Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Неғыл дейін мен? Генерал мен ақынның сенің өр тұлғаңды суреттеген сөзі мен жырын мақтаныш етемін мен! Сондықтан да оны, жерден жеті қоян тапқандай болып, қуана айтып отырмын саған. Немене, мұртың едірейіп соншама шұқшия қалдың маған?

Әрине, Баукеңе мен бұл сөздерді айтқаным жоқ. Айтпайтыным ол өзін мақтағанды ұнатпайды. Ал өзге кейбір жолдастарды мақтаған аузыңнан титтей сөз шықса-ақ болды, олар сені тоқтатып қойып, өздерін өздері мақтай жөнелгенде сен аңырайып аузыңды ашасың да қаласың... Баукең олай емес. Өзін мактай бастасаң ол сенің сөзіңді естімеген кісі сияқтанып, түсін суытып үнсіз қалады. Сенің айтқанының шын-өтірігін сараптап, сынап отырған сияқтанады. Содан кейін: «Тит-та-тит-та-ти-тата!» деп басын бір жағына қарай бұрып кеп жібереді. Онысы саған: «От-та-от-та-от-тай бер» деген сияқты боп сезіледі де, сен шайнамай жұтқан астай ғып, мақтау сөзіңді кілт тоқтатуға мәжбүр боласың.

Чистяковтың сөзін алғаш оқи бастағанымда Баукең көңілді сияқты еді. «Мен ол кезде жас болғанмын» деп арасында әзіл де айтып қалды. Сол ыңғаймен мен де генералдың сөзін аяқтап, Баукеңнің бетіне көңілдене қарағанымда: «Мұны неғыл дейсің?» деп ол бірден гүр ете қалды. Осы кезде менің көз алдыма тағы да арыстан елестеп кетті. Цирктың аренасына шыққан арыстан алғашқы екі-үш номерді бұлжытпай орындайды. Арыстанның «тіл алғыштығына» үйретуші де, көрерменде де қуанып, көңілденіп қалады. Сөйтіп жүргенде аң патшасы кенет арс ете түсіп, келесі номерлерді орындаудан бастартады. Үйретуші ұзын таяғын сермеп, арыстанды ырқына көндіре алмай әлек боп қалады. Арыстан таяқты тістелеп ырылдағанда зал толы жұрттың төбе құйқасы шымырлап, иманы қасым болады. Ол бірақ ырғып барып анау таяғын шошаңдатқан үйретуші сорлының парша-паршасын шығармаса игі еді деп зәресі кетеді. Мен Бауыржанның қасында отырғанда бірнеше рет осындай сезімде болдым — арыстанмен бір клетканың ішінде бетпе-бет қалған үйретуші іспеттендім. Үйретушінің әртүрлі әдіс-айла, қару-құралдары бар шығар. Менде ол жоқ қой... Бауыржанның арыстандікіндей тісі мен тырнағы жоқ екенін, тіпті оның арыстан емес екенін біле тұрсам да, ол гүр етіп бетіме қарап, жалт-жұлт еткен көзі мен жыбырлаған мұртына көзім түскенде сасқалақтап өзімнің адамның үйінде немесе арыстанның клеткасында тұрғанымды аңғара алмай қалған әлденеше сәттерім болды. Мұны мен қыздырманың қызыл сөзі үшін айтып отырғаным жоқ. Бауыржанды барлық адам баласынан өзгеше жаралған жан етіп көрсету ниетінен де аулақпын. Мұны мен әңгімелесуші екі адамның арасындағы психологиялық байланысты көрсету үшін ғана айтып отырмын.

Сөйтіп, жаңа ғана әзіл айтқан Баукеңнің мен үш-төрт абзацты оқып шыққанша өзгере қалғанын білгеннен кейін, өзім де көңілді күйден ауысып, бірден салмақты бола қалдым.

ІІ

Автор. Генерал Чистяковпен Сіздің алғаш қалай танысқаныңызды сұрайын деп едім. Және өзіңіздің Қиыр Шығыс әңгімесін кейін толық етіп баяндап беремін деген уәдеңіз де бар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий