Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Панфиловтың атына дақ түсірмей, оның дәстүрін дивизия арының туы деп біліп, жоғары көтере ұстады да, Чистяков оны тағы бір даңқты жолға бастады. Бірінші февральда дивизия Валдай — Старая Русса тас жолына шықты. Үшінші февральдың екпіні атты кісіні құлатарлық боранды түнінде 1075 және 1073-ші полктардың алғы батальондары тас жол бойындағы немістердің алғы шебіне жетті. Олар кідірместен ұрысқа кірісіп, Бологое — Старая Русса темір жолын кесіп тастады. Осыдан кейін Красикове, Брагино, Козырево, Фильшево сияқты ондаған деревняларда осындай қиян-кескі ұрыстар болды. Солардың бәрінен немістерді сырғыта айдаумен келіп, дивизия жаудың Старая Русса қорғанысын талқандады. «Қара бура» жығылған өркештері салаңдап, енді Холмға қарай қашты. Оны қақпалап қуалай отырып, екі жүз километрлік ерлік жорығын аяқтап, Холм қаласының түбінде Калинин майданының 3-ші екпінді армиясына келіп қосылды.

Ең алғаш Нахабино селосында көрісіп, қауышқаннан кейін, осы жорық үстінде мен Чистяковпен бірнеше рет кездестім.

Дивизия ең алғаш дұшпанның шебін бұзып, жолбарыстай атылып жау тылына өтер түні біздің полктың алдына қойылған міндет Ново-Свинухово қыстағын басып алу еді. Немістерді маңдайдан және екі бүйірден соғып, қатты ұрыстан кейін қыстақты тартып алдық. Оқ атылған жерде өлім аз болмайды. Қыстақта кәперсіз жатқан немістер қатты қырылды, азын-аулақ бізден де шығын болды. Таң ата немістердің ең соңғы тобын деревня аузынан желкелеп шығарып жатқанымызда кенеттен генерал келіп қалды. Тұлғасына Қиыр Шығыстан көзім қанғандықтан басына солдат құлақшынын, үстіне қоңырқай шинель киген, аяғында қалың ұлтанды шаруа етігі бар орта бойлы, тығыршық денелі төртбақ адамның генерал Чистяков екенін бірден таныдым. Жан-жағына жіті көз салып, асықпай аяңдап келе жатқан генералдың алдынан шығып, рапорт бердім. Полктың бұйрықты уақытында орындап, қыстақты алғанын айттым.

— Шығын жоқ па? — деді генерал.

— Азын-аулақ бар, жолдас генерал.

Комдив қабағын шытты.

— Бұл жауабыңыз маған ұнамайды, — деді ол. — Азын-аулақ емес, бір де жауынгерден айырылмауыңыз керек. Біз көрші ауылға тойға кетіп бара жатқанымыз жоқ жолдас капитан. Біз қалын жаудың ортасына кіріп ойран салуға кетіп барамыз. Қазір осы деревнядан ілгері аттағаннан кейін, жол тарта топырақ сүзген бульдозердің ізіндей болып, артымызда тар коридор пайда болады. Корпус біздің соңымыздан ілесе сол коридорға кіреді де өзге құрамалардың күшімен екі жақ бүйірімізді шегендеп отырады. Біздің міндетіміз корпусқа жол ашып, тоқтаусыз ілгерілей беру. Ол үшін бізге өз күшімізді сақтай білу керек. Өйткені бізге сырттан келіп қосылар бір де солдат болмайды.

— Кінәлімін, жолдас генерал, — дедім мен комдивтің орынды ұрысқанына өзге жауап таба алмай.

— Сіздің кінәңіз мынада, жолдас Момышұлы. Сіз жауды, жалынғандай боп, деревнядан қолынан бір-бірлеп жетектеп шығардыңыз. Сіз құтқарып қоя берген жау ертең алдыңыздан шығып, рақым жасайтындай көрдіңіз. Фашистерден бізге ешқандай рақым болмайды. Сондықтан оларды қоршап алып, құртып жіберуіңіз керек еді.

— Ақылымыздың жеткені осы болды, жолдас генерал. Мен жіберген бір топ әскер мына қалың қарда омбылап жаудың желкесіне шыққанша таң атып кетеді деп ойладым.

Генерал көзін шүйіре қалып, жау кеткен жаққа назар салды. Оның ойланғанда өстетіні де маған бұрыннан мәлім. Содан кейін сәл басын изеді де:

— Шығынсыз соғыс болмайды ғой, — деді. — Бірақ оның орынды, орынсыз деген екі түрі болады. Әрине, біз үшін соның екеуінің де болмағаны жақсы. Мен сондықтан айтып жатырмын. Мына қалың қарда қоршау қиын да болған шығар. Бірақ болашақта осы әдісті кен қолдануымыз керек, жауды қоршап алып құртып отыру қажет. Осы есіңізде болсын. Бүгінгі ұрысты өзіңізге бір сабақ деп қабылдаңыз. Келесі жолы содан қорытынды шығаратын болыңыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий