Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Колоннаны аралай шығып, бір үлкен ақ қайыңның қасына келіп, соның оқ тиген қабығын алақаныммен сипап, иығыммен сүйене бергенім есімде. Қайыңның әппақ қабығын әйелімнің иығы деп ойлап қалдым ба, қайдан білейін, әйтеуір соған сүйене сала қор етіп ұйықтап кетіппін. Әйелді ойласаң-ақ қырсыққа қамалдың емес пе, ақ қайың мені құшағына алып, әлдилей жөнеліпті... Оқ алмаған солдатты ұйқы осылай үн-түнсіз байлап-матап ала қойыпты. Есіңде ме, Қобыланды батырды ұйқы жеңгенде жауларының жиналып келіп, байлап алатын жері бар еді ғой. Дәл сондай боп, батальон батыр да қолға түсіп қала жаздады.

Алғашында құлағыма алысырақтан пыр-пыр атылған автомат даусы келді. Ол өше қалған сәтте «өзі автомат па, пулемет пе» деп ойладым. «Неміс пулеметі дүңкілдей атылса керек еді. Біздікі сақ-сақ етіп зіркілдей жөнелуге тиіс. Екеуіне де ұқсамайды. Автомат болар» дедім. Сөйткенше болған жоқ әлгі үн сәл жақындай түсіп, қайтадан естілді. «Ә, автомат екен» дедім. Оған қарсы тіпті жақыннан қақала шығып, ұзағырақ безілдеген тағы бір үн шықты. «Бұл да автомат» деді санам. Дүбірлеп, дүркіреген аяқ дыбысы білінді. «Ат шапшаң», «аш көзіңді» деген таныс дауыстар естілді. Көзімді ашайын десем, аша алмаймын. Тұрайын десем, тұра алмаймын. Айналада не боп жатқанын білмеймін. Жақындағы дүбір ұзап барады, алыстағы автомат үні жақындап келді. Жақыннан шыңғырған әлде бір жылқының үні құлағыма келді. Көзімді ашып алып, жандәрмен орнымнан атып тұрдым. Жан-жағыма қарасам батальоным быт-шыт боп қашып барады. Үстеріне ақ халат киген бір взводтай неміс оларға оқ атып, маған қарай қаптап келеді. Таяу жерде тұрған кухнялардың жегулі тұрған аттарының біріне оқ тиіп, құлап түсіпті. Ол жанталаса артқы аяғын сермеп жатыр. Айналамнан оқ зу-зу үшкіріп өтеді. Төбе құйқам шымырлап, денем ағаш боп сіресіп қалған сияқтанды. Пистолетімді суырайын десем қолымда жан жоқ, дабыстайын десем аузым икемге келмейді. Біткен, құрыған деген осы екен деп ойлап, қададай қақшиып, мелшидім де қалдым. Сол сәтте:

— Кейін! Кейін жүгіріңдер, комбат қалып қойды! — деп ышқына айғай салған Толстуновтың үні құлағыма келді.

IV

Автор. Оның арты не болды, Бауке?

Бауыржан. Оның арты жүн-түтін атысқа айналды. Менің жанымнан оқ екі жаққа қарай ерсілі-қарсылы зымырады. Менде енді қозғалуға дәрмен қалмады. Көзім қарауытып, енді оқ тиеді-ау, енді құлаймын-ау деп тұрғанда батальон жақтан біреудің «ура!» деп айғай салған даусы шықты. Топ-топ дүрсілдеген аяқ дүбірі естілді.

— Ағатайым-ай, барсың ба? — деп ентіге жүгіріп, ең бірінші боп келіп мені Жалмұхамед Бозжанов құшақтай алды. Екеуіміздің де көзімізден жас ыршып кетті.

Ажал адамға әртүрлі бейнеде келеді. Оқ, от, су, аштық ауру болып аңдиды. Осылардың бәрін бірінен соң бірін соңыма салып, екі көзі екі тесік болып үңірейген қу бас ажал саудыраған саусағын маған қарай сан рет созып еді. Бұл жолы ол мойныма ұйқының арқанын лақтырып, бұлқынта буалдырық салған еді. Бірақ жауынгер серіктерім, адал достарым, болат батальоным мені бұл тұзақтан да құтқарып әкетті, қарағым. Бұл ұрыс не бәрі он минутқа ғана созылды. Алайда, осы он минут ішінде мен дәл бір он жылға қартайған шығармын деп ойлаймын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий