Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Онда жолыңыз болсын. Мен Сізге, Сіздей адамдарға әрқашанда тілектеспін. Табыстан табысқа жете беріңіз. Жаңағы айтқанды да ұмытпаңыз, — деп Лизюков арқамнан қақты.

Осы күнге дейін кейде орыс генералының сондағы өзіме мейірлене қарап тұрған келбеті көз алдыма келеді. Оның алақанының табы әлі күнге дейін арқамда тұрған сияқтанады.

Сөйтсем генерал Лизюковтың өзі де соғысқа дейін өлең жазған кісі екен. Әскери-әдеби еңбек жазумен де шұғылданыпты. Соғыс кезінің қиыншылығына қарамастан ол өз тәжірибесін қағазға да түсіріп жүріпті. Мұны мен артынан білдім. Содан бірнеше күннен кейін генерал А. И. Лизюковтың Әскери баспа шығарған кітапшасы қолыма тиді. Онда генералдың әскери барлау және шабуыл ұрыстары деген екі еңбегі жарияланған екен.

Автор. Чистяковпен бұдан кейін неше рет кездестіңіз?

Бауыржан. Бірнеше рет. Демьянск шайқасы аяқталғаннан кейін, 1942 жылдың апрелінде генерал Лизюков танк армиясына командашы болып кетті де, оның орнына 2-гвардиялық корпустың командирі болып генерал Чистяков тағайындалды. Ал генерал Лизюков сол жылдың июлінде Воронеж түбінде қайғылы қазаға ұшырады.

Автор. Константин Симоновтың «Дружба надодов» журналында жарияланған «Соғыстың әрқилы күндері» деген күнделігінде Лизюков деген фамилия екі-үш жерде айтылады. Осы сол Лизюков емес пе, Бауке?

Бауыржан. Сол. Александр Ильич Лизюков. Білгің келсе ол кісі туралы толығырақ айтып берейін.

Автор. Әрине.

Бауыржан. Соғыс — адамзат өмірінің улы трагедиясы. Соғыс — адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Соғыс — тірілердің тамұғы. Тозаққа айналған күндер еді ғой ол, қарағым. Александр Ильич Лизюков соғыстан бұрын Фрунзе атындағы әскери академияны бітірген, ауыр танктер бригадасының командирі болған, сол кездің өзінде-ақ Ленин орденімен наградталған көрнекті командирлердің бірі болатын. Соғыс басталған кезде демалыста жүрген Лизюков дереу әскери эшелонмен өз құрамасы тұрған Ленинск қаласына қарай сапар шегеді. Эшелон Борисов қаласына жеткенде ар жақтан немістер келіп қалады. Осы арада полковник Лизюков офицерлерді ұйымдастырып, әскер құрап, Борисов қаласын қорғау ісін ұйымдастырады. Жоқтан бар, бардан батыр жасайды. Сөйтіп ол бір топ 26 июньнен 8 июльге дейін жауды бөгеп, қалаға кіргізбейді. Шегініп келе жатқан Қызыл Армия бөлімдерін өткізбеу үшін немістер Борисовтың іргесіндегі Березина өзеніне салған көпірді бірнеше рет бомбалайды. Лизюков қарамағындағы адамдарға ол көпірді қайта-қайта қалпына келтіртіп, ақыры біздің әскерлерді бері қарай өткізіп алады. Осы еңбегі үшін Лизюков Отан соғысында ең алғаш ер атанғандардың бірі болып, Совет Одағының Батыры атағын алады.

Содан кейін Лизюков Москвалық І-ші мотоатқыштар дивизиясының командирі болып, октябрь-ноябрь ұрыстарында Москваны жаудан Нарфоминск жағынан қорғасты. Осы еңбегі үшін ол дивизия совет гвардиясы атағын алған сегіз құраманың бірі болды. Сегізіншісі біздің Дивизия еді. Лизюков пен Панфилов ең алғашқы гвардияшы комдивтер еді. Әкеңмен құрдас, теңдес адамды өзіңнен өзің жақын тартып, жақсы көретінің болмаушы ма еді. Лизюковты біз осы жағынан да жүрегімізге жақын тартатын едік. Осыдан кейін Лизюков корпус командирлігіне жоғарылатылды да, одан армия командашылығына кетті...

Осылай деп Баукең бөгеліп қалды.

Автор. Симоновтың күнделігінен сол генералдың өлімі жайында оқығанда төбе шашым тік тұрып, көңілімді аяныш бір мұң кернеді, Бауке. Сол жерін оқып берейін, тыңдайсыз ба?

Бауыржан. Оқығын.

Автор. Күнделіктің «42 жыл» деген бөлімінің бесінші тарауында былай деп жазылған:

«Ол жақтан (алғы шептен) майдан штабына қайтып келісімен-ақ мен байланыс офицерімен Лизюковке барамын деп келіскеннен кейінгі бірнеше сағаттан соң Лизюковтың опат болғанын білдім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий