Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Өткенім жоқ, жолдас генерал.

— Оқасы жоқ, — деді генерал саусақтарымен үстелді тақылдатып, — Москва түбіндегі ұрыстар өз алдына өзгеше мектеп. — Осыдан кейін ол менің бетіме тіке қарады. Тікендей қадалатын немесе өңменіңнен өтетін көз емес, өң бойыңды рентген сәулесі сияқты, әлде бір жылы нұрмен жарқырата шолып өтетін өзгеше бір жұмсақ көзқарас екен. Кеудесінде жарқыраған Алтын Жұлдызы ол да жанға жылу таратқандай әсер етеді. — Жаңылмасам жаңа сіз «жігіттердің жігерімен» деген сөз айттыңыз-ау деймін. Генерал «жігіттердің» деген сөзді сәл бұзыңқырап айтты. — Тегі ол «жауынгер» деген сөздің баламасы болар деп ойлаймын.

— Дәл айттыңыз, жолдас генерал. Қазақша «жігіттер» дегеннің мағынасы орысша «жауынгерлер» деген сөз.

— Рақмет, жолдас майор. Онда мен қателеспеген екенмін. — Осылай деп сәл ойланып алды да, Лизюков сөзін әрі қарай жалғады. — Ал ешбір есепке көнбейтін, ешбір санаққа сыймайтын нәрсе адам жанының жігері ғой. Қиын-қыстау кезеңде бір солдаттың бойынан шыққан бір тамшы жігер мың солдатқа жол ашады. Ал мың солдаттың айтайық полктың жігері көл іспеттес, ал дивизияның жігері теңіз боп толқиды. Солдат жігерінен, шақпақтан ұшқын шашыратқандай етіп, жігер тудыратын кім? Командир ғой. Солай емес пе? —

Мен басымды изедім.

— Дәл солай, жолдас генерал, командир мен комиссар.

Лизюков жымиып басын изеді.

— Дұрыс айтасыз, мен командир дегенде, саяси қызметкер екеуін қосарлай есептеп отырмын. — Осыдан кейін генерал алғашқы ойын қайтадан жалғастырды. — Ал солдат жүрегі шақпақ. Бірақ шақпақ өзінен-өзі от бермейді, оны тұтату керек. Және де шақпақтың ұшқыны құрғақ білтеге түссе ғана тұтанады. Командир бір шақпақты ғана емес, жүз шақпақты, мың шақпақты, тіпті мыңдаған шақпақты тұтатуы тиіс. Ол үшін, ақыл, қайрат, адалдықтың үстіне, командирге қаншама жалын, шиыршық атқан ширақтық дамыл таппайтын мазасыздық жағдайға қарай жол таба білетін ой-өріс өте керек десеңізші!

Х

Генерал Лизюков осыларды айтып тоқтады да, кенеттен маған сұрақ қойды.

— Бастан кешкеніңізді баяндап қағазға түсіре аласыз ба?

— Қойын дәптерге түртіп жүргендерім бар, жолдас генерал, — дедім мен.

— Бұрын жазу жұмысымен айналысып көрген жоқ па едіңіз?

— Соғысқа дейін ептеп өлең жазатын едім...

— Өлең? — деп генерал мырс етті. Бұл менің соғысқа дейін өлең жазғанымды ұнатқаны, не ұнатпағаны екенін аңғара алмадым. Содан соң қасқа басын сәл шұлғып отырды да, сөзін қайтадан жалғады. — Соғысқа дейін өлең жазсаңыз, соғыстан кейін өнеге жазу керек болады, жолдас майор. «Өнеге» Деген сөзге екпін бере айтты. — Менің ойымды түсіндіңіз бе?

— Жобалап тұрмын, жолдас генерал.

— Жобаласаңыз солай! Соғыс — бүгін қисапсыз қан төгіп, шексіз шығын болғанымен, кейінгі сабақ. Бүгінгі өлшеусіз өлім — болашаққа өлмеудің өнегесі. Сонау Ақ теңізден анау Қара теңізге дейін қиян-кескі соғыс болып жатыр. Бұл өзі бір жағынан мол тәжірибе де. Дүние жүзі соғыс тарихында мұндай тәжірибе болған емес. Шегінісіміз де, қорғанысымыз да, шабуылымыз да тәжірибе, болашаққа қазына. Ендеше сол тәжірибенің бір дәнін жерде қалдырмай жинап алып, кейінгі ұрпақтың ризығына беру бұл соғысқа қатысқан үлкенді-кішілі командирлердің қасиетті парызы. Сіз жазатын адам болғандықтан осы есіңізде болсын деп жатырмын. Түсінікті ме Сізге?

— Түсінікті, жолдас генерал.

— Иван Михайлович, бұл әңгіменің Сізге де қатысы бар, — деді корпус командирі Чистяковке мойнын бұрып.

— Құп, жолдас генерал, — деді Чистяков, — Алдымен жауды жеңіп алайық содан соң жазу қашпас.

— Маған сұрағыңыз бар ма? — деді генерал Лизюков бетіме жылы жүзбен қарап.

— Сұрағым жоқ, жолдас генерал.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий