Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сонымен, не керек, біз қасық қанымыз қалғанша жаумен күресіп, генералдың жоғарыдағы № 014 бұйрығын орындадық. Басқа бөлімдеріміздің жылжып, кейін шығып жайғасуларына жағдай жасадық. Біздің бұйрықты орындауымызға «Катюша» дивизионының командирі капитан Кирсанов, дивизия артполкының командирі подполковник Курганов пен артиллерия бастығы подполковник Марков ойдағыдай адамшылық, азаматтық, тіпті туысқандық көмек көрсетті. Олар шегініп, екінші позицияға ауысқаннан кейін біз жаумен тағы бір күн бетпе-бет арпалыстық та, үшінші күні қоршауда қалдық. Бізге көмекке берілген танктердің септігі тимеді. Олардың топас подполковник командирі бізге тек қорғаныста тұрыңдар деп айтқан деп, батальонға көмек бермеді. Мотоатқыштар батальоны бірінші күні бұғып жатты да, екінші күні ешкімге айтпастан кейін қарай шегініп, қашып кетті. Жау өтінде жалғыз қалған батальон қансырады. Сергей Танков сияқты ержүрек рота командирінен айрылдық. Ондаған асыл жігіттер опат болды. Батальон менің өз денем, өзімнің тұла бой, тұтас тұлғам еді. Оған тиген оқ, кірш-кірш кіріп, менің тәнімді де тілгілеп жатты. Оққа ұшқан әрбір солдатпен бірге өз денемнің де клеткалары қоса өліп жатқан сияқтанды. Енді маған батальонның қалған күшін шашыратпай, шумақтай жинап алып кейін шегінуден басқа жол қалмады. Генералдың бұйрығын орындадық. Ендеше батальонға ешкімнің ренжитін де, ұрысатын да жөні жоқ. Ендігі міндет, қоршауда қалдық деп ұнжырғаны түсірмей, батальонды найзалы винтовкадай кезей ұстап, жолыққан жауды жайратып етіп, дивизияға қайта қосылу болды. Біздің бөлімдердің тактикалық есеппен жоспарлы түрде қалдырып кеткен жерлерін иемдене ілгері ұмтылған немістерден қалыспай, қатарласа қозғалып бердік. Олар масайрап Волоколам тас жолымен келеді. Тас жолды қуалай созылған орман ішімен оларды мысықтай аңдып біз келеміз. Ойымыз мына немістердің алғы шепке дүмін тигізбей тұрып, өздерімен жағаласа барып, ілгері өтіп кету.

Соғыста солдат сорлыны аңдитын жау көп қой, қарағым. Оған алдан атылған оқ та, снаряд та, мина да, төбеден төгілген бомба да — бәрі жау. «Ордағы солдатқа оқ өтпейді» деп баяғыда комбриг Дотоль айтқандай, оқтан қорғанарсың, снарядтан сақтанарсың, бомбадан да құтыларсың. Бірақ солдатты құтқармайтын тағы бір жау бар. Ол — ұйқы. Қазақ атамыздың «ұйқы — дұшпан» деген даналық сөзін бала күнімізде ауылдағы ақсақалдарымыздың аузынан сан рет естісек те, соның мәнін ұғыппыз ба, қарағым. Оның мәнін соғыста бірақ ұқтық қой. Жалғыз бұл ғана емес, соғыс аталарымыздың талай асыл сөздерінің мағынасын ұқтырды бізге. «Ат басына күн туса — ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса — етікпенен су кешер». «Балапан басына, тұрымтай тұсына», «Атадан ұл, анадан қыз айрылып, көл қылып көздің жасын ағызамын» деген сияқты нелер сөздердің шындығын сездік қой сонда.

Сөйтіп, үш күн бойына немістердің артиллериясына алдырмаған, танктерінен тайсалмаған, бомбалауына болмаған батальонды әп-сәтте ұйқы өлтіріп кете жаздады. Немістермен жанталаса жарысып келе жатқан біз Гусеново орманының шетіне іліктік. Әрине, дивизия штабы бұрынғы орнында жоқ болып шықты. Дивизияның ізін шолып, бағдарын білуге шолғыншылар жібердік те, олар келгенше екі сағаттай демалуға ұйғардық. Әрбір он адамның алтауын ұйықтатып, төртеуін табандарынан тік тұрғызып қойдым. Сөйтіп бір сағаттан кезек ұйықтасын дедім. Бұған дейін өзім де ұйықтамай, ешкімді де ұйықтатпай аюдай ақырып келе жатқанмын. Өйткені жорық, ұрыс жезінде ұйқыға кеткен солдат — өлі солдат. Оны әке-көке деп ешқашан да оята алмайсың.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий