарына жетіп, маған қарап бастарын изей береді. Командарм сағатты қолына ұстап, қою қара мұртының астынан жұмсақ қана жымиып тұр екен. Қылышымды қынабына салдым да, лыпып трибунаға көтерілдім.

— Сіздің команданың өнеріне өте қуаныштымын. Сіздің зор табысқа жетуіңізге тілектеспін, жолдас лейтенант. Жігіттеріңізге менен де алғыс айтуыңызды өтінемін, — деп командарм менің қолымды қысты да, екінші қолындағы сағатты берді. Маршалдың түсі сонша суық болғанымен, сөзі сондай жылы екен. Бетіңе жымия қарай сөйлегенде тура туған әкеңнің лебізін тыңдап тұрғандай рухтанады екенсің.

— Совет Одағына қызмет етемін! Командама Сіздің алғысыңызды да айтып барамын, жолдас маршал, — деп оң қолымды шекеме көтердім де, мен мінбеден түстім. Сөйтіп мен маршал Блюхерге қылышпен салют беріп, оның қолынан сағат алған кісімін, қарағым. Қазір «Ешкім де ұмытылмайды, ешкім да ескерусіз қалмайды» деген ұран бар ғой. Ендеше біз солдаттан бастап маршалға дейін ұмытпауымыз керек. Бұл детальді мен саған сондықтан айтып жатырмын.

V

Осылай деп Баукең бір бөгелді де, темекісіне қол созды. Пачкадан бір сигарет алып, оны асықпай ұзын ақ мүштігіне сұғындыра бастады. Оның етсіз салалы саусақтарына қарай отырып, мен аренада Ақбоз атпен шапқылап жүрген жиырма жеті жасар жігіт Бауыржанды көз алдыма елестеттім. Ақбоз аттан қарғып түсіп, алдымен атына «сәлем» бердіріп, артынан өзінің аяғын дік-дік басып, шпорлары сыңғыр-сыңғыр етіп келіп қылышын жарқ еткізіп, маршалға салют бергеніне сүйсіндім.

Осы арада Баукеңнің 1956 жылы армиядан босап, Алматыға келген бетінде көрсеткен бір мінезі туралы жұрт аузында жүрген әңгіме есіме түсті. Бір күні Бауыржан маузерін тағып, қылышын асынып, ақсақал жазушыларға сәлем беру үшін полковник формасымен Жазушылар одағына келеді. Келсе председательдің бөлмесінде креслоға шірене шалқайып, тығыршықтай қара домалақ біреу телефонмен сөйлесіп отырады. Ол екі сөзінің бірінде «О, собаковод» деп қойып, қарқ-қарқ күліп, ұзақ сөйлеседі. Оң қолымен үстел үстінде жатқан көзілдірігін иіріп және ойнап отырады. Бауыржан оның қарсысына келіп, үн-түні қаққан қазықтай боп қақаяды да тұрады. Тығыршық қара әрең дегенде сөзін бітіріп, трубканы жаба бергенде, Бауыржан:

— Встать! — деп ақырып кеп қалады.

Ана жігіт сасқалақтап орнынан атып тұрады. Жалма-жан көзілдірігін киіп, алдында тұрған айбынды полковникке, кешірім сұрағандай, жалтақ-жалтақ қарайды.

— Сен кімсің? — деп Бауыржан сұстана үн қатады.

— Мен Жазушылар одағының секретары боламын, — дейді ол.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий