Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сонымен біздің батальон тас түйін боп, Горюныдан шықты да, соның желкесіндегі орманға келіп кірді. Оны көрген немістер орыстар қашты деді де, алдарына екі танк салып, өздері төрт-төрттен сапқа тұрып, шұбалған ұзын колонна болып Горюнығ. ұмтылды. Дүрбімен қарап санап тұрмыз, шамасы төрт жүз қаралы адам. Олар деревняға жетісімен танктерін, зеңбіректерін тастай салып, үй-үйге сүнгіп кірді де кетті. Біраздан кейін көшеде бақыртып тауық шыңғыртып, шошқа қуып, мәре-сәре болды да қалды. Бұл кезде біз үш топқа бөлініп, деревняны үш жағынан қоршауға алдық та, олардың аузы ыстық асқа енді тие бергенде ойранды салып кеп жібердік. Екілене соққан үш топ немістердің күл-талқанын шығарды. Тура оларды жусатып салды. Танк зеңбіректер бір оқ шығармастан өңкиіп-өңкиіп кешеде қалды. Құтылса бір он шақты-ақ адам құтылып кеткен болуы керек, өзгесі тегіс құрыды. Сөйтіп біз екі танк, екі зеңбірек, толып жатқан арба, төрт станокты пулемет олжаладық. Үш штаб машинасы тола документтерімен қолымызға түсті. Толстунов мені құттықтап жатыр.

— Бұйрықты беруін берсем де, ойым орындалмай қала ма деп зәре-құтым қалған жоқ. Федя... Жігіттерге рақмет, — дедім мен.

ІІІ

Автор. Содан кейін не болды, Бауке?

Бауыржан. Содан кейін үй-үйді аралап жүріп, оларға жайғасқан жігіттерге рақмет айтып шықтым. Келе сала күйреген неміс батальоны штабының барлық документтерімен артындырып-тартындырып, өзім генералдың атына жауынгерлік ақпар жазып, түнделетіп батальон штабының бастығы Рахимовты дивизия штабына жөнелттім.

Түнде қатты ұйықтап кетсем керек, біреу иығымнан қозғап оятады. Атып тұрсам — Рахимов екен.

— Гусеноводан келдім. Ондағылар қатты қуанып қалды. Мынау Сізге жолдаған Серебряковтың хаты, — деп Хабиболла маған рапорт берді де, умарланған дәптер бетіне қызыл қарындашпен жазылған біздің дивизия штабының бастығы Серебряковтың хатын қолыма ұстатты. Ашып оқып жіберсем, мынадай сөздермен басталған екен: «Жолдас Момышұлы! Генерал да, біздің барлығымыз да сіздің жұмысыңызға ризамыз...» Содан кейін генералдың асығыс түрде командашыға кеткенін, бізге рақмет айтып, алдағы уақытта да абыройлы болуға тілек білдіргенін хабарлапты. Мұндайда «қатыны ұл тапқандай қуанды» дейді ғой қазақ. Ал мен қатыным бір ұл емес, бес ұл тапқандай қуандым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий