Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шыбын жанды шүберекке түйдік те, генералдың бұйрығын орындауға кірістік. Табанымызды Горюныға тас қып тіреп, тапжылмастан жатып алдық. Бұл екі қолды басқа жастап, окоп ішінде қаннен-қаперсіз шалжиып жату деген сөз емес. Мұның мәнісі шарт етіп аспан жарылғандай болып жүздеген жау снарядтары ажал боп ысқырып, ысылдап, зуылдап үстіңнен төніп келе жатқанда төбе құйқаң шымырлап соны естіп отыру деген сөз. Мұның мәнісі сол снарядтар жарқ-жұрқ етіп жарылып, арс-ұрс етіп топырақ қапқан сәтте отырған окобың солқ ете түсіп, жүрегін аузыңа тығылса да соған тырп етпей шыдау деген сез. Мұның мәнісі жау самолеттері үстіңе шығып алып келі түйгендей төбеңнен бомбамен түйгіштегенде соған көну керек деген сөз. Оқ, жарықшақ тиіп, жанындағы серіктерің көз алдыңда жан тәсілім етіп жатқанда, тамағыңа ыстық тас кептелгендей болып, жаның қинала қайғыру деген сөз. Сөйтіп жатып, окобыңа қарай жортып келе жатқан темір аждаһа — танктермен айқасу, оларға бір-бірлеп қара кебін кигізіп, қара түтінге орау деген сөз. Қара құрымдай қаптап келе жатқан жаяу әскерге қорғасын оқты қарсы алдынан соққан темір жаңбырдай жаудырып, жайнап, тірісін беттетпей кері қайтару деген сөз. Бұл жанталасып кейін шегіну, аласұрып алға ұмтылу деген сөз. Не жау сені жермен жексен етіп таптап кетуі керек, не жаудың бетін шиедей қылып сенің ілгері бастырмай ұстап тұруың керек. Мінеки, тосқауылға қалған бөлімшеге тағдырдың тартар сыйы осы. Екінің бірі, басқа ешқандай жол жоқ.

Бұйрықты алған күні түске дейін біздің жігіттер жаудың үш танкісін құртып, талай әскерін жер жастандырды. Батальон түстен кейін де олардың бірнеше атакасын тойтарды. Кешке қарай олар атакаға тағы әзірленіп жатты. Осы кезде маған мынадай бір батыл ой келді. Күн болса суық — отыз градус аяз. Бұлардың емешесі құрып тұрғаны кешке дейін осы Горюныны алып, түнде осында рақаттанып ұйықтап шығу ғой. Горюныны алса бұлар түнге қарай бәрі бір ілгері баспайды, жайбарақат жайлы төсекке жантаяды. Ендеше олардың осы атакасын тойтарғаннан кейін батальонды Горюныдан шығарып, орман ішіне шегіндірейін. Немістер келіп мұнда жайғассын. Сол кезде батальонның жұдырығын мықтап түйіп әкеп, бұларды қапыда қайтадан түйгіштейін.

Осы шешімге табан тірей бергенімде екінші бір күдік көлбең ете қалды. Берік жатқан батальонды орнынан тұрғызып сен қаша жөнелгенде, ол Горюныға қарамай, соныңа түсіп қуып берсе қайтесің. Онда сен қыстақты әдейі тастап, генералдың бұйрығын қасақана орындамаған боласың деді күдік. Жоқ немістердің өйтерлік шамасы жоқ. Олар Горюныға кірсе, одан аттап ілгері баспайды. Сонда оларды біз жақсылап жамсатамыз. Бұйрықты орындау деген қойған жерде қақайып қатып қалу емес қой. Ол бұйрықты әртүрлі маневр жасап та жүзеге асыруға болады. Біздің міндетіміз жауды осы арада кідірте тұру. Олай болса дұшпанмен ары итерісіп, бері итерісіп, теке тірес боп тұрғанша, оны жаңағыдай айла жасап, күйрете неге кідіртпейміз. Біздің мақсатымыз жаудың техникасы мен тірі күшін көптеп құрыта беру ғой. Сөйтсек бізге кім ұрысады. Қазақта «Апама да барайын, тайлағымды да үйрете келейін» деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай, бұйрықты да орындасақ немістерді де ойсырата құртсақ бізге кім кінә тағады?

Ақыры, күдік жеңілді де, батылдық бел алды. Жаудың Кезекті атакасын тойтарғаннан кейін мен Горюныны тастап шығыңдар деп батальонға бұйрық бердім. Мұны естігенде Толстуновтың көзі бақырайып кетті.

— Мұның не, есің дұрыс па?— деді.

— Дұрыс, — дедім мен. Содан кейін оған ойымды айтып түсіндірдім. Алғашында ол менің көңіліме келген күдіктің сойылын соғып тұрды да, артынан:

— Жарайды, нар тәуекел. Бір іс бастаған екенсің, артын күтейік, — деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий