Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұдан кейін Гундилович, Трофимов, Жетпісбаев Төлеген туралы менің жазбаларыма қосымша деректер берді.

Бауыржан менің дәптерімді сұрап алып, Төлегеннің комсомол билетін соның ішіне салды да:

— Рақмет бәрлеріңізге, — деді бізге қарап. — Есіл азаматтардың ерлік тарихын есте сақтағандарыңыз үшін ертеңгі ұрпақ сіздерге разы болуға тиіс.

Содан соң Бауыржан маған бұрылды да:

— Осының бәрін қалдырмай қағазға жазып жүргенін үшін саған көп рахмет, Мәлік, — деді. Ол сәтте мен Бауыржанның бұл сөзіне мән бергенім жоқ. Бірнеше күн бел шешпестен ұрыста жүріп қалжыраған басым жылы жерге келгеннен кейін маужырап, ұйқым келіп өліп отыр едім. — Енді сен ауыз бөлмеге, Синченконың қарамағына бара тұр. Мына жолдастармен сөйлесетін тағы бір сөзіміз бар.

— Е, жарайды, — деп тонымды сүйретіп төргі бөлмеден шықтым.

Ауыз бөлмеде Бауыржанның атқосшысы. Николай Синченко үстел жасап, бес кісіге дәм әзірлеп отыр екен. Ұйқы қысып келе жатқан мен еденге жантая кетіп едім, Синченко иығымнан жұлқылады.

— Жолдас политрук, сағат қазір 00.30 — Совет Армиясы мейрамының күні басталды. Басыңызды көтеріп, үстелден дәм татыңыз, жүз грамм жұтып жіберіңіз. Жолдас капитан маған сіздерге дәм татырып жібер деп бұйырған.

Ұйқылы көзіммен Синченконың айтқанын орындадым да, қайтадан жантайып, лезде қор ете түстім..

Бір кезде мені жұлқылап оятып жатыр.

— Мәлік, тұр, кетеміз, — дейді.

Сағатыма қарасам 2.30 болыпты. Гундилович, Трофимов, Жетпісбаев, Соловьев төртеуі Синченконың дастарқанын жайғастырып жіберіпті.

Бауыржан ішкі бөлмеде жалғыз қалды. Бесеуіміз далаға шықтық. Балтабек бізбен қош айтысты да, жатқан үйіне қарай бұрылып кетті. Қалған төртеуіміз қараңғы түнді үңгіп, шыны қарды шықырлатып, өз бөлімімізге қарай бет түзедік.

— Мәлік, — деді Гундилович жолда келе жатып, — капитан бізден жаңағы Төлеген жайын сұрағандай етіп, сен туралы да көп деректер сұрап алды. Біз сенің Ново-Свинухово, Бородино үшін болған ұрыстардағы ерлігіңді айттық. Жетпісбаев өткен октябрь, ноябрь ұрыстарындағы еңбегіңді де қалдырған жоқ...

23 февраль күні күндіз, түс кезінде, қалың ағаш ішіндегі алаңға әрбір батальоннан топ-топ жауынгерлер келе бастады. Бұлар өткен шабуылдарда ерекше ерліктер жасағаны үшін үкімет наградасына ұсынылған командирлер мен жауынгерлер еді. Бүгін — Совет Армиясының 24 жасқа толған ұлы мейрамы күні оларға ордендер мен медальдер тапсырылмақ. Орман ішіндегі алаңға сол үшін жиналып жатырмыз.

Біз кезде Капров, Мұхамедияров, Момышұлы тағы басқа командирлер келді. Полковник Капров бізді Совет Армиясының күнімен құттықтады. Командованиенің тапсырмасын ойдағыдай орындағаны үшін осы жиналған жігіттердің тегіс наградталғанын айтып, оларға ордендер мен медальдер тапсырды.

Рамазан Елебаев, Александр Соловьев, Балтабек Жетпісбаев, Павел Гундилович, автоматшылардан Жұмажан Батталов, Іңкарбала Иманбеков т. т. Қызыл Ту орденін алды. Автоматшы Төлеген Тоқтаров пен автоматшылар ротасының политругі Мәлік Ғабдуллиннің Совет Одағының Батыры атағына ұсынылғаны жарияланды...

Неге қуанбаймын! Қуанышымда шек болған жоқ, әрине. Енді тезірек Указ шықса екен деп алабұрттым. Алғашында Указ шыққанша мұны ешкімге айтпайын, елдегі ағайын, достар газеттен оқып, бірақ білсін деп те ойладым.

Бірақ айтпауға.. дәтім шыдамады, ішіме сыймады. Біраз күн тістей қатып, шыдап жүрдім де, ақыры алғашқы хатты Алматыға жолдадым. Сол күні күндіз ротаның саяси жетекшісінен жоғарылап, батальон комиссары боп тағайындалған едім. Бір жағынан бұл да бір қосалқы қуаныш боп, жанымды түрткілесе керек.

Ақыры не керек, түнде, жер төленің ортасына жағылған оттың басында отырып, жүрек жарған жаңалығымды былай деп ақылшы аға, асыл ұстазым Мұхтар Әуезовке жолдадым:

Қымбатты МҰХА!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий