Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Автор. Менің қолымдағы архив көшірмелерінде «Волоколамск операциясы» деген документ бар. 16 армия оперативтік бөлімінің 1 бөлімшесінің бастығы майор Соколов қол қойған сол документте Москва түбіндегі 1941 жылы 14 октябрьден 16 ноябрьге дейінгі ұрыстардың қысқаша сипаттамасы берілген. Сонда бұл ұрыстарға 50-ші кавдивизия мен 786-ші артполктың қатысқаны көрсетілген.

Баукең маған сүзе қарады да, үндемеді. Бұл кісі маған иланбай отыр ма деп ойладым да, сөзімді әрі қарай жалғадым.

Автор. Бауке, бұл Қорғаныс Министрлігінің архивінен алынған документ. Сенбесеңіз өзіңіз қарарсыз: «Ф. 16 А. ОП. 5916, д. 54-57, л. 1-4».

Бауыржан. Өй, сен өзің документшіл екенсің ғой.

Автор. Жұрт Сізге өтірік айтсаңыз да сенеді. Ал маған документ болмаса кім сенеді, Бауке?

Бауыржан. Сонда сен мені өтірікші демексің бе?

Автор. Жоқ, Бауке, жай әшейін сөздің сірәғысы ғой.

Баукең менің бұл сөздерімді тыңдаған жоқ, әлде не ойына түсіп кеткендей, басын төмен салып, үнсіз отырды. Сәлден кейін барып еңсесін көтерді.

Бауыржан. Иә. Генерал Доватор генерал Панфиловтан бір ай кейін қаза тапты. Екеуі де ел үшін еңіреп туған ер еді. Екеуі де жас кетті: Панфилов қырық сегізінде, Доватор отыз сегізінде опат болды.

Автор. Сол ерлер қорғаған өмірдің рақат, қызығын қазіргі жастар керіп жатыр.

Бауыржан. Жастар әкелердің қанымен келген рақатты қадірлей білсе екен. Елді, жерді сол ерлерше сүйіп, Отан үшін отқа түсуге әзір бола білсе екен... Ал, жарайды. Менің бір күдігім болып отыр.

Автор. Қандай, Бауке?

Бауыржан. Сен оқушыңды жалықтырып алып жүрмес пе екенсің деген.

Автор. Себеп?

Бауыржан. Өйткені екеуіміз сәл бүйректеу әңгімеге түсіп кеттік. Біздің бүгінгі әңгімеміздің желісі Чистяков туралы емес пе? Енді соған оралсақ деймін.

Автор. Құп, Бауке.

Бауыржан. Жоғарыда Нахабино селосынан Чистяковпен жүздескеннен кейін қатты тебіреніп қайттым дедім ғой. Рас, Панфилов өлгенде мен өзімді де, дивизияны да бақытсыз екен деп ойладым. Сол ойда ұзақ жүрдім. Оқ пен оттың ішінде жүрген екі ай — аз уақыт емес, қарағым. Енді міне дивизияға командир болып Чистяков келді. «Жоқ біз бақытсыз емес екенбіз» деген қорытынды жасадым. Солдаттың бақыты дегеннің не екенін түсінесің ғой сен. Ол командирден қатын әпер демейді, пәтер сұрамайды. Немесе мені не кандидат, не доктор етіп, ақшамды көбейт, қызметімді жоғарылат демейді. Оған тек қана бейіл, ықылас, адамгершілік қатынас қажет. Қатесі болса қатты айтқанға солдат ешқашан да ренжімейді. Бірақ кемшілігімді қорламай көрсет дейді. Бұйрығыңды дұрыстап беріп, өлімге айдасаң да жылы қабақпен жұмса дейді. Міне, оның бақыты осы. Ал командирін шын сыйлаған солдат жаудан жеңілмейді, өлімді де жеңіп шығады. Өйткені оның бойында бұйрықтың күші ғана емес, ар мен ұяттың, командирге, қолбасшыға деген сүйіспеншіліктің күші қоса жүреді. Бұл жеңіс үшін аса қажетті фактор. Суворовтың, Кутузовтың солдаттарының жеңімпаз болуының негізгі себебі осында жатыр. Ал жүздеген, мыңдаған жауынгерге өзіңді жақсы көрдіру оңай іс емес, қарағым. Оған ең алдымен ақыл, қайрат, адамгершілік қажет.

Ал енді мен саған дивизияға Чистяков келген кездегі жалпы жағдайды айтып түсіндірейін. Мұны жазасың ба, жазбайсың ба — өзің біл.

Автор. Айта беріңіз, Бауке.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий