Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Автор. Бауке, оттан ұшқан ұшқын тәрізді болып, Сіздің ауызыңыздан теңеу, нақыл, метафора дегендердің жарқ-жұрқ ұшып жататынына таң қаламын. Және Сіз осыншама оқиға, цифрларды қалай өлеңдей етіп жаттап алғансыз?

Бауыржан. Комплиментті қатындар жақсы көреді. Сен соларға айтқын мұныңды. Ал мен әскери академияда лекция оқыған кісімін. Түсінікті ме саған?

Автор. Түсінікті.

Бауыржан. Түсінікті болса ары қарай кеттік. Сөйтіп, біздің әскерлердің Москва түбіндегі қарсы шабуылы 1941 жылдың 5 - 6 декабрінде басталды. 1942 жылғы январьдың басында Москва түбінен басталған бұл қарсы шабуыл Совет Армиясының жаппай шабуылына ұласты. Тоғыз батыр түгелдей білекті сыбанып тастап, немістерді оқпен осып, отпен үйтіп, бомбамен желкелеп, келген жағына қарай қуды. Ол кездегі жағдайға жалпы шолу осы. Осы тұста генерал Чистяков келіп біздің дивизияның тізгінін қолына алды.

Сөйтіп біз «қара бураны» қаумалап кейін қарай айдап келе жатырмыз. «Қара бурада» бұрынғы хал жоқ. Москва түбіне келгенде бейіттің құлағындай серейіп тұрған екі өркеш майысты. Қыршаңқы болғандай, әр жерінің жүні де түсе бастады. Кешегі жер сызған шудадан желкілдерлік ештеңе қалмады. Сонда да ол артынан келе жатқандарға айбат шегеді. Кейде кісіге жынын шашып тоқтап қалады. Кей күндері қарсы шөгіп жатып алады. Екі көзі шатынап, тістері сақырлап, қозғалмастан қатып қалады. Екі-үш күн әуреленіп, оны орнынан әрең тұрғызамыз. Қайткенмен бураның аты бура емес пе — тақап барсаң тарпып тастайды: алдынан өтсең шайнап жібереді...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий