Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Москваға тақау келіп өмешесі құрып сіресіп жатқан жауды біздің әскерлер қуатты соққымен декабрьде желкелеп кейін қарай қуғаннан кейін, сәл күш жинап, қатарына жаңа жауынгерлер қабылдап үлгірген біздің дивизияны Чистяков қабылдай сала Валдай қаласына бастап келді. Біз Батыс майданынан, ортадағы Калинин майданының белін аттап өтіп, Солтүстік-Батыс майданының қарамағына келдік. Осы жерде жаңадан жасақталып жатқан 2-ші гвардиялық атқыштар корпусының құрамына кіріп, жауынгерлік тапсырма алдық. Командование 8-ші гвардиялық дивизияға осы арадан жау шебін бұзып өтіп, қалың жаудың ортасына үңгілеп кіріп ілгері баруға бұйрық берді. Бұрын жау бет алдымызда ғана болушы еді. Енді төрт құбыламыз тегіс араның ашқан дұшпан болды. Оның үстіне қылт еткен қараңды көрсе неміс құзғындары қаптай ұшып келіп, бомбамен төбеңнен және құй қазады. Біздің міндетіміз жау қоршауында жүз километр шабуыл жасап, алдымен Старая Руссаны немістерден босату. Одан соң тағы жүз километрге ырғып, Холмды алу. Сөйтіп біз, үлкен қаптың ішіне кірген жолбарыстай боп, алға қарай жылжып бара жаттық. Бұл қолыңа қылыш ұстап, жолдағысын жайпап құжынаған жыланның ордасын қақ жарып өтумен парапар еді. Қаптаған жаудың қалың ортасына кіріп алып, шабуыл жасап ілгері басу ешбір елде, ешбір тарихта болмаған оқиға. Осы аса жауапты міндетті Жоғарғы Баскомандование қаһарман 8-ші гвардиялық дивизияға жүктеді. Бұл жорық бізге оңайға түскен жоқ. Қырық градус қылшылдаған аязда, орман ішіне үйілген омбы қарды белуардан кешіп отырып, немістерді бекініп жатқан жылы орындарынан қозғау оңай болып па. Екі жүз шақырымға созылған бұл жорық Суворов әскерлерінің Альпы тауларынан асуы немесе Кутузовтың Бородино шайқасынан кем болған жоқ. Сонау Балтық теңізінен Қара теңізге дейін созылған ұлан-асыр майданда Совет Армиясы құрамаларының алдынан неше алуан ауыр асулар кездесті ғой. Оған ешкімнің дауы жоқ. Ал Валдай— Старая Русса — Холм жорығы біздің 8-ші гвардиялық дивизияның өз Альпысы, өз Бородиносы болды, тіпті ол бүкіл Совет Армиясының Альпы-Бородиносы болды деп батыл түрде айтуға тұрады. Олай болса дивизия көлеміндегі біздің кішкентай Суворовымыз да, Кутузовымыз да генерал Чистяковтың өзі болды. Бұл сөзді мен жағымпазданып айтып отырғаным жоқ. Қазір ол кісі отставкада, мен армиядан кеткелі әлдақашан. Несіне жағымпазданайын. Және осы уақытқа дейін ешкімге жағымсынып көрген емеспін. Мен сол кездегі болған шын жағдайды айтып отырмын. Өлген генералиссимус пен фельдмаршалдан тірі генерал артық деген сөз емес бұл. Сен түсін мұны. Әйтпесе Бауыржан да жағымпаз екен деп жазып қойып жүрерсің бір жерге. Жоқ, одан аулақпын. Жақпасаң да жағымпаз болма. Мен осының кісісімін. Ал Чистяковты сәл-пәл Суворов пен Кутузовқа ұқсатсам, оның адал еңбегіне берген бағам бұл. Одан Суворов пен Кутузовтық ештеңесі де кеміп қалмайды. Олардың есімі Отандық тарихымыздың төрінде бірі ұлы, бірі данышпан қолбасшы ретінде мәңгі жарқырап тұра береді. Ал Чистяков ұлы да, данышпан да қолбасшы емес. Ол не бары адал коммунист, Отанның қажырлы солдаты ғана. Сондықтан да ол осы ғаламат қиын іске иығын тосты. Өзің ойлашы, саған мыңдаған адамның тағдырын қолыңа ұстатып, мына темір коридорға кір де, оның ар жағындағы темір қабырғасын тесіп өт десе, барар ма едің бармас па едің? Бұйрық болғаннан кейін барсаң барарсың да. Бірақ, адамдардың обалына қалмай оларды ары қарай алып шыға аласың ба, жоқ па? Әңгіме осында ғой. Сондықтан да ол осы екі жүз шақырымдық жорықта солдаттармен иық тіресіп қатар жүрді. Әрқашан да алдыңғы шептен табылды. Қай жерде қиыншылық сезілсе, сол жерге шапқылап өзі барды. Түнде түні бойы көз ілместен отырып, қолға түскен тұтқындардың берген жауаптарын тыңдады. Оның шындығын барлаушылардың жау тылынан әкелген ақпарларымен салыстырды. Өстіп, көрер таңды көзімен атқызып, ертеңгі ұрыстардың дұрыс шешімін табуы, қателеспеуі керек. Мұнда сағат сайын сөйлесіп, кеміңді көрсетіп, жөніңді түзеп беріп отыратын майдан немесе армия командашысы жоқ. Сол екеуінің ойлайтынын жалғыз ойлап, олар қабылдайтын шешімді жалғыз табуың керек. Ал Чистяков болса, мұз жарғыш кеменің капитаны іспеттеніп, жан-жақтан, төбеден жауған оқ астында қасқая қарап тұрып дивизияны ұрыспен алға бастады. Қасымда командашы жоқ деп қысылмады. Оның есесіне ол қарамағындағы офицерлермен үзбей ақылдасып отырды. Кейде ол бізге қарап: «Менің кіші академиям сіздерсіздер ғой. Ал сіздер не айтасыздар?» деп әзіл тастап, күлімдеп те қоюшы еді. Олай дейтіні Иван Михайлович Бас штабтың академиясында оқып жүргенде соғыс басталып кетіп, содан майданға келген кісі ғой. Міне осы жорық кезінде солдаттар мен офицерлер оны «екінші Панфилов» деп атады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий