Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Генерал Шумиловпен біз бір сағаттан аса отырдық. Мен көрген, естігендерімнің бәрін есіме сақтауға тырыстым. Майор таза неміс тілінде сөйлеп отырды. Совет адамдарының гитлерлік системаны неміс халқынан жақсы ажырата білетінін мен бірінші рет естідім. Совет офицерлері бізді, арада болған оқиғаларға қарамастан, совет адамдарының неміс жұмысшылары мен неміс ғалымдарына деген үмітін үзбегеніне сендірді. Сонымен бірге олар көптеген немістердің Оларды Гитлердің өз мақсатына пайдалануына мүмкіндік бергеніне өкінетіндерін айтты. Паулюс жаралы, ауру және өлімші боп қалған неміс солдаттарына көмек көрсетуді етінді, совет армия командашасы қолдан келгеннің бәрін істеуге уәде етті, ол біздің тікелей өз міндетіміз деді.

— Сіздің тағы да басқа тілектеріңіз жоқ па, фельдмаршал мырза, — деді Шумилов жүрер алдында. Паулюс сәл ойланды да:

— Адъютантым полковник Адамды менің қасымда қалдыруды өтінер едім, — деді.

Генерал Шумилов офицерлерінің біріне бұйрық берді, ол лып етіп бөлмеден шығып кетті. Осыдан кейін ол орнынан тұрып, бізді жол жүруге әзір тұрған машиналарға ертіп әкелді. Ол бәрімізге қол беріп қоштасты да, Паулюске:

— Сіздің тілегіңіз орындалады, — деді.

Автомашиналар орнынан қозғала бергенде, ол жол шетінде тұрып, бізге честь берді. Бұл шынында да нағыз сері қарсылас еді.

Автор. Бұл тарау бітті, Бауке.

Бауыржан. Мінеки, Совет Армиясының гуманизмін кешегі дұшпандарымыздың өздері де мойындаған. Гуманизмнен жұрдай гитлерлік қарақшы, жауыз армия тоз-тоз боп құрыды. Дүние жүзінде Совет Армиясындай гуманист армия жоқ. — Баукең осылай бір тоқтады. Содан кейін менің қолымдағы беті ашық қалған кітапқа назар аударды да, сөзін ары қарай жалғады. — Бұл кітаптың авторы полковник Адам Паулюс армиясының штабында оперативтік бөлімнің бастығы болған. Ал генерал-лейтенант Шмидт сол армияның штаб бастығы. Бұларға және басқа тұтқынға түскен неміс генералдарына Совет Одағында жақсы жағдай жасалды. Соғыс біткеннен кейін олардың бәрі аман-есен еліне қайтты. Вильгельм Адам ГДР-да министр болды. Содан кейін ұзақ жылдар республиканың қарулы күштерінде қызмет етті. Қартайғаннан кейін отставкаға шығып, осы кітапты жазды. Ал Паулюс еліне барып, соғыс біткеннен он екі жыл кейін өз ажалынан қайтыс болды. — Осыдан кейін Баукең бір ойдан екінші ойға аттап түскендей боп, сәл бөгелді де, сөзін жалғады. — Әрине, адамның өлді дегеніне сенесің. Бірақ өлгенін, табытта жатқан өлі денесін өз көзіңмен көрмеген адамдарың көңіліне тірі күйінде елестейді екен. Қадірлі генералдарым Панфилов пен Лизюков маған солай көрінеді. Тірі болса олар да Отанға адал қызмет етіп, Отандық әскери ғылымға талай тамаша еңбектер қосқан болар еді деп ойлаймын.

СЕГІЗІНШІ ДИАЛОГ

І

Автор. Енді қырық екінші жылдың жазына келеміз бе, Бауке?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий