Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Совет генералы оған шүбәмен көз тастады. Шені жайындағы сұраққа Паулюс «генерал-фельдмаршал» деп жауап бергенде, ол шүбә одан сайын күшейе түсті. Паулюс омырау қалтасынан солдат кінешкесін алып, совет армия командашасына ұсынды. Ол аудармашымен өзара ақылдасты да, «жақсы» деп қысқа жауап берді.

Генерал Шумилов одан кейінгі әңгіменің орайында Паулюстің «солтүстік қоршауға» да тізе бұғу туралы бұйрық беруін ұсынды. Паулюс бас тартты, ол қоршаудың Гитлерге тікелей бағынатынын тілге тиек етті.

Ойпырай, енді не болар екен деп ойладым мен. Өйткені біздің насихатымыз орыстар айтқан талабын орындамағанның бәрін де қинауға салады деп бізді мүлде сендіріп тастаған ғой. Мен Совет Армия командашысына үрейлене көз тіктім. Шумилов сабырлы күйде, іскерлікпен сөз сабақтап отырды. Ештеңе де болған жоқ. Мен іштей осы таңғажайып қорытындыға келіп үлгіргенше, генерал орнынан тұрды. Майор оның соңғы сөздерін аударып жеткізді.

Фельдмаршалға айтыңыз, мен қазір оның тамақтанып алуын сұраймын, содан соң ол майдан штабына барады.

Шын айта ма? Совет солдаттары біздің шинелімізді киюімізге көмектесті. Біз толқып есік алдына шықтық. Басына милықты тері бас киім киген Шумилов бізді сыртта күтіп тұр екен. Ол соңымнан ілесіңдер деген белгі жасап, көшенің арғы жағына қарай беттеді. Шынымен біткеніміз бе? Мен жан-жағыма көз тастадым. Жазалау командасы көрінбейді. Әлде ол анау, генерал беттеп бара жатқан ағаш үйдің ар жағында тұр ма екен?

(Тіпті де олай емес. Шумилов сенектің есігін ашты, онда бір қартаң әйел қызмет етіп жүр екен. Орындықтардың үстіне ішіне ыстық су құйылған легендер қойылыпты. Әр легеннің қасында біз көрмегелі көп уақыт болған бір-бір кесек нағыз сабын тұр. Жас қыз әрқайсымызға бір-бір ақ орамал берді. Жуыну — жан рақаты болды. Көп күндер бойы біз еріген қар суымен беті қолымыздың кірін әрең жібітіп жүрген едік.

Содан кейін бізді көрші бөлмеге кіруге шақырды. Онда үстіне неше алуан тағам қойылған үстел тұр екен. Шумиловтың шақыруы бойынша Паулюспен және Шмидтпен бірге үстел басына келіп отырғанда мен өз-өзімнен ұялдым. Большевиктерді қан ішер деп қалай алдаған десеңші бізді! Соған сенген біз қандай аңқау болғанбыз! Мен әскери тұтқын ретінде біздің армияның штабынан өткен Қызыл Армияның бірнеше генералы туралы ойладым. Олармен дұшпан жөнінде мәлімет жинауға жауапкер барлау бөлімінің бастығы ғана істес болды. Біз, штаб офицерлері оларға бір ауыз сөз айтуды өзімізге ар көрдік. Тылғa жөнелтілер алдында ғана оларға жорық қазанынан бір тойым ас берілді.

Тегі Шмидтке бізді жеңіп қолға түсірген совет армия командашасының бұл серілік мінез-құлқы ешқандай әсер етпеген болуы керек. Ол маған былай деп сыбырлады:

— Ішімдік ұсынса ішпеу керек: бізге у берулері мүмкін, — деді.

Бұл әрі жеркенішті, әрі зығырданыңды қайнататын қамқорлық еді. Мен Шмидтке көзіммен соны сездірдім. Егер оның сөзін генерал Шумилов ұғып қалса не болатын еді. Дәл сол кезде Шумилов былай деді:

— Егер біз сіздермен басқа жағдайда таныссақ, егер мен сіздерді бұл жерде әскери тұтқын есебінде емес, қонақ ретінде құрметтеген болсам, маған әлдеқайда ұнамды болар еді.

Осылай деп ол бәрімізге бір бөтелкеден арақ құйды. Генерал өзімен бірге біздің жеңімпаз Қызыл Армия үшін ішуімізді өтінді. Оған жауап орнына біз қозғалмастан отырып қалдық. Аудармашы оған ақырын бірнеше сөз айтқаннан кейін, Шумилов жымиды да:

— Мен сіздерді жәбірлейін деген жоқ едім. Сталинград үшін шайқасқан екі ер қарсыластар үшін ішейік! — деді.

Бұдан кейін Паулюс те, Шмидт те, мен де рюмкамызды көтердік. Аш қарынға ішкен арақ лезде әсер ете бастады. Менің сәл-пәл басым айналды. Бірақ бутербродтан бірнеше үзіп жегеннен кейін басымның айналғаны тоқтады. Паулюс пен Шмидт те тамаққа бас қойды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий