Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл міндет те, полктың алдына қойылған өзге міндеттер де абыроймен орындалды. Дивизия тұтас өз борышын абыроймен іске асырып, 1942 жылдың 14 февралінде оңтүстік жақтан орай шабуыл жасап келе жатқан Калинин майданы әскерлерінің 33-ші атқыштар дивизиясымен келіп қауышты. Міндет абыроймен орындалды деген сөз айтуға ғана оңай. Адамға абырой тыныштық күндерде тек термен, еңбекпен ғана келеді. Ал соғыста тер мен қан қоса төгіліп барып абыройға жетесің. Демек, бұл жорықта да солай болды, қарағым. Кептеген асыл азаматтар Отан үшін опат болды. «Абыроймен» деген сөзді сен осылай түсін, осылай түсіндір оқушыңа. Сонымен, үнемі 8-ші гвардиялық дивизияны алдына авангард етіп ұстаған генерал Лизюков бастаған біздің 2-ші гвардиялық корпус жау әскерлерінің Демьянск тобын қоршауға алған атақты жорығын аяқтап келіп, марттың аяқ жағында Холм қаласының түбінен ірге тепті. 1941 - 1942 жылдарда Совет Армиясының аса маңызды жиырма үш шайқасы болды. Оның тоғызыншысы 1941 жылғы октябрьдегі Москваның шалғай шебіндегі қорғаныс шайқасы, ал оныншысы 1941 жылғы ноябрь-декабрьдегі Москваның таяу шебіндегі қорғаныс шайқасы деп аталады. Ал соның он жетіншісі — совет әскерлерінің 1942 жылғы январь — апрельдегі Демянск шабуылы операциясы. Біздің дивизия осы жиырма үш шайқастың үшеуінің жуан ортасы емес, қасқа маңдайында болды. Алғашқы екі шайқасқа қатысқаны үшін Қызыл Ту орденімен наградталған дивизияға он жетінші шайқастағы ерлігі үшін Ленин ордені берілді. Алғашқы екі шайқаста оны генерал Панфилов басқарса, соңғы шайқасты генерал Чистяков бастады. Ал корпусымыздың командирі болған генерал А. И. Лизюков, кейіннен, Воронеж түбінде, танк армиясының қолбасшысы боп жүргенде қаза тапты.

Автор. Төлеген Тоқтаров пен Мәлік Ғабдуллинді Совет Одағының Батыры атағына ұсыну документтерін кім даярлап, кім қол қойды?

Бауыржан. Мен Генерал Панфиловтың сенімді серіктерінің бірі, біздің дивизиядағы қадірлі ақсақалымыз полковник Илья Васильевич Капровтың полкынан Москва түбіндегі ұрыстарда 29 Совет Одағының Батыры шыққан еді. Саяси жетекші Василий Георгиевич Клочков басқарған 4-ротадан шыққан 28 батыр және 6-ротаның саяси жетекшісі Петр Борисович Вихрев. Бұл да өзіміздің жерлесіміз, Алматы облысы Шелек ауданының тумасы болатын. Оларға Валдай-Холм жорығында осы екі батыр қосылды. Сөйтіп, бұл жаяу әскер дивизияларының ішіндегі батыр ең көп шыққан полктардың не бірі, не өзі болды. Менің 1075-полктегі ең соңғы қызметім осы екі азаматты Батыр атағына ұсынып, қол қойып, қағаздарын жоғарыға жөнелтумен тынды.

Автор. Өйткені Сіз 1942 жылы 23 февральда мынадай бұйрық алдыңыз ғой.

«1075-атқыштар полкы командирінің орынбасары капитан Б. Момышұлына

Осыны алысымен Сізге дивизия командирі 1073-ші полкты қабылдап, соның командирі қызметіне кірісуге бұйырды.

Штаб бастығы полковник (Серебряков)

Дивизия военкомы батальон комиссары (Фролов)

4-ші бөлімнің бастығы 2 рангалы интендант (Ревякин)

Бауыржан. Иә.

Автор. Мұндағы үшінші боп қол қойған интендант Ревякин Чистяковқа дейінгі комдивтеріңіз емес пе?

Бауыржан. Жоқ. Генерал-майор Василий Андреевич Ревякин Кремльдің және Москваның бұрынғы әскери коменданты болатын. Тегі әскери дипломат, соғыстың жайын білмейтін қала генералы еді. Сондықтан ол кісі біздің дивизияда 1941 жылдың 1 декабрінен 1942 жылдың 15 январына дейін ғана командир болды. Одан кейін басқа қызметке ауыстырылды.

ІХ

Автор. 8-ші гвардиялық дивизияның жау тылындағы сол атақты жорығын баяндай келіп, генерал Чистяковтың не деп жазғанын оқиын ба?

Бауыржан. Оқығын.

Автор. Генерал Чистяков былай деп жазады:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий