Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыны алысымен Сізге полкқа басшылық ету ісін майор Елинге тапсырып, 1075 атқыштар полкына барып, полк командирінің міндетін қабылдап алу бұйырылады.

Негіз: дивизия командирінің нұсқауы.

Штаб бастығы полковник (Серебряков)

Соғыс комиссары

Аға батальон комиссары (Погорелое)

4 декабрь 1941 ж.».

№ 4/0412

Осылай деп штаб бастығы мен комиссар екеуі қол қойып, мөр басқан. Бірақ Сіз 1075 полкқа командир емес, орынбасар болдыңыз ғой. Бұл да сол аласапран кезеңнің ізі емес пе?

Бауыржан. Ол қағазға комдивтің қолы қойылмағаннан-ақ білініп тұр ғой. Ертең қағазда менің қолым жоқ деп, тайқып беруге жақсы емес пе? Ал, Панфилов полк командирі тұрған, батальон командиріне жіберген бұйрығына дейін өзі қол қоятын.

Автор. Дұрыс айтасыз. Мәселен, генералдың батальон командирі Сізге жолдаған бұйрығының фото көшірмесі де бар менде. Онда былай деп жазылған:

«Серкия Г.

1073 атқыштар полкы І-ші батальонының командиріне

ЖАУЫНГЕРЛІК ТАПСЫРМА № 014

316-шы дивизияның штабы Гусеново 18. 11. 41 ж. 4.00

1. Лысцево, Шишкиноны дұшпанның танктері мен жаяу әскері басып алды. Матренинода 50-ші атты әскер дивизиясы шеп құрып жатыр.

Бұйырамын:

2. Танк қаупі күшті аудан Матренино станциясын, Горюны мен Покровское селоларын танкпен күресетін отрядтың (ПТО) 768-ші артполкымен және 1-ші гвардиялық танк бригадасының 6 танкі, сол сияқты мотоатқыштар батальонымен бірлесіп — табанды түрде қорғауға тиіссіз.

Міндет: Жаудың жаяу әскері мен танктерін Волоколамск, Истра тас жолына шығармау. 298,0 биігі ауданына күшейтілген күзет қойыңыз.

Менің командалық пунктім Гусеново.

Орындалуын 18. 11. 41 ж. 8.00-де хабарлаңыз.

Дивизия командирі Генерал-майор (Панфилов).

Дивизия военкомы аға батальон комиссары (Егоров).

Штаб бастығы полковник (Серебряков).

1-ші бөлімнің бастығы капитан (Гофман)».

Бауыржан. Иә, бұл менің Панфиловтан алған ақырғы бұйрығым болды. Оқып болғаннан кейін генералдың хатын планшетіме салмай, төрт бүктеп гимнастеркамның омырау қалтасына жайғастырдым да, бұйрықты орындау қамына кірістім.

ІІ

Автор. Ол жағдайды Сіз «Москва үшін шайқастың» екінші кітабында толық жаздыңыз ғой.

Бауыржан. Иә. Ондағы оннан аса тарау сол кездегі жағдайды сипаттауға және біздің генералдың соңғы бұйрығын қалай орындағанымызды баяндауға арналды. Генерал қағазға аталған қыстақтарды «табанды түрде қорғауға тиіссіз» деп көрсеткенімен, дивизия саяси бөлімінің нұсқаушысы Федор Толстуновтан ауызша айтқан сәлемінде «бүгін мен ертең шыдап берсін, әсіресе, тас жолдың бойындағы Горюныны қолдан шығармай мықты ұстасын» депті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий