Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен штабқа аяғымды ширақ басып, жіті аяңдап кірген сияқты едім. Штабтан батальонның қасына келгенде әкенің өлгеніне көзі жетіп, оның қаңырап қалған қара шаңырағынан құр сүлдері шыққан жолаушы жігітке ұқсадым. Өткен жолы дәл осылай қоршаудан шығып келгенімізде Панфилов батальонды алдымен дивизия штабының басында тамақтандырып, жігіттерге жылы сөз бен алғысын айтып, содан кейін полкке жөнелтіп еді. Бұл жолы олай болмады. Екі күннен бері нәр татпаған жігіттер ішектері шұрылдап, полкке дейін тағы да он шақырым аш салпақтайтын болды. Соған ашуландым ба, әлде жігіттерді ширатайын дедім бе мен оларға құшырлана қатты айғайлап команда бердім:

— Батальон! Оңға! 1073-ші полктың штабына қарай қарыштаңдар! — дедім де, өзім Толстуновтың қасына келіп, онымен қатарласа аяңдадым. Осымен бәрі де түсінікті болды. Ұрыстан қалжыраған, ұйқыдан қажыған, әрі ашыққан азаматтар қыңқ етпестен соңымнан ілесіп жүре берді.

Ал полктегілер бізді әлдеқайда жылы қарсы алды. Полк командирі майор Елин мен комиссар Логвиненко бізді салтанатпен қарсы алмақ боп, алдымызға бір ротаны тізіп құрметті қарауыл қойыпты. Мен батальонды тоқтатып, оңға бұрып, сапты тегістеп болдым да, қатар тұрған ол екеуіне рапорт бердім.

— Жолдас командир! Жолдас комиссар! Сіздердің қарамақтарыңыздағы полктың бірінші батальоны генерал Панфиловтың тапсырмасын орындап, қайтып келді, — дедім.

Полк командирі Елин менің рапортымды қабылдады да, қатты сілкіп қолымды қысты. Комиссар Логвиненко «Командир саған қолын ғана берді. Міне менің сені қалай құрметтейтінімді көрдің бе?» дегендей, қапсыра құшақтай алып, екі бетімнен кезек сүйді. Содан кейін тоқталмастан сөз сөйлеп кетті. Сөйлей білетін зар жақ кісі еді. Бізді Панфиловтың тапсырмасын абыроймен орындап келгенімізбен құттықтап, жұртты ұйытып тастады. Сендерді өліп қалды деп есептеп едік деді. Арасына Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты өлеңінің жаттап алған бір шумағын да қыстырып жіберді. Панфиловтың дәстүрін сақтайық деп келді де, дереу «Жаңа командирдің басшылығымен жаңа жеңістерге жетейік», «Жана командир бізге былай деді», «Жаңа командирдің салиқалы нұсқауы әрқайсысымыздың жадымызда болсын» деп екінші әнге көшті. Ең соңында ол бізге Панфиловтың 18 ноябрьде қаза болғанын естіртті.

Мінеки, ол бұйрықтың тарихы осылай, қарағым.

V

Автор. Рахмет, Бауке. Бұл әңгіме полк командирі кезіңізде Сізге дивизия командирі өзі қол қоймай комиссар мен штаб бастығына қол қойдырып жіберген бұйрықтан шығып кетті ғой.

Бауыржан. Иә, мен Панфиловтың батальон командиріне берген бұйрығына да өзі қол қоятынын айттым.

Автор. Айтпақшы Панфиловтың осы бұйрығына байланысты Сізге бір айтайын дегенім бар еді.

Бауыржан. Айтқын.

Автор. Осы бұйрықтың көшірмесін Сіз «Генерал Панфилов» атты кітабыңызда келтіргенсіз, Бауке. Бірақ құйрықтағы «Матренинода 50 км шеп құрып жатыр» деген сөз кітаптың 112 бетінде «Матренинода номері жоқ атқыштар дивизиясы (ед) шеп құрып жатыр» деп қате кетіпті. Сол сияқты Покровское деген село — Мокровское, 768 артполк — атқыштар полкі болып жүр. Әрине бұл Сіздің емес, Сізге көмекші ретінде бұйрықтың көшірмесін салыстырып оқыған адамның кінәсі. Ол қатені Сіз генерал Доватордың атты әскер корпусына қарайтын 50 кавдивизия екенін білмегендіктен жіберді деп отырғаным жоқ, Бауке. Кітабыңыздың кейінгі басылымында мұндай тарихи деректердің дұрыстығын ескеруіңіз керек дегенім ғой. Оның үстіне фото көшірмеде оның қандай дивизия екені көмескі шығыпты, «д»-сы айқын да, оның алдындағы әрпі адам танығысыз.

Бауыржан. Оны сен қалай айқындадың?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий