Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Оның бір бригадасының жолын жау кесіп тастап, байланыс болмай қалыпты. Соның алдындағы күндерде ісі сәтсіз болып, есі шығып жүрген Лизюков, үздік-создық болып арттан келе жатқан басқа бригаданың танктерін күтпестен, өзінің төл танкіне мінеді де, жалғыз КВ-мен жоғалған бригаданы іздеуге кетеді. Екі ме, үш пе километр жүріп, бір ормаңның шетіне тақай бергенде оның танкіне тасада тығылып тұрған неміс зеңбіректері снарядты жаудырып жібереді. Жалғыз башня атқышы ғана аман қалады — танктан шығып үлгіріп, қалың егіннің ішіне тығылады да, қираған танк ішінде қалған серіктерінің не күйге ұшырағанын өз көзімен көреді.

Оның айтуы бойынша фашистер танкті қоршап, өлгендердің, оның ішінде Лизюковтың да сүйегін сыртқа шығарады. Документке қарап, оның генерал екенін біледі...

Жұпыны айтылған бұл эпизодтан сол бір ашыныс күндеріне тән жалғыздық пен жан күйініші айқын аңғарылады».

Бауыржан. Сүйікті генералдың сүйегін жаудың қалай қорлағанын айтуға аузым бармай тұр еді. Симоновтың айтқанының бәрі шын. Фашистердің бұл соғыста көрсеткен айуандығын айтып жеткізу қиын ғой, қарағым. — Баукең қабағын қатты түйіп, даусын қатайтып алды. — Олар мыңдаған совет адамдарын тірідей көрге көмді. Ондаған мың жазықсыз жандарды газ пештерінде тұншықтырып өлтірді. Сан мың адамды тұтқын лагерлерінде аштан қырды. Миллиондаған ата-аналар, әйелдер, сәбилер, қарттар өмірде бірақ рет кездесетін ең асыл қазынасынан: ұл-қыздарынан, адал махаббатынан, әке-шешесінен, үрім-бұтағынан айрылып, қор боп еңіреніп, зар илеп қалды. Ақ, қара, сары шаштарын қалың ормандай жайып аңыраған аналардың ащы үндері дүниедегі ең азалы симфонияға айналып, қабат-қабат болып тарихтың қатпарына шөкті. Мұны ешқашан да ұмытуға болмайды! Ешқашан да! Понятно тебе?

Баукең соңғы сөздерді айтқанда қатты ақырып қалды. Мен селк ете түсіп, қағаздан басымды көтеріп алдым. Батырдың екі танауы қусырылып, түсі бұзылып кеткен екен. Мен сасқалақтап басымды қайта-қайта изей бердім. Біраздан кейін ол сабасына түсіп, иегін көтеріп, менің оң жағымдағы этажерканы нұсқады,

— Анау шеткері тұрған Вильгельм Адам дегеннің кітабын алшы, — деді содан соң. Мен орнымнан тұрып, ақ шүберекпен тысталған мұқабасында «Қиын шешім» деген жазуы бар кітапты алдым. — Соның қыстырма тұрған бетін ашшы. — Қайта орныма отырып, ашып қарасам, қыстырма кітаптың 370-бетінде тұр екен. Сондағы тараудың аты не?

— «Жеңімпаздармен жүздесу» делініпті, Бауке.

— Ендеше соны аяғына дейін дауыстап оқып шыққын. Бұл 6-шы герман армиясы полковнигінің мемуарлары. Андағы жерде Совет Армиясы Сталинградта қоршауға алған 6-шы армияның командашысы Паулюстің колға түскеннен кейінгі жай-күйі айтылады.

ІХ

Мен оқуға кірістім.

— Біз ағаш үйлердің бірінің алдына келіп тоқтадық. Менің көзім терезе жақтаулары мен шатыр маңдайшасындағы әсем оюларға түсті. Бізді алып келген совет генералы үйге кіріңдер деді. Ауыз үйде шинеліміз бен фуражкаларымызды шешкеннен кейін бізді үлкен бөлмеге енгізді. Бұдан кейінгі күніміз не болмақ? Паулюс, қоштасқан сияқты болып, Шмидтке және маған қолын берді. Дегенмен Геббельс насихаты сүйегімізге өзіміз ойлағаннан гөрі тереңірек сіңіп қалған екен.

Совет генералдарының бірі «Т» әрпі іспеттендіріліп қойылған үстелдердің төр жағынан орын алды: Оның 64-ші армияның командашысы М. С. Шумилов екенін сол арада білдік. Оның қасына бізді әкелген генерал — армия штабының бастығы И. А. Ласкин мен майор шеніндегі аудармашы орналасты. Бізге үстелдің ұзын жағындағы орындықтарды нұсқады. Оған дейін Шмидт маған:

— Өз басымызға қатысты жайлардан басқа ешқандай мәлімет бермеуіміз керек, — деп сыбырлады.

Маған мұндай сақтық жасау әрі артық, әрі қолайсыз сияқты боп көрінді.

Шумилов біздің командашамызға «Фон Паулюс» деп сөз бастай беріп еді, ол:

— Мен дворян емеспін, — деп тастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий